|  | 

Жаһан жаңалықтары

Таулы Қарабақта соғыс аяқталды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 10 қарашаға қараған түні Әзербайжан, Ресей, Арменияның Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде үшжақты келісімге келгенін хабарлады. Бұл туралы Пашинян Фейсбук парағына жазды.

“Құрметті отандастар, бауырларым мен әпке-қарындастарым! Өзіме де, бәрімізге де ауыр тиетін шешімге келдім. Ресей және Әзербайжан президенттерімен Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде мәлімдемеге қол қойдым. … Өзімізді жеңілдік деп есептемейміз әрі бұл біздің ұлт ретінде бірігуіміздің және қайта өрлеуіміздің басы болуы керек. Қаза тапқандардың алдында тізе бүгемін. Отанын қорғау жолында өмірін аямаған барлық әскерилердің, офицер, генерал, еріктілердің алдында басымды иемін. Олар арцах армяндарын қорғап, құрбан болды. Соңына дейін күрестік және жеңеміз!” деп жазды Пашинян.

Атысты тоқтату жөнінде келісім жасалғанын Ресей президенті Владимир Путин де растады. ТАСС агенттігі таратқан ақпаратта Путин “келісімге қол қойылған сәтте екі елдің әскерилері тұрған жер Армения мен Әзербайжан территориясы ретінде сақталады. Ал олардың арасында Ресейдің бітімгер сарбаздары тұрады” деген.

Келісімге сәйкес, 2020 жылдың 20 қарашасына дейін Таулы Қарабақтың Газах және Агдам аудандары Әзербайжанға қайтарылады. 15 қарашаға дейін Армения – Кельбаджар ауданын, 1 желтоқсанға дейін Лачин ауданын беруі керек. Бірақ Таулы Қарабақпен байланысын үзбеу үшін Лачин дәлізін (ені 5 км) сақтап қалады. Алайда дәліз Шуша қаласын жанамайды.

Аймақтан Арменияның бүкіл әскерилері шығарылады. Таулы Қарабақ пен Лачин дәлізі түйіскен тұста Ресейдің 1960 бітімгер сарбазы орналасады. Бітімгерлік контингенттің ол аймақта қалу мерзімі 5 жыл және ахуал тұрақтамаса тағы бес жылға созылады.

Босқындардың Таулы Қарабаққа оралуын БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары бақылайды. Одан бөлек, Армения мен Әзербайжан тұтқындар мен қаза тапқан сарбаздардың мәйітін алмасады.

Related Articles

  • Соғысқа “Леопард” араласпақ. Немістің бұл танкісі несімен мықты?

    The Associated Press Reuters агенттігі Немістің “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісі. Германия билігі Украинаға “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісін беруге және басқа елдерге де бұл танкіні Украинаға жеткізуге рұқсат берді. Бұл танкіні Украина билігі Германиядан бұрыннан сұрап келген еді.Бірақ Берлин “Леопард” танкісін Киевке ұзақ уақыт бергісі келмеді. Украина қызыққан бұл танк қаншалықты мықты? Түсіндіреміз.  “ЛЕОПАРД 2″ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ТАНК?  “Леопард 2″ танкісін Германияның Krauss-Maffei Wegmann компаниясы жасаған. Компания “Леопардты” ату қабілеті, қорғанысы, жылдамдығы, айласы жағынан “әлемдегі ең мықты танк” деп сипаттайды әрі кез келген жағдайдағы шайқасқа жарайды дейді. 55 тонна танкіге төрт адам сыяды, ең жоғарғы жылдамдығы – 68 км/сағат. Бұл танкінің алғашқы нұсқасы 1979 жылы жасалған. Содан бері Германия 3500-ден

  • WP: ЦРУ басшысы Киевке жасырын келіп, Ресей жоспары туралы айтқан

    Уильям Бернс АҚШ орталық барлау басқармасының (ЦРУ) басшысы Уильям Бернс өткен аптада Киевке жасырын келіп, Украина президенті Владимир Зеленский және украин барлау қызметінің басшыларымен кездескен. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген The Washington Post басылымы жазды. Басылым дереккөзінің айтуынша, Бернс Зеленскийге Ресейдің Украинада жоспарлап отырған әрекеттері туралы хабар берген. Америка барлаушылары мен батыс сарапшылары Мәскеу украин армиясының оқ-дәрі таусылып бара жатқанын пайдаланып, алдағы уақытта жаңа шабуыл дайындап отырғанын жоққа шығармайды. Дерекөздің айтуынша, Зеленский АҚШ Конгресінің өкілдер палатасында бақылау демократтардан республикалықтарға көшкеннен кейін Украина АҚШ пен Батыс елдеріне қаншалықты арқа сүйей алады деген сұрақтың жауабын білгісі келген. Басылымның жазуынша, Бернс көмек алу сәл қиындай түсетінін растаған. WP жазуынша, дегенмен Зеленский мен көмекшілері кездесуден Байден әкімшілігінің

  • NYT: АҚШ Украинаға Қырымға соққы жасау бойынша көмек беруді қарастырып жатыр

    Қырым көпірі.  “Украина әскерінің Ресей аннексиялап алған Қырымға соққы жасау мүмкіндігі болуы тиіс, бұл Киевке болашақ келіссөздерде қоятын шарттарының салмағын арттыруға жағдай жасайды. АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің пікірі осы жаққа қарай ойысып барады” деп жазды New York Times (NYT) басылымы. Газеттің жазуынша, Ресей басқыншылығы басталғалы бері әкімшілік өкілдері қақтығыс ушығып кетпес үшін Киевке түбекке соққы жасайтын қару беруден бас тартқан. Енді басылымның мәліметінше, Байден әкімшілігі украин шенеуніктерімен мәселені талқылағаннан кейін Киевке мұндай қару-жарақ керек екеніне көзі жете бастаған тәрізді. Басылымның жазуынша, Америка шенеуніктері мен сарапшыларының Ресей ядролық қару қолданады деген күдігі де сейіле бастаған. Дегенмен мұндай қатер әлі жойылмаған. Бірақ мәселе Украинаға алысқа ұшатын ракеталарды беру жөнінде болып отырған

  • “Вагнер” тобы Соледар қаласын алдық дейді. Украинадағы майданда не болып  жатыр?

    Азаттық радиосы Соледар қаласынан шыққан түтін. 5 қаңтар 2023 жыл. Украинаның Донецк облысындағы шағын Соледар қаласы үшін кескілескен шайқас жүріп жатыр. Ресейдің жалдамалылардан құралған “Вагнер” әскери тобы қаланы толық бақылауға алдық деп мәлімдесе, Украина мұны жоққа шығарады. Соледардағы шайқастың жай-жапсары. ПРИГОЖИН МЕН СЕПАРАТИСТЕР НЕ ДЕЙДІ? “Ресейдің “Вагнер” тобы бірнеше аптаға созылған шайқастан соң Украинаның Донецк облысындағы Соледардың басым бөлігін бақылауға алды” деп мәлімдеді Ұлыбритания қорғаныс министрлігі соғыс жайлы хабарламасында. Соледар – Бахмуттан он шақырымда орналасқан шахталы қала. Ал Ресей әскері бірнеше айдан бері Бахмут қаласын алуға тырысып жатыр. Соледардың орталығына ресейлік әскерилер кіргенін Ресейдің телеграм каналдары да жазып жатыр. Ал 10 қаңтар кешкісін сепаратистік “ДХР” аймағының Кремль тағайындаған басшысы Денис

  • Украина қарулы күштері әлемдегі ең қуатты 15 армия қатарына енді

    Украина қарулы күштері халықаралық Global Firepower (GFP) рейтингісіндеалғаш рет әлемдегі ең мықты 15 армияның бірі ретінде танылды. Былтыр Украина 22-орынды иеленген. Биыл Украина қарулы күштері Иран, Израиль, Австралия, Сауд Арабиясы, Испания, Тайвань, Германияны басып озған. Рейтингіде 145 ел бар. “Украина Ресейге тойтарыс беріп жатқандықтан, 2022 жылы GFP индексі бойынша көрсеткішін жақсартты. Ол қарымта жауап қайтарып, Батыстың қаржылай, материалдық қолдауының нәтижесінде, сонымен бірге жаңа маңызды категориялар енгізгендіктен жалпы тізімдегі жағдайын жақсартты” деп жазылған хабарламада. Рейтингіде бірінші орында – АҚШ, екінші орында – Ресей, үшінші орында Қытай тұр. АҚШ, Еуропа елдері, Жапония, Австралия Украинаға миллиардтаған доллар көлемінде әскери, қаржылай және гуманитарлық көмек көрсетті.Көмек көлемі жағынан бірінші орында АҚШ, одан кейін Ұлыбритания, Германия, Канада және

1 пікір

  1. Ğaly Baysimaq

    Älbette Tauli Qarabağ Äzerbayjanniñ jeri ekenine esh shübam joq. Osilaysha küshpen almasqa basqa shara qalmadi emes pe?! Soğis ataulidan bezgen jön biraq Jer ana üshin otan üshin tartispau odanda zorliq ömirge allip barsa kerek. Beybitshilik ğumir ornasin degen tilek qana bar. Tauli Qarabağta beybit kün ornasin!!!

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: