|  |  | 

Көз қарас Саясат

Елдес ОРДА:орталық азияның өңірлік қауіпсіздік мәселесі(Шағын сараптама)

“sohu” сайтына шыққан мақаланы да, тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлы ағамыздың соған байланысты жазған сын-пікірін де оқып шықтым. Тарихшы ғалым ағамызға айрықша ілтипатпен рақмет айтамын.

Шағын сараптама:Tuikter alemi

Бірінші, соңғы он жылда (2009-2019) қытай өз ішіндегі балама күштерге жаппай шабуыл жасады. Олар: партия ішіндегі балама күштер; қытайда демократиялық, құқықтық реформа жасағысы келетін күштер; діни белсенді топтар (христиан және мұсылман күштері); ірі қаржы шонжарлары және аймақтық қаржы белдеулері (шанхай, хонконг); біріңғай ұлттық провинциялар (тибет, шыңжаң); т.б

“тазалау” барысында қытай ағаттықтарға да жол беріп алды. Саяси партияға наразы топ бұрынғыдан көбеймесе азайған жоқ. Компартияға деген сенім мен белсенділік әлсіреді. Бұл тағы қытайдың осыған дейінгі сыртқы саясатына да ықпал етті. Халықаралық ұйымдар қытайға қысым жасады. Ішкі саясат пен экономикалық әлеуетте қытай көп түйіткілдерге дөп келді. Ең басты проблема халықтың билеуші партияға деген агрессиясы еді. Халықтың ішкі қыжылы мен агрессиясын басу үшін қытай орталық азияға ақпараттық шабуылды әдейі бастады. Өйткені “орталық азия” қытай ұлтшылдары үшін түбі жоқ тақырып. Қанша айтса да, жазса да жалықтырмайтын тақырып. Іштегі бұрқасын буды сарқып-сарқып шығарып алады. Қытай ұлтшылдары мен билікке наразы күштердің басты назары “орталық азия” тақырыбына аууы қытай компартиясына да таптырмас орай-дұр. Егер халықтың басты назары билеуші партияға ауатын болса онда ішкі саясатта көп наразылықтар туар еді. Халықты компартия туралы ойландырмау үшін қытайдың ең танымал басылымдары, әлеуметтік желілері шетел тақырыбын көбірек талқыға салады. Халық назарын басқа темаға бұрып агрессия шығару әлемнің көп елінде бар тәжірибе. Дейтұрғанмен бұл қытай- орталық азияға көзалартпайды дегендік емес. Қытай орталық азияға әбден жауыр болған тарихи тақырыппен емес, жаңа концепциямен, мүлде жаңа форматпен ықпал еткісі келеді, оны алда айтамын.

Екінші, қытай өте мол ақпарат базаға ие. Ақпараттың күші- қытай компартиясының тағдырын белгілейтін басты құралға айналды. Сол себепті қытай әлемнің көп еліне бірдей ортақ әлеуметтік желіге заңмен тиым салды. Шетелден тарайтын ақпаратты қытай сүзгіден өткізген соң барып таратады. Осы арада біз білмейтін тағы бір мәселе бар. Ол- ішкі ақпараттық механизмді игеру. Яғни, қытай сырттан келетін ақпаратты сүзгіден өткізумен бірге іштегі ақпараттың мазмұнын да қарап бақылап отырады. Егер ішкі ақпаратта кейбір журналистер немесе ақпарат органдары ішкі саясат пен биліктегі олқылықты көбірек тілге тиек ете бастаса, жаңағы механизм соларды дереу тізгіндейді және халықты басқа тақырыппен назарын ацдалаға бұрып әкетеді. Қытайда халық назарын тез аударып, саяси билік туралы көп ойлаттырмайтын тақырып санатына жататын темалар:

*Кино әктерлерінің жеке өмірі;
*Әйелінің көзіне шөп салға әншілер;
*Жезөкшелер тақырыбы;
*Дәрі-дәрмек жарнамасы;
*Моңғолия отанға қашан оралады;
*Орталық азияны қашан қосып аламыз;
*Ресей ыдырай ма;
*Тайванға қашан соғыс ашамыз;
*Жабайы, жексұрын Жапон шапқыншылары (1937-1945);
*Шыңғыс Ханның тегі- қытай;
*Қытай провинцияларына әкімшілік реформа жасау керек;
*Аз ұлттардың автономиялы регионын жою;
т.б

Бұл ақпарат темаларының түбі жоқ, бірақ халыққа осы тақырыпты ұсынып басым көпшіліктің ақпараттану шоғырын ауыстырып тұрады. Бұндай әдіс-тәсіл Ресей мен Түркияда бар. Бірі Қырым мәселесі арқылы, келесі бірі Палестина мен Сирия мәселесін қозғап түртіп отыру арқылы халықтың ақпараттық талғамын үнемі басқаға бұрмалап, шын мәнінде талқылауы тиіс анық проблеманы бейғам қалдырып отырады. Qazaqstan

Қытайдың “орталық азияға шабуыл жасауының” немесе жақын көрші елдерге шүйлігуінің ар жағында біртүрлі ішкі әлсіздік те жатыр. Қандай? Ішкі әлеуметтік тепе-теңсіздік, экономикалық шығын, сәтсіз мемжоспарлар және партияға сенімсіздік. Осы жараны ішкі ақпаратта барынша талқыға салмау керек. Оданша түбі жоқ тақырып “орталық азияны” халыққа бастап берсе, халықтың ақпарат назары билікке емес сыртқа ауады, бұл- жаралы компартияның тыныстап әлденіп алуына жақсы кідіріс демек. Егер халықты “орталық азияны қосып алып, мол мұнай мен газға кенелетініне” сендіре алса, онда қанша жемқор, қанша диктатур болса да коммунистік компартияның еш құламай, еш әлеуметтік, құқықтық реформа жасамай тұра бергені жақсы. Өйткені ол- халықшыл компартия саналмақ-дұр.

Үшінші, қытай олжылдық сыртқы дипломатиясы барысында (2009-2019) орталық азия елдері мен Ауғаныстан тарапынан келетін әлде бір қауіптердің тамырына балта шапты. Талибан діни күштерімен келсімге келді және ДАЕШ ұйымдарымен тіл табысып жатыр. Сонымен қатар орталық азия елдерінде орын алып жатқан ұлттық, рухани жаңғырулардың Шыңжаң аймағына жасайтын ықпалын әлсіретті. Бұрынғыдай аймақтық мәдени ықпалдастық жоқ. Қытай оны қалай ноқталау механизмін игеріп алды. Пан-исламизм мен Пан-түркизмге жол жоқ. Осыдан кейін қытай- орталық азия мен Ауғаныстанға жаңа ойыншы ретінде кіре бастайды. Бұл Ақш пен Ресейге тиімсіз. Олар орталық азия елдері мен Ауғаныстанда жаңа Пан-исламизм мен жаңа Пан-түркизм идеяларының өркендеуін қалайды. Қытай да бұл идеяға тоқтап қалмайды, өзінің пан-исламизмі мен пан-түркизмін тықпалайды да аймақтағы басты ойыншы болғысы келеді. Бұның жарқын мысалы, “жетісу- бізнің иер”, “бүтүн түркүлернің аталары- ұйғыр болған” деген ұрандарды әдейі айтқызып қытайдың орталық азияға болған қызығушылығын енді ұйғырлар мен дұңғандардың аузынан беріп отырады. Біз бұны ұйғырлардың немесе дұңғандардың “ұлттық шовинизмі” деп қабылдаймыз, бірақ артында қытайдың саяси механизмі жатқанын аса байқамаймыз. Бұл ұрандар ұйғырлар мен дұңғандарды құрдымға батырып, қытайлардың көктен тілегенін жерден әпереді.

Төртінші, қытай орталық азиядағы ішкі ағыс өзен-сулардың денін игеріп болды. Памир, Тиян-шань, Алтай тауларындағы ішкі-сыртқы өзен ағыстарының басын бұрып әкетті. Қытайдың бұл аймаққа саясаты- шекаралық өзендерді игере алу-алмаумен тіке байланысты. Қытай шекаралық келсімге қол қойса да, шекаралық өзендерді ортақ игеу келсіміне әлі қол қоймай келеді. Бірақ қытайлар басты шекаралық өзердерді әбден игерді. Яғни көбінің басын бұрып әкетті, енді қол қою қаншалық маңызды, сол қызық! Шыңжаңдағы ішкі өзен шекаралық сулар игерілсе шөл, құмайт жерлер толық ашыла бастайды деген сөз. Яғни бұл аймаққа ішкі қытайдан тағы да мигранттар қаптайды. Қаланың ауыз су мәселесі шешілсе шекаралық өңірдің демографиясы одан сайын артады. Бұл мынаны түсіндіреді- қытай орталық азияны басып аламын деп айғайламаса да әлеуеттік жағдай бәрібір де соған мәжбүрлейді. Мысал ретінде ойлаңызшы, егер Ресейдің саяси немесе экономикалық әлеуеті Мәскеудің айналасында емес, Сібірде яғни Омбы мен Орынборда болғанда Қазақстанның солтүстік аймағына төнетін қауіп қазіргіден он есе көп болатын еді.

Бесінші, қытайдың саяси технолоктары орталық азияға өз ықпалын арттыру үшін жаңа концепциялар мен жаңа форматтағы мүддені ойлап тауып шығады. Осыған дейін айтып жүрген жерді қосу алу мәселесінің тарихи негізі жоқ, түбі шикі екенін қытайдың өздері де біліп отыр. Жаңа концепция немесе жаңа форматтағы мүдде ықпалдастығы екі салада қатты дамиды. Олар: экономика және қауіпсіздік мәселесі. Яғни орталық азия елдері Ақш-Ресей-Қытай үштік алпауыт елдің жаңа экономикалық және жаңа қауіпсіздік қақтығыс ошағына айналады. Егер қытай “бұл аймақ бір кездері менікі болған, бұл жер Цин империясынан қалған жер” дейтін болса, онда Ресей де, Ақш та бір кездері Цин империясы қол қойған теңсіз келсімдерді, құжаттарды алып шығады. Ол- қытайға өте тиімсіз, қытай жер сұрамақ түгіл қазіргі аумағын да айрылып қала жаздайды онда. Сол үшін қытай орталық азияға тарихтағы бір өткен-кеткен жалған концепция үшін кіре алмайды. Қытайға енді тек келешектің мүддесін көздейтін бір нәрсе керек. Ол- аймақтағы қауіпсіздік; Ол- аймақтағы экономикалық мүдде.

Енді не істеу керек:

Бірінші, ғылми негізі жоқ синофобиядан арылу керек. Дәлелге, дәйекке немесе белгілі ғылми негізге сүйенген танымды орнату керек;

Екінші, орталық азия елдері арасында ішкі ағыс өзен-көлдер мәселесін тезден шешіп, орталық азияның су тұтыну мәселесін қытайға тәуелді етуден сақтау;

Үшінші, Алматы-Бишкек-Ташкен арасында ірі экономикалық белдеу қалыптастырып, қытайдың Үрімжі-Қашқар арқылы келетін экономикалық дәлізін болдырмау;

Төртінші, орталық азияда жаңа аймақтық негіздегі пан-түркизмді қалыптастыру;

Бесінші, орталық азияның ортақ экономикалық одағы мен ортақ валютасын жасау;

Алтыншы, орталық азияның жаңа стратегиялық зерттеулер инситутын құру;

Жетінші, орталық азияда “түркілік исламды” дамыту, діни күштерге (талибан, даеш) тиым салу;

Сегізінші, орталық азияның гео-стратегиялы орналасуына сай саяси, мәдени және әлеуметтік реформаларды түбегейлі қолға алу, орталық азия елдері арасындағы ала-құлалықты жою;

Тоғызыншы, Моңғолия-Қазақстан-Қырғызстан-Өзбекістан елдері арасында ортақ әскери одақ құру, қытайдың шекаралық аймағына қорғаныс дәлізін қалыптастыру;

Оныншы, орталық азия жастар одағын құру, түркі-тұраншыл білікті лидердер легін жасақтау;

Он бірінші, қытайға балама күштердің орталық азиядағы үлесін жоғарлату, яғни аймақтағы алпауыт елдердің тепе-теңдігін бірдей сақтап тұру;

Он екінші, орталық азияның ортақ ақпарат агентігін құру, ақпараттық шабуылға ортақ қорғаныс орнату;

т.б

Бұл мәселе тек ғана Қазақстанның немесе Қырғызстанның ұлттық мәселесі емес, тұтас орталық азияның өңірлік қауіпсіздік мәселесі. Сол үшін аса ірі шаруаларды тұтас орталық азия бірігіп атқарса жүк жеңіл болады.

Елдес ОРДА
12.04.2020

kerey.kz

Related Articles

  • Мәдениет министрі неге өтірік айтты?

    Өткен аптада Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың Орталық коммуникациялық қызметі алаңында халық алдында есеп беру кездесуі өтіп, Қазақстандық режиссер Гүлнар Сәрсенова «Нартай» деген фильм түсірді. Былтыр қатаң карантин болмағанда трагикомедия қалың көрерменге жол тартар еді. Әттең, экранизацияның премьерасы салтанатты түрде болған жоқ, дегенмен, интернет беттерінде трейлері қаптап, фильм туралы ақпараттар шықты. Сауал осы фильмге қатысты болған-ды. Өйткені, туындының музыкасын министр жазды. Композитор ретінде шенеуніктің қанша гонорар алғанын білгіміз келді, алайда, Ақтоты Райымқұлова «менің қатысым жоқ, барлық ақпарат жалған» деп, басын ала қашты. Құжаттарда көрсетілгендей, үш миллион алты жүз теңгеге гонорар министр Райымқұловаға бөлінген. Ақпаратқа қолжетімділік елде қамтамасыз етілген. Құжаттар арнайы сайттарда сарнап тұр. Министр неге өтірік айтты екен. Өзіңіз айтқандай, мемлекеттік

  • АҚШ-Қытай-Ресей үштік державаның талас-тартысы Орталық Азияны ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін…

    Шағын Сараптама Естеріңізде болса осыдан бір жарым жыл алдына Ауғанстан және Орталық Азия тақырыбы бойынша бір сұқбат жасаған едік. Сондағы кейбір болжалды түйіткілдер дәл қазір әлемдік саяси аренада кеңінен пікір-таласқа салынып жатыр. Ары қарай… Бірінші, Әлемдік ірі ақпарат көздері АҚШ әскері Ауғаныстаннан толық шегінген жағдайда туындайтын гео-саяси ахуалды қызу талқыға салып жатыр. АҚШ (және НАТО) әскері толық шегінсе Ауғанстан үкіметі елдегі тыныштықты қамтамасыз қыла ала ма; Ауғаныстандағы ислами күштер нені жоспарлап жатыр; Ауғаныстандағы жағдай алдағы кезеңде қытайға қалай ықпал жасауы мүмкін; Қытайдың қандайда бір стратегиялы жоспары бар ма; тб өзекті тақырып қазақ баспасөзінде тәуелсіз һәм тарапсыз талқыға салынуы керек. Екінші, АҚШ әскері толықтай шегінген жағдайда Орталық Азияны қандай қауіп және

  • Әлем алпауыттарының стратегиялық кездесулері неге жиіледі? (Шағын сараптама)

    Наурыздың 18- күні Ақш Сыртқы Істер Министрі Антони Блинкен мен Қытай Сыртқы Істер Министрі Ван И (王毅) Алияскада аса маңызды кездесу жасады. Осы кездесуден соң қос үйекке жіктелгендей болған екі жарты шардың алпауыттары тоқтаусыз стратегиялық кездесулерді бірінен соң бірі бастап кетті. Ақш СІМ’лері Жапон, Корея, Үндістанмен маңызды кездесулер жасап жатқанда 22- наурыз Ресей Сыртқы Істер Министрі Лавров Гуйлиньде Қытай СІМ’і Ван И-мен кездесті. 24- наурыз Түркия СІМ’і Мевлют Чавушоглу (Mevlüt Çavuşoğlu) Брюссельбегі НАТО СІМ’лерінің басқосуында Ақш-тың СІМ Блинкенмен кездесті. 27- наурыз Қытай-Иран Сыртқы Істер Министрлері аса маңызды тарихи кездесу жасады да аса ірі стратегиялы құжатқа қол қойды. Иран осы маңызды келсімнен соң Орталық Азия елдерін бетке алып 7- сәуір біздің

  • КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша?

    Ресей Қорғаныс Министрлігі Орталық Әскери Окургінің баспасөз қызметі Сәуірдің екінші күні ірі көлемді әскери жаттығулардың алдағы уақытта одан ары жалғаса беретінін айтқанын білесіздер. Орталық Әскери Окург қолбасшысы генерал-полковник Александар Лапин, Орталық Азия аймағындағы 2-ші және 41-ші біріккен жойқын қарулы күштердің қатысуымен де ірі көлемді әскери жаттығулар өткізетінін хабарлаған еді. Қазақ, Қырғыз және Тәжік территориясындағы әскери нысандарды да қамтитын Орталық Әскери Окургтің алдағы ірі көлемді әскери жаттығуы Орталық Азияға көзалартып отырған төңіректегі аймақтық күштер мен державалардың назарын аударатыны анық. Осындай тұста бізге сүйегі әлде-қашан шіріп кеткен КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша? Сәуір бойы осы “қуаныштың” буымен мәз-майрам бейғам отырғанда Ресейдің біздегі әскери нысандары келелі стратегиялық іс-қимылын жүзеге асырып

  • АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекеде Орталық Азия текетірес аренасына айнала ма?

    Рейд СТЭНДИШ Қытай лидері Си Цзинпин (оң жақта) мен Қазақстанның сол кездегі президенді Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға жүк таситын теміржолдың ашылу салтанатында. 8 маусым 2017 жыл. Қытай мен АҚШ арасындағы бақталастықтың артуы Еуразия елдеріне әсер етпей қоймайды. Себебі қос держава да әлемнің басқа бөлігімен салыстырғанда Еуразияға өзгеше стратегиялық көзқараспен қарайды. Бұл құрлық екі держава арасындағы бәсекедегі негізгі аренаға айнала ма? Пекин мен Вашингтон қарым-қатынасының нашарлауы 18-19 наурыз күндері Аляскада АҚШ пен Қытайдан келген ресми тұлғалардың арасында өткен екікүндік келіссөзде айқын көрінді. Кездесуде екі тарап сөзбен шарпысып қалды. Аляскадағы кездесу қос мемлекеттің қарым-қатынасы түзелуі мүмкін деген үмітті жоққа шығарды. Бұл – Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғалы әлемдегі ірі екі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: