|  |  | 

Жаңалықтар Шоу-бизнис

«200 мың теңге төленеді»: Қазақстанда короновирусқа қарсы өмірін сақтандыратындар саны артқан

WhatsApp Image 2021-11-08 at 10.22.58

Елімізде коронавирусқа қарсы өмірін сақтандыратын тұрғындар саны артқан. Вирусқа қарсы сақтандырудың құны 5-8 мың теңге аралығында. Ал адам коронавируспен ауыра қалған жағдайда оған 200 мың теңгеге дейін өтемақы төленеді, деп хабарлайды kerey.kz порталының тілшісі. Жеке бастарының қауіпсіздігіне жете мән беріп, өмірлерін сақтандыру жағынан Түркістан облысының тұрғындары көш басында. Одан кейінгі орындарда Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының тұрғындары тұр.

«Біз компания сайтында 5 минут ішінде онлайн сатып алуға болатын «COVID-19» және «Life-Персона» өмірді сақтандыру бойынша өнімдерді ұсынып келеміз. «Life-Персона» сақтандыру бағдарламасының негізгі артықшылығы сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін қандай жағдай болмасын клиенттің сақтандыру жарналары қайтарылады. Коронавирустан сақтандырудың құны 5 мыңнан 8 400 теңге аралығында. Он мың теңгеге де жетпейді. Онлайн түрде бір мыңнан астам адам 16 миллион теңгеге өмірлерін коронавирусқа қарсы сақтандырған. Олардың арасында вируспен ауырып қалған жүзге жуық адам сақтандыру полистері арқылы ақша алды. Оңтүстік өңірде айлығынан ай сайын 5 мың теңгеден болса бөліп, өмірлерін сақтандырып жатқан адамдар көп. Одан кейінгі орында Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының тұрғындары тұр. Аталған өңірлердегі адамдардың жеке басын, отбасын, жалпы сақтандырудың пайдасы туралы білетін мәліметтері жоғары. Олардың арасында дәрігерлер мен мұғалімдердің үлесі басым», – деді «Халық-Life» АҚ Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Өмірді сақтандырудың барлық түрін алғанда капитал көрсеткіші де өскен. «Халық-Life» АҚ басшыларының сөзінше, биылғы жылдың 9 айында сыйлық сыйақылардың жиынтық көлемі 92,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 88% – ға жоғары. Сәйкесінше клиенттерге сақтандыру төлемдері де өскен. Өмірлетін сақтандырған адамдарға соңғы 9 айдың ішінде 8,2 млрд теңгеден астам төлем жүргізілген. Компания Қазақстан көлемінде өмірді сақтандыру нарығының бүкіл тарихында алғаш рет жыл басынан бері 100 млрд теңге көлемінде сақтандыру сыйлықақыларының рекордтық көлемін жинаған.WhatsApp Image 2021-11-08 at 10.22.58 (1)

«Компания оң даму динамикасын, сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ ұсынылатын сақтандыру өнімдеріне қажеттілікті айқындады. Пандемия ел тұрғындарына шұғыл жағдайлар туындаған жағдайда сақтандыру арқылы қорғаныс түріндегі «қауіпсіздік көпшігінің» маңыздылығын көрсетті. Ұсынылған өнімдер қаржылық қорғанысты қамтамасыз етуге және болашаққа сенімділік береді, ал шарт мерзімі аяқталған сәтте біздің клиенттеріміз үшін қаржылық жинақтардың қалыптасуына кепілдік береді. Тәжірибе көрсеткендей, ұсынылған ыңғайлы сервистер мен бағдарламалардың арқасында клиенттер меншікті капиталды көбейтуге, баланың білім алуына немесе өз балаларының жинақтарын мұраға қалдыру үшін негіз жасауға бағыттайды. Компанияның нарықтағы үлесі 33,6% – ды құрады. Жинақтаудың түрлері девальвация тәуекелдерінен және валюта бағамының ауытқуынан да сенімді қорғалған», – деді Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязова.
Ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ыңғайлы болу үшін «Халық-Life» компаниясы қызметкердің еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу мақсатында онлайн сервисті іске қосты. Енді қызметкерлерінің саны аз жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар да бір-екі қимылмен, офистен шықпай-ақ өз қызметкерлерін жедел сақтандыра алады.
Сондай-ақ осы жылдың басында Халык-Life клиенттерге барынша ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін нарықта бірінші болып IOS және Android негізіндегі мобильді қосымшаны шығарды. Бірегей мобильдік сервистің арқасында компанияның клиенттері әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде өз сақтандыру шарттарының жағдайын қадағалап, жарналарды төлей алады, компания қызметі туралы жаңалықтар алып, басқа да қызметтерді орындай алады.

«Біз сақтандыру сервисін жетілдіру және әлеуетті клиенттерімізге барынша қолайлы жағдай жасау үшін ұсынылатын қызметтердің түрін кеңейту бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Енді жұмыс берушілерге компания менеджеріне қоңырау шалудың, жалпы күту үшін уақыт жұмсаудың және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) бойынша шарт жасасу үшін кеңсеге келудің қажеті жоқ. Оларға электронды сандық қолтаңбаның болуы (ЭСҚ) және бірнеше минут ішінде компанияның сайты арқылы барлық қажетті қадамдардан өтудің өзі жеткілікті. Біз бұл қызметті шағын бизнес басшылары арасында жоғары сұранысқа ие болады деп үміттенеміз», – деді Басқарма төрағасының орынбасары А. Жексембаев.

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: