|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

Шарқи Түркістан уақытша респубиликасының бірбөлім әскери адамдары

 

 

46089055_1235689256594659_4159898215287619584_n

 

Шарқи Түркістан уақытша респубиликасының бірбөлім әскери адамдары.

 

Нүсіпқан Көнбай, Зунун Тайпов, Фотий Иваонвич Лескин, Сопаxун Сувров, Маргуп Исқақов, Бәделқан Сүгірбаев, тағы кімдерді таныдыңыз? Екі әскери адамның қол ишараты не мағына білдіреді?

46012985_1235691879927730_1355543123735871488_nШарқи Түркістан уақытша үкіметінің Құлжа қаласындағы кезекті құрылтайы.

Құрылтайға Алтай (төменгі Алтай), Тарбағатай уалаятының делегаттары да келіп қатысқан.

Тариxи суретте А.Қасми, Әкімбек Қожа, Дәлелқан Сүгірбаев, Басбай Бапин, Ысқақбек Мононов, Әбілқайыр Төре, Шәмси Мәмиұлы, Әнуар Жакулин, тағы басқа кімдерді таныдыңыздар?

46405199_1237375823092669_1398678588391161856_n 46409600_1237375769759341_5021203964620701696_nГенерал Дәлелқан Сүгірбаев туралы сирек құжаттардың (куәлік) бірі.
Куәлікте “Шыңжаң” деп жазылған (1948). Шарқи үкіметі мен Нан Кин үкіметі келіссөз өткізген соң Шарқи Түркістан атауы орнына Шыңжаң атауы қайта жаңғыртылды. Алтай, Тарбағатай, Іле уалаятында құрылған уақытша Шарқи Түркістан үкіметі күшін жойып орнына “Үш Аймақ Үкіметі” орнады және Үрімжімен коалецсиялық келсімге келді. Сол уақытта шыққан құжат.

Шарқи Түркістан Жұмғұриты Бірінчі Деулет Харби Зайомы, 1945 46426393_1237319806431604_2383929448845017088_n

Шарқи Түркістан Респубиликасы Бірінші Мемлекет(тік) Әскери Зайомы, 194546381731_1237313413098910_9046024234383441920_n

Сонымен қатар Мұңғолша жазуы да бар. Зайом қағазына Іле уалаятындағы қазақ ұлт-азаттық төңкерісін бейнелейтін символды көріністі басқан.

Екінші сурет, Баж Маркысы (салық маркасы)

46275246_1237334349763483_1959370157813923840_n

Жаң Жыжұң-ның (张治中) Құлжаға келуі атты сурет. 1946-жылы тамыз айында келген. Жаң-ның алдында әскери сәлем беріп тұрған жауынгер Іле уалаяты қазақ төңкерісшілері екені ап-анық (бас киімінен танисыз).

Жаң сексенге келіп 69-жылы Пекинде қайтыс болған. Бұл тұлғаның “шарқи түркістан мәселесіне” қатысты стратегиялық тактикасын жақсы зерттемей тұрып Шарқи Түркістан үкіметінің қытайдағы ақиқатын ашам деу өте қиын. Жалпы, білікті саясаткер, стратег болған. Мәскеудің Шыңжаңдағы саяси ойынына қарсы қытай мүддесі тұрғысынан сауатты ойыншы болды. Оның Пекинге (北京), Мәскеуге, Нан Кин (南京) мен Чун Чиньге (重庆) жолдаған жеделxаттары, естеліктері және саяси стратегиялық тактикалары 40-жылдардағы Шыңжаң тариxы үшін тың көзғарас орнатуға түрткі болары анық.

46145209_1235681226595462_1844343662247411712_n

Шамамен 1950-жылдар, Үрімжі не Қолжада түсірілген.

Нүсіпқан Көнбай, Зунун Тайпов, Фотий Иванович Лескин және Маргуп Исқақов, тағы басқа кімдерді таныдыңыздар?

Тарбағатай уалаяты Шәуешек қаласындағы Дубек Шалғынбаевті суға тұншықтырып өлтіру оқиғасынан соң (әдебиеттерде бұны айтпайды) Тарбағатай уалаяты атынан Сейфутдин Әзезидің саясаттағы тасы бірден өрге домалады. Әсіресе, А.Қасми, Д.Сүгірбаев, Ә.Аббасовтардың “ұшақ оқиғасынан” соң ол Шыңжаң өлкелік үкіметі, Үш Аймақ үкіметі атынан Пекинмен тіке сөйлесетін санаулы адамның бірі болды. А.Қасми, Д.Сүгірбаев, Ә.Аббасов Пекинге бара алмай қалған соң орнына осы барды. Пекинде “шыңжаңның негізгі мәселелері” осы кісінің аузынан тыңдалды. А.Қасми, Д.Сүгірбаев, Ә.Аббасовтардың “ұшақ опатын” өлкелік үкіметтен бұрын совет агенті арқылы күні бұртын біліп қойғанына қарағанда оңай адам емес. Оқыған өлкесі Ташкендегі Орталық Азия университеті. Пекиндегі Мао Зейдуң-ның “Сейфутдин Әзез мырза тұрғанда ешқашан Шыңжаң мәселесінен алаңдамаймын” деуінің себебі бар. Бұл кісі, Шарқи Түркістанның ішкі азаматтық соғысын бастықтырған тұлғаның бірі (Манас, Іле оқиғасы, тб); Шарқи Түркістанның А.Қасми, Д.Сүгірбаев, Ә.Аббасовтан кейінгі кадр алмасуларында советтік факторды Пекинге барынша жуасытып берді; Қазақтардың жеке автономия болып бөлініп шығуына тосқауыл болды; Қазақ автономиясының тұтас түстікте құру жоспарын болдырмады; Советшіл қазақ ұлтшылдарын жаныштады (көбі, 55-62 жж совет асты); тб46299385_1237488029748115_2230271977308815360_n

Арғы тегі Атұштық болғандықтан қытай стратегтері билік басына Атұштық вариянтты қою арқылы Қашқар, Хотан, Ақсу және Құлжа бақталастығын бастықтырды. Шыңжаңдағы Ұйғыр зиялыларын шаршалауда қытайдың оң жамбасына келді. Дейтұрғанымен де Сейфутдин мен Шыңжаңдағы қазақ-ұйғыр зиялылары бірлесе алған тұстары да көрініс беріп жатты. Сол арқылы орталық биліктің Шыңжаңға жіберген қытай кадрларына бағынбайтын, сөзін тыңдамайтын дәуір кезеңі болды. Бірақ, ұзаққа бармады…

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: