|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

“Жаңа Өмір” газеті… Қазақ тарихына қатысты деректер

70141747_1464886077008308_3735464285761961984_nEldes Orda

“Жаңа Өмір” (Yiñi Hayat) деген атпен Қашқар қаласында шығып тұрған бұл газетте Шыңжаңдағы Қазақ тарихына қатысты деректер кездеседі. Бұның бір нұсқасын сіздерге ұсынбақшымын.

Мингоның 25-жылы 14-қыркүйектегі яғни 1936-жылдың 14-қыркүйектегі (184) 8-санында Шыңжаң Қазақтары туралы мынадай хабар басылған:

“Үрімжіде Қазақ-Қырғыз Құрылтай Мәжілісі Ашылып 16 Күнде Тамам Болды”

Мақалада осы оқиғалар өрбиді. Тарихи деректерде бұл құрылтай 1935-жылы тұңғыш мәжілісін ашқан. Мәжіліске Алтай, Тарбағатай, Іле және бұрынғы Үрімжі аймағына қарасты 12 ауданнан сосын Қашқар уалаятындағы Қырғыздармен қосылып ұзын ырғасы 300 дей делегат қатысқан. Құрлытай қарары өлкелік үкімет губернаторы Шың Шысайдың саясаты бойынша Қазақ-Қарғыз Мәдени, Ағарту Ұйшымасын жариялайды. Ұйшымаға Сейітқазы Нұртаев төраға болады. Сол жылдың күзінде Әбеу Құддыш бастатқан делегация Сейітқазы Нұртаевпен бірге Құлжада кіші құрылтай ашып, Құлжада “Іле Аймақтық Қазақ-Қырғыз Мәдени, Ағарту Ұйшымасын” құрады. Бұл ұйымның төрағасы Мақсұт Сасанов, орынбасары Жабықпай Бұлғыншы болады. Іленің қазақ байларын аттанысқа келтіріп 3000 қойға Құлжаның ең сәулетті қызыл ғимыратын сатып алып, оны Қазақ-Қырғыз ұйымының аймақтағы бас штабына айналдырады. Сейітқазы бастаған Өлкелік Қазақ-Қырғыз Ұйымының делегациясы сол жылдың күзінде Шәуешекте және Алтай қаласында арт-артынан кіші құрылтай ашып аймақтық ұйымның төрағаларын сайлайды. Шәуешектегі “Тарбағатай Аймақтық Қазақ-Қырғыз Ұйшымасының” төрағасы Мұқаметқали Көксегенұлы болады. Сарсүмбе қаласындағы “Алтай Аймақтық Қазақ-Қырғыз Ұйшымасының” төрағасы Мәнкей Мәмиұлы болды. Бұл оқиғалар Шыңжаңдағы Қазақ тарихының ең елеулі, жаңа тарихи кезеңінің ең бетбұрыс мезгілі еді. Өлкелік Қазақ-Қарғыз Ұйшымасының төрағалары деректерге сүйенсек былай болған:

1935-1939 аралығында Сейітқазы Нұртаев

1939-1941 аралыңында Мақмет Шөкеманов

1941-1942 аралығында Дәулеткелді Құспекұлы

1942-1944 аралығында Ақат Қондықазақов

1944′тен жабылғанға дейін Сәліс Әміре

Қазақ-Қырғыз ұйымына қатысты сирек суреттер мен таңбалы құжаттарды реті келсе кейін жариялайын. Ұйымның нақты қандай жұмыс істегенін тәптіштеп жинап шықтым.

1931-1933 жылдар арасында Шыңжаң Қазақтарында екі түрлі саяси таңдау болды. Олардың бір бөлігі Елісқан Әліппен бірге саяси таңдауын жасап, Дұңғандардың әскери, саяси элитасы (қытай деректерінде 西北三马) арқылы Шыңжаң өлкелік үкіметінің легитимсіз төрағасы Шың Шысайды аударып тастау еді. Бұл таңдауды жасаған қазақтар Гансу, Цинхайға аууып кетті. Ұзын ырғасы 3000 түтін.

Екінші таңдауды жасағандар, Совет күші арқылы Шың Шысай үкіметін мойындау және үкімет құрамында кірісе жүріп мәдени, ағарту жұмыстарымен айналысу. Бұл таңдаудың басында Баймолда Қареке, Шәріпқан Көгедай және Әбеу Құддыш бастаған зиялы элита тұрды. Қазақ пен Қырғыздың жаңа буын саяси элитасы Үрімжіге шоғырланды. Өлкелік Қазақ-Қырғыз ұйымының 12 бөлмелі бас штабы бұл элитаның шоғырына, бұрқырап қайнаған ошағына айналды.

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: