|  | 

Шоу-бизнис

Мейрамхана қойжайындары тойға тапсырыс ақшасын қайтармай жатыр

Елде коронавирустың өршуіне байланысты той өткізуге тыйым салынды

Тапсырыс берушілер тойханаларға алдын ала төлеген ақшаларын қайтара алмай жатыр, деп  хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі. Тұрғындар көрсетілмеген қызмет үшін ақша ұстап қалған тойхана қожайындарының әрекетіне наразы.

«Алматыдағы  Astana Plaza мейрамханасына наурыздың 23-і күні тұсаукесер той жасаймыз деп дайындалдық. Қонақтарды да шақырып қойған едік. Мейрамхананың әкімшілігіне алдын ала ақша төледік.  Бірақ төтенше жағдайға байланысты той өтпейтін болды. Жағдайды түсіндіріп  айтып едік, ақшамызды толық қайтармады. Бастапқыда барлық ақшаны қайтармаймыз деген, кейін елу  мың теңгемізді ұстап  қалды», – деп шағымданды өзін Сәуле Мұқанова деп таныстырған алматылық  тұрғын.

Қанат Кигізбаев есімді азамат анасының 80 жылдық мерейтойын 4 сәуір күні атап өтпек болған. Алыс-жақыннан келетін 220 адамның басын қосуды жоспарлаған жігіт Президенттің қаулысынан кейін ойынан еріксіз айнып, тойды кейінге шегеруге мәжбүр болады. Бірақ тойхана әкімшілігі алдын ала кепілге төленген  300 мың теңгені «Біздің кінәміз жоқ» деп қайтармаған.

Табыстан асабалар да қағылып жатыр. Он жылдан бері асаба болып жүрген Айбек Нұрқасымның сөзінше, наурыз – той айы.  Оның сөзіне сенсек, аптасына кемі екі той жүргізеді. Бірақ қауіпті індеттің таралуы той жасайтын адамдардың көңілін су сепкендей басқан.

«Тойға жалғыз бармаймыз. Әнші-бишілер де болады. Шоу көрсетіледі. Бір тойға кемі  150 мың теңге ақы аламын. Бірақ барлық той тоқтап жатыр. Қысқасы, вирус табысымызға да, халықтың көңіл күйіне де теріс әсер етті. Ел аман болса, той табылады. Мына қауіптен аман құтылсақ болды ғой», -дейді осы айда жарты миллион теңге табыстан қағылған Айбек Нұрқасым.

Ал мейрамхана иелері болса алдын ала төлеген ақшаның толық қайтарылмауын азық-түліктің сатып алынуымен түсіндірді. Жыл бойы той өткізетін орталықтар жағдайларының  күрт «қиындап» кеткенін айтады.

«Наурыз айында той көп еді. Біздің мейрамханада 15 шақты той өтуі керек болған. Тойға тапсырыс бергендер карантиннен кейін той өткізуден бас тартып жатыр. Азпазшылар, даяшылар, техникалық қызметкерлердің бәрін қосқанда, 20-дан астам адам жұмыс істейді. Мейрамханалар кірісті тойдан табады ғой. Енді міне, нөл болып отырмыз. Бәрінің несиесі бар. Той иелерінің ақшасын қайтаруға тырысамыз, қаншама азық-түлік алып қойған едік. Үкімет өтемақы жағын қарастырса», – дейді Astana Plaza мейрамханасының әкімшісі Маржан Әріпова.

Ал жағдайымыз қиын деген Қазақстан қонақүйлері және мейрамханалары қауымдастығы көмек сұрап, Үкіметке арнайы хат жолдады. Қауымдастықтың президенті Рашида Шайкенова қол қойған хатта бизнестің бұл түрін субсидиялауды сұраған. Сондай-ақ, қонақүйлерді жылдың аяғына дейін салықтан босатып, несиелік өсімпұлдарды алып тастауды және коммуналдық төлемдердің тарифін төмендетуді де талап еткен.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: