|  |  |  |  | 

Руханият Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

ТОРАҢҒЫЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

 

ТОРАҢҒЫЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Сыр бойы – тұнған шежіре, таусылмас тарих. Өткен өмірді бүгінмен бүгіп қалуға болмайды. Бабалардың соқтықпалы-соқпақты ұлы жолы ғасырлар қойнауынан ұласып келе жатқаны ақиқат. Ал, қазіргі өмір ертеңге жалғасатындықтан, өткенді таразыға тарту – басты міндет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жариялау арқылы рухани мұраларымызды түгендеп, ұрпаққа ұлтжандылықтың ұрығын себудің үлгісін көрсетті. Жер атауларының тарихын зерттеу өз өлкеміздің өткен тарихына үңіле отырып, ұрпақ санасында сабақтастық салтын қалыптастыруды көздейді.

Қайсыбір елдің, жердің немесе елді мекеннің аталу тарихы болатыны сөзсіз. Сондай-ақ «Тораңғылы – Бала әулие» аталуының өзіндік шығу төркіні бар. Әйтсе де  тарихшылар, шежірешілер де «Тораңғылы – Бала әулие» дәл осылай болған деп әлі күнге дейін тап басып айта алмайды.                                     Себебі: «Тораңғылы – Бала әулие» атауы ерте заманнан бері аталып келе жатыр. Сондықтан нақты тарихи деректер, айғақ болар архивтік құжаттар жоқ. Дегенмен ел аузында жүрген бірнеше жорамалдарды тілге тиек етуге болады.

Тораңғы – тал атауы. Терек туысына жататын ағаш. Шөлді жерлерде, ескі өзен арнасында, өзен аңғарында, құмды сортаң тақырларда өседі. Тораңғы – Қазақстанның шөлді аймағында өсетін нағыз жалғыз, өте сирек кездесетін тал. Таралу аймағы жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданының жері де тарихи орындарға өте бай. Оған дәлел ретінде Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылына жақын жерде орналасқан Тораңғылы әулие тал жерін айта аламыз.Тораңғылы әулие тал Бекарыстан би ауылынан 6-7 шақырым жерде орналасқан. Тораңғылының алып жатқан аумағы екі жарым гектардай болады. Тораңғылы жері күншығыс жақ жерінде Нұрбай шүңгілімен, күнбатыс жақ бетінде Қотанкөлмен шектеледі. Ал, оңтүстік аймағы кең көлемді оңтүстік аймақпен шектесіп жатыр. Тораңғы – кез келген жерге шыға бермейтін, киелі жерлерге ғана шығатын ағаш.

Кие – бұл әр қазақтың өміріндегі салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен қатар байланысқан, бүгінгі тұрмыстық өмірімізде қатар келе жатқан ұғым. Кие деген табиғатта ағаш, тас, тау, төбе, су, жан-жануарда болатын нәрсе. Киелі орын – ол нақты географиялық объект. Ол көшпелілер үшін жайылымды жер, тау, төбе, өзен, т.б. нәрсе болуы мүмкін болғандықтан белгілі бір тайпаның, ұлыстың немесе бір рулы елдің аруақтары мәңгілік жай тапқан орын болуы мүмкін. Сондай киелі жердің бірі Тораңғылы. Көне көз қариялардан қалған әңгіме бойынша: «Бұл жердің киелілігі, ертеректе жау шапқыншылығы кезінде тыныш отырған ауылға шапқыншылық жасап, ауылдағы үлкен қария, ақсақалдарды, ақ жаулықты аналар мен әжелерді, бойжеткен қыздарды аяусыз өлтіріп, бесікте жатқан періште сәбилерді бесігімен суға лақтырады. Суға аққан 40 бесік Қотанкөлдің сағасына келіп тіреледі. Сол аққан 40 бесіктің ағашынан осы жерге Тораңғы ағашы өседі, – деген сөз қалған.

Қазақ елінің табиғаты туралы талай еңбек жазған ғалым Рысбай Сәтімбеков: «Қазақ халқы тораңғы ағашын ежелден-ақ «шөл даланың падишасы» деп ерекше қастерлеген, оны отын ретінде отқа жағуға рұқсат етпейді, тіпті оны кесуге және тораңғы тоғайына мал жаюға болмайды деп есептейді. Өйткені тораңғы ағашының сұр-қоңырқай қабығына пышақ тисе, сыртына қызғылт түсті сөл бөлінеді. Сондықтан да, тораңғының қанға ұқсас сөлін оның қанды көз жасы деп, оны кескен адамды тораңғының киесі ұрады деген сөздермен тыйым салған. Шөл даланың көркі болып саналатын тораңғыны бабаларымыз көзінің қарашығындай қорғауды үнемі ұрпақтарына өсиет етіп қалдыруының танымдық та, тәрбиелік мәні зор» – деп, бағасын берген.

Байбақты Қарабалаев «Сағыныш – сағым жылдар» атты өзінің кітабында: «Талай балалықпен бұталарын сындырғанда біртүрлі қызғылт түсті қан тәріздес су шығатын еді. Содан кейін тиіспейтін едік. Бірақ ағашы үлкен аумақты алып жатады. Көлеңкесі қандай салқын. Самал жел есіп тұрады. Шаршап келіп отырғаныңда бірден серігіп жүре бересің. Табиғаттың адамзатқа берген неткен рахат сыйы»  – деп еске алып, оның қасиеті туралы тоқталып өтеді.

Адамның, елдің, жердің аттары мен атаулары жай әншейін қойыла бермейді. Олардың әрқайсысының белгілі бір себебі, мағынасы бар. Адамдар өздері өмір сүрген жерлердің ерекшеліктерін жақсы білді. Соған байланысты оларға әр түрлі ат қойды. Олардың әрқайсысының өзіндік мәні мен сырлары бар. Ол жерлерді зерттей отырып, қандай ерекшеліктері бар екенін біле аламыз. Осындай ерекше қасиетті жердің бірі – Тораңғылы екенін айтқымыз келеді.

 

Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.

Ұлдана ТҰРҒАНБАЙ, 1 курс студенті

 

Related Articles

  • Қапсәметұлы Өмер Мырза

    Қапсәметұлы Өмер Мырза: 1998 жылдары Нигде университетінің аспаптар кафедрасының оқытушысы болып тағайындалды. Ол осы жерден міндетін тоқтатып, Қазақстанға оралып Алматыда 10 жыл тұрып, 3 жылдай бұрын Ыстамбұлға келгенде дүниеден озды. Жастас болмасақ та құрдас болып кеткеміз. Әрі туысым болады. Суреттегі ұстап отырған домбыра маған Қазақстаннан сыйлыққа тартылған еді. Осы домбыра ілулі тұрған жерден жерге түсіп шағылып қалған да Өмер мырзаға осыны жөндеп беруін өтіндім. Ол маған асықпасаң әйтеуір өзіңе қайтып тапсырып берем деген еді. Сонымен Нигдедегі шеберханасына апарып қойды да 7 жылдан кейін қайта қалпына келтіріп әкеп берді. Сонда мен Өмермен әзілдесіп не деген ахырын адамсың дегенімде ол, “алдымен бір шертіп көрші, мен сенің шағып алған домбыраңның бөлшектерін күнге күйгізіп,

  • Үкімет: Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді

    Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы”заңға өзгеріс мәселесін қарастырып жатыр. Бұл өзгеріс бойынша, мемлекеттік тілді, мемлекет тарихы мен негізгі заңдарын білмеу – Қазақстан азаматтығын беруден бас тартуға не азаматтығын қалпына келтіруден бас тартуға қосымша негіз бола алады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың депутат сауалына жолдаған жауабына сілтеп, Kursiv.Media жазды. Премьер жауабында бұл талап қос азаматтыққа жол бермеу үшін де енгізіліп отырғанын айтқан. “Қазіргі заң бойынша Қазақстанда заңды негізде кемі бес жыл тұрақты өмір сүрген немесе Қазақстан азаматымен кемі үш жыл некеде тұрған, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының бірі Қазақстан азаматы болып саналатын бұрынғы одақтас республика азаматтарына Қазақстан азаматтығы беріледі” дейді премьер-министр. Қазіргі қолданыстағы заңға сай, мына

  • ЧЕХ ЖҰРТЫНЫҢ ЧЕХ ТІЛІН ҚОРҒАУЫ ЖАЙЛЫ

    Ruslan Medelbek  Чех жұрты мына жаһандану заманында, Еуропа халқы арасында шекара жойылғанда бізді чех қылып тұрған чех тілі деп біледі. Елде қызметтің бәрі чех тілінде жүреді, шетелдіктерге арналған полиция бөлімшесінде “мұнда тек чех тілінде қызмет көрсетіледі” деп жазылған тақтайша тұрады. Шетелдіктерге арналған полиция бөлімшесінде Чехияға енді келгенімде осы бөлімшеге чех тілін білетін қазақ танысымды апарған едім. Полицияда сен Чехияға кеше көшіп келгеніңе мән бермейді де. Чехша сөйлейді. Ағылшынша сөйлесең қызмет көрсеткісі келмей, чехша жауап береді. Үш жылдан кейін осы полиция бөлімшесіне барып, Қазақстаннан келетін қонақтарыма визаға шақырту жасатпақ болғанымда сондағы бір полицей үш жыл тұрып жатырсыз, қалай чехша білмейсіз деп қабақ шытқаны әлі есте. Кейін чех танысымның бірінен “неге чех

  • Қарақалпақ халқы Сәкен Сейфуллинді білеме екен?

    Сәкен Сейфуллин 1922 жылдары қарақалпақ зиялысы Аллаяр Досназаров С.Сейфуллинге былай деп өтініш білдіріпті: – Сәке, бізге ағасың. Аға баласысың. Біз үйсіз-күйсіз қалдық. Бізге көмектес. Қияметтік туысың болайын, – дейді. Сәкен Сейфуллин інісінің сөзін жерге тастамапты. Москвада осы мәселені қайта-қайта көтереді. Ақыры мақсатына жетеді. 13-ақпан 1925 жылы Калининнің қолымен қаулы қабылданады. Онда: “Әумудария облысы базасында, Қазақстан құрамында Қарақалпақ Автономиялық Республикасы құрылсын”- делінген екен.Сол қаулыда ККАССР-дің астанасы(пайтахты) Петро Александровск(Төрткүл) порты болсын деп көрсетіліпті. Нөкіс қаласынан Сәкен Сейфуллинге ескерткіш қойылса ғой шіркін. Тарих қой тарих. Ал тарих бұрмаланбауы керек.Тарихи тұлға құрметтелуі тиіс.. (с) Кабыл Шилдебай —— Оң жақтағы – Әлкей Өтекин. Сәкеннің көмекшісі. Сурет Орынборда түсірілген. ол кезде Сәкен Сейфуллин Қазақ АССР Халық

  • Алексей Скалозубов, қазақ тілі курсының негізін қалаушы: “Қазақстандағы орыстар қазақ қоғамындағы бөлек ру сияқты”.

    Пётр ТРОЦЕНКО Алексей Скалозубов, “Batyl bol” қазақ тілі курсының негізін қалаушы. Алматы, 1 қазан 2022 жыл.  Batyl bol қазақ тілінде сөйлесу клубының негізін қалаушы Алексей Скалозубов Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы орыстардың Украинадағы соғыс туралы пікір білдіруі неге маңызды екенін, “қазақ” орыстардың Ресейдегі орыстардан қандай айырмашылығы барын, мобилизациядан қашқан ресейліктерге қалай қарайтынын айтып берді. “БІЗДІҢ ОРЫСТАРДЫҢ ОЙЫНДА НЕ БАР?”  Пётр Троценко: Қазақстандағы орыстар мен Ресейде туып-өскен орыстардың арасында қандай айырмашылық бар? Алексей Скалозубов: Айырмашылық өте көп. Бірінші кезекте, мәдени айырмашылық. Қазақстандағы орыстар басқа ұлттарға, жат мәдениет пен дінге толерантты қарайды. Олар көпмәдениетті ұлттық ортада өскен, бала күнінен басқаларға құрметпен қарауды үйренген. Бұған біз өмір сүріп жатқан орта әсер етті: әртүрлі ұлттар араласқан мәдени

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: