|  |  | 

Көз қарас Суреттер сөйлейді

«ЛЕНИНГРАД БЛОКАДАСЫ» – МИФ!

Жазушы-публицист
Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев):
143122397_10224924493209140_516898494006888040_n
Бүгін Ленинград қоршауы бұзылған күн дейді білгіштер. 1944 жылы 27-қаңтарда 872 күнге созылған (кей тұста 900 күн деп жатады) блокада аяқталыпты. Алдында совет, кейін Ресей идеологиясы осы «блокаданы» совет халқының қаһармандығы ретінде көрсетуге 77 жылдан бері жан сала тырысып келеді.
Бірақ іс жүзінде ақиқат қандай?
1945 жылы қараша айында антигитлерлік коалиция: СССР, АҚШ, Англия және Франция елдері ресми өкілдерінің қатысуымен басталған Нюрнберг процесінде советтік прокурорлар қаншама тырысқанымен Ленинград блокадасына қатысты жауапкершілікті Германияның мойнына іле алмады. Халықаралық трибуналда фашистік командование басшылығы блокаданың болмағандығын дәлелдеп шықты. Сондықтан «Ленинград блокадасы» айыптау тізімінен алынып тасталды!
«Қоршаудағы» Ленинградқа теміржол тармағы кіріп тұрған. Ладога көлінде 60 шақырымдық жағалау советтердің қолында болған. Онда жазда кемемен, қыста мұз үстімен машиналар арқылы үздіксіз байланыс жалғасып жатты. Волхов ГЭС-і қаланы электр қуатымен қамтамасыз етті. Алайда барлық мүмкіндік қала тұрғындарын аман сақтауға емес, майданды жабдықтауға жұмылдырылды. 3 миллион тұрғыны бар қаладан немістер жақындағанда азық-түлік қоры тасып әкетілген. 700 мыңға жуық ленинградтықтың негізінен аштан қырылуына советтік басшылықтың жауапсыздығы, дәлірек айтқанда немқұрайдылығы себеп болған.142847165_10224924496649226_1914838890602351055_n
Қалада зауыт-фабрикалар жұмыс істеп жатты. Жеткізілетін азғантай азық-түліктің өзі өндірістегі жұмысшыларға жұмсалды. Тұрғындарды эвакуациялаудың орнына зауыттарда жасалған танкілер, минометтер, зеңбіректер, оқ-дәрілер Мәскеуге жөнелтілетін.
«Үлкен жерден» қалаға қару-жарақ жасауға қажетті металл, бөлшектер, әскер үшін азық-түлік тасылды. Жай тұрғындар күніне 125 грамм қара нанға қарап қалды. Халық аштан шыбынша қырылып жатқанда Смольный қызметкерлері қызыл уылдырық пен консервілерге қарық болып жүрген. Сорақы мысал, Ленинград майданында жүк тасымалдауға 60 000 жылқы пайдаланылды. Қалада күніне 3000-4000 адам өліп жатқанда сол жылқының бірде біреуі өлмеген…
«Ленинград блокадасы» советтік басшылықтың өз қылмысын жабу үшін ойлап тапқан аңызы. И.В.Сталиннің 1945 жылы 24 маусымда Жеңіс парадынан кейінгі банкетте сөйлеген сөзінде «Әдетте жеңімпаздарды соттамайды, бірақ бұл соғыста жеңімпаздар да тергелуі, қылмыстылары сотталуы қажет!» дегені шындыққа әбден үйлеседі!

Related Articles

  • Әлем алпауыттарының стратегиялық кездесулері неге жиіледі? (Шағын сараптама)

    Наурыздың 18- күні Ақш Сыртқы Істер Министрі Антони Блинкен мен Қытай Сыртқы Істер Министрі Ван И (王毅) Алияскада аса маңызды кездесу жасады. Осы кездесуден соң қос үйекке жіктелгендей болған екі жарты шардың алпауыттары тоқтаусыз стратегиялық кездесулерді бірінен соң бірі бастап кетті. Ақш СІМ’лері Жапон, Корея, Үндістанмен маңызды кездесулер жасап жатқанда 22- наурыз Ресей Сыртқы Істер Министрі Лавров Гуйлиньде Қытай СІМ’і Ван И-мен кездесті. 24- наурыз Түркия СІМ’і Мевлют Чавушоглу (Mevlüt Çavuşoğlu) Брюссельбегі НАТО СІМ’лерінің басқосуында Ақш-тың СІМ Блинкенмен кездесті. 27- наурыз Қытай-Иран Сыртқы Істер Министрлері аса маңызды тарихи кездесу жасады да аса ірі стратегиялы құжатқа қол қойды. Иран осы маңызды келсімнен соң Орталық Азия елдерін бетке алып 7- сәуір біздің

  • КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша?

    Ресей Қорғаныс Министрлігі Орталық Әскери Окургінің баспасөз қызметі Сәуірдің екінші күні ірі көлемді әскери жаттығулардың алдағы уақытта одан ары жалғаса беретінін айтқанын білесіздер. Орталық Әскери Окург қолбасшысы генерал-полковник Александар Лапин, Орталық Азия аймағындағы 2-ші және 41-ші біріккен жойқын қарулы күштердің қатысуымен де ірі көлемді әскери жаттығулар өткізетінін хабарлаған еді. Қазақ, Қырғыз және Тәжік территориясындағы әскери нысандарды да қамтитын Орталық Әскери Окургтің алдағы ірі көлемді әскери жаттығуы Орталық Азияға көзалартып отырған төңіректегі аймақтық күштер мен державалардың назарын аударатыны анық. Осындай тұста бізге сүйегі әлде-қашан шіріп кеткен КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша? Сәуір бойы осы “қуаныштың” буымен мәз-майрам бейғам отырғанда Ресейдің біздегі әскери нысандары келелі стратегиялық іс-қимылын жүзеге асырып

  • ҒҰНДАРДЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІ – ҚОҢЫРАТТАР

    (Қоңырат шежіресіне байланысты шығатын жаңа кітаптарға арналған) Авторы: Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы Тәуке ханның тұсында қанаттас отырған рулар топтастырылып, өз тұрған өңірлерідегі жаңа Жүз бірлестігіне кірді. 1456жылы Қазақ хандығы ең алғаш құрылған жер Шу, Талас өзендерінің бойы еді. Міне осы қарашаңырақтың орны мен оның айналасындағы Жетісу, Алатау, Қаратау аймақтарындағы рулар Ұлы Жүз деп аталды. Қазақ хандығы құрылған кезден бастап шешуші рол атқарып келе жатқан іргелі алты ұлыс Орта Жүз болып біріктірілді. Олар Алтай-Ертіс, Тарбағатай, Сары Арқа, Сібір, Балқаш, Сырдың орта ағысы өңірлерін алып жатты. Қазақ хандығының құрамына кейінірек қосылған Еділ-Жайықтағы рулар Кіші Жүз болып топтастырылды. Сол кезде Қоңырат ұлысы Орта Жүз бірлестігіне енді. Бұл қазақ үлкен империяның қарашаңырағында отырған ұлт. Бірлікке

  • «Арон Атабекке араша сұраймыз!»

    Ұлықбек Есдәулет, Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер түрмедегі ақын Арон Атабекке араша сұрап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазыпты. Бұл туралы белгілі заңгер Шынқуат Байжанов өзінің желідегі парақшасында жазды. «Ұлықбек Есдәулет мырза, Олжас Сүлейменов мырза, Мұрат Әуезов мырза бастаған бір топ қазақ майталмандары арқалы ақын Арон Атабекке жан сауға сұрап Қазақстан президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына өтініш хат жолдады. Қазақстанның барлық зиялы қауымы қол қоюға өтініш білдірген, бірақ, пандемияға байланысты олардың қолдарын қойғызу мүмкін болмады. Президент мырза! Жан сауға сұрау қазақ халқының ежелден келе жатқан ата салты, егер ел ақсақалдары, ақындары өтініш жасағанда одан ешбір хан аттап кетпеген. Сіз де ата салтын сақтап, 68 жастағы жүрек

  • Аға мен іні сияқты ма, әлде теңқұқылы ма …

    Мұхтар Жәкішевтің әңгімесінен: 2005 жылы ма, әлде 2006 жылы ма, қыстыгүні ТМД елдері басшылары жиналды. Санкт-Петербургте. Мен түс кезінде жеттім-ау деймін. Кешке мен жатқан қонақ үйге «Росатомпромның» бастығы Кириенко мен «Техснабэкспорттың» диреткоры Смирнов келісімнің мәтінін алып келді. Бұл келісімді одан бұрын әбден талқылағанбыз. Ол мемлекетаралық келісім тұғын. Оның мәні қарапайым, әрі түсінікті еді. «Қазатомпромда» уранды алу бар да, уранды газға айналдыру ісі жөнге қойылмаған еді. Сондықтан сырттан серіктес тартып, соларға өңдетіп, өңдете жүріп технологиясын үйреніп, келісім біткен соң дербес кетуді ойладық. Принцибіміз де қарапайым болған: олар бізге кіріп қанша ақша тапса, олардан алатын бизнестен біз де сонша ақша табуымыз керек еді. Мен айттым, сіздерге уран өндіру қызық, біз оған рұқсат

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: