|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат Сұхбаттар

Ресей әскері Донбассқа шоғырланды. Украина соғыстың жаңа кезеңіне қалай дайындалып жатыр?


Донбасстағы сепаратистер.

Донбасстағы сепаратистер.

Украинадағы соғыс елдің шығысы мен оңтүстігіне ойысып жатқанда, Киев НАТО елдерінен Ресей әскерін жоюға қажет қару-жарақ сұрады.

Жуырда Чехияның Украинаға совет кезінде жасалған Т-72 танкін, гаубица мен брондалған техникасын жібергені белгілі болды. Осылайша олар Киевтің өтінішіне құлақ асып, қолдаудың жаңа деңгейіне өткенін білдіргендей болды. Польша, Ұлыбритания секілді елдер де қару-жарақ жіберіп жатыр. Украинаға жүздеген миллион доллар жұмсағанын мәлімдеген АҚШ та қосымша құрал-жабдықтарын тасымалдап жатыр.

Дегенмен Украина күштеріне енді тактиканы өзгертіп, елдің шығысы мен оңтүстігіне шоғырланған Ресей әскеріне төтеп беруге басымдық беруге тура келетін шығар. Ол жақта ресейліктер Киев пен елдің солтүстік-шығысындағы әскерге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы позицияда отыр. Украина әскері Киев маңындағы және елдің солтүстік-батысындағы әскерге танктерге қарсы зеңбіректер мен қолда бар қаруын пайдаланып қарсы тұра алған еді.

Соғыста едәуір шығынға ұшыраған Ресей қазір әскерін топтастырып, қайта қаруландырып, Украинаға басқыншылық жоспарын қайта сүзгіден өткізіп жатыр. Мәскеу Мариупольді, Ресей қолдап отырған сепаратистер қолындағы Донецк пен Луганск жерін түгелімен бақылауға алып, осы аудандардағы Украина күштерін қоршауға алудан үмітті.

Варшавадағы соғысқа қарсы акция. 9 сәуір 2022 жыл.

Варшавадағы соғысқа қарсы акция. 9 сәуір 2022 жыл.

Азаттық радиосы АҚШ теңіз әскерінің полковнигі, Вашингтондағы стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының кеңесшісі Марк Кансианмен соғыстың қалай өрбитіні жөнінде сұхбаттасты.

Азаттық: Мәскеу соғысты Донбасс пен Украинаның оңтүстігінде жүргізуге тырысып жатыр. Бұл шайқас қалай болады? Украинаның енді жақсы қаруланып, күшейіп алған Ресей әскерімен шайқасатынын ескерсек, бұл ұрыс Киев маңындағы соғыстан несімен ерекшеленуі мүмкін?

Марк Кансиан: Ресей әскері осыдан үш апта бұрын істеуі керек әрекетке енді барып жатыр деп ойлаймын. Яғни, әскерін өздері басым түскен облыстарға шоғырландырып жатыр. Оңтүстікте – Мариуполь маңына, шығыста солтүстік және Донбасс облысынан шабуыл жасайды.

Ресей басқыншылығының негізгі мақсаттарының бірі Донбаста басып алған жерін үлкейтіп, осы маңдағы аудандарды басып алу еді. Сондықтан сол жаққа әскер шоғырландырып жатқаны таң қалдырмайды. Бұл жағдайды ресейліктер қолдауы мүмкін болғандықтан, украиналықтар үшін аздаған қауіп бар.

Украина әскері қорғаныста табанды болды. Енді ресейліктер әскерін арттырып, кейбірін [басқа аудандардан] жинап жатқанда, Украина әскерінің орнын ауыстырып, қайта қаруландыру қажет. Әсіресе, Киев маңындағы әскер көп зардап шекті. Қару-жарақ табуға, қосымша күш жинауға, әскердің демалып алуына және қайта ретке келуіне уақыт керек.

Аурухана атқылауға ұшырағаннан кейін дәрігерлер пациентті жертөлеге орналастырған. Николаев, 5 сәуір 2022 жыл.

Аурухана атқылауға ұшырағаннан кейін дәрігерлер пациентті жертөлеге орналастырған. Николаев, 5 сәуір 2022 жыл.

Азаттық: Батыс барлаушылары Ресей президенті Владимир Путин 9 мамыр күні өтеді деп жоспарланған дәстүрлі парадқа дейін «жетістікке жетуді» қалап отыр дейді. Бұл енді соғыстың қалай өрбуіне әсер ете ме және Ресей, Украина және Батыс елдеріне қысым болмай ма?

Марк Кансиан: Бұл датаның әскери операцияға қалай әсер етуі мүмкін екені белгісіз.

Генералдар шығыстағы қадамдарын, енді не істейтіндерін анық байқатқандай болды деп ойлаймын. Олар басқа облыстардағы шабуылды тоқтатты. Ресейліктерде соғысуға тағы бір ай [уақыт] бар ма, міне, осы жағы анық емес.

Оларда шығын көп болды, [әскердің] рухы түсті. Оларда уақыт жағынан шектеу бар деп ойлаймын. Жуық арада жеңіске жетпесе, олар тығырыққа тіреледі. Бұл Ресей әскері үшін өте жаман.

Азаттық: Батыс елдері Украинаның шабуылдауына қажет қару-жарақтарды молынан жіберіп жатқанына куә болып отырмыз. Бастапқыда Батыс олай істеуге ықылас білдірмеген. Батыс жіберіп жатқан қару-жарақ Украинаның соғыста басымдыққа ие болуына көмектесе ме? Киев өзі сұраған қару-жарақты ала ала ма?

Марк Кансиан: Батыс Украинаға бұған дейін қолданып келген немесе үйренуі жеңіл құралдар жіберіп жатыр. Олардың арасында Javelin зымырандары, танкке қарсы түрлі зымырандар, Stinger және өзге де зенитті ракеталар бар.

[Қару жіберу] жалғаса береді деп ойлаймын. Олар украиндар қолданып жүрген, оңай үйренуге болатын және материалдық-техникалық базаға жеңіл енетін ірі қару да жіберіп жатыр. [Бірақ] бұларды барынша кеңейту қиынға соғады деп ойлаймын.

[Украина президенті Владимир] Зеленский НАТО ұшақтары мен танктерінің бір пайызын сұрады. Бірақ қолданылып жүрмеген қаруды жеткізуге, үйретуге және тасымалдауға айлар, тіпті, жылдар кетеді. Сондықтан [Америкада жасалған] М-1 танктерін Украинада көрмейсіз.

Екінші жағынан, оларға Т-72 [танктерін] жіберудің де үлкен мәні бар. Польшадағы MиГ-29 да Украинаға жеткізіледі деп ойлаймын. Баспасөз конференциясында АҚШ қару тасымалдауды ашық көрсетпейтінін аңғартты. Олар мұны Т-72 жағдайында істегендей білдіртпей жеткізуі мүмкін. Олар қарудың қайдан және қалай келгенін айтпады, бірақ бұл қару Украинада пайда болды.

Братиславадағы Ресей басқыншылығына қарсы акция. 11 наурыз 2022 жыл.

Братиславадағы Ресей басқыншылығына қарсы акция. 11 наурыз 2022 жыл.

Азаттық: Украиналықтар алуы мүмкін қарудың түрлеріне мән берген қаншалықты дұрыс? Қарудың жаңа түрлері алдағы апталарда Украинаға басымдық бере ала ма?

Марк Кансиан: Ең бастысы – әскердің қуатын көрсететін осы оқ-дәрі.

Батыс тек танкке қарсы қару [мен] зенитті қару ғана емес, артиллериялық снарядтар мен оқтар, күнделікті қажет заттар жіберіп жатыр. Бұл Украинаның соғыс алаңындағы әрекеттерін қамтамасыз ететіндіктен, үлкен мәні бар. Бұл оларға соғыс басында құрылып, қазір әрекетке көшіп жатқан жасақтарды қаруландыруға мүмкіндік береді.

Танк пен ұшақ секілді ірі қару көзге бірден түседі. Оларды да жіберу керек. Бірақ ең бастысы [қару-жарақ] жіберуді тоқтатпау маңызды.

Ресейліктер мұндай көмек алмайды. Олар қару-жарақ пен азық-түлікті елдің басқа бөлігінен әкелуге мәжбүр әрі оны көп мөлшерде өндірмейді. Украина әскері қорын толтырып жатқанда, Ресейде бұл азайып жатыр.

Азаттық: Ресей күштері Мариупольді басып алып, оны Қырымға құрлық арқылы баратындай көпір етуге, Донецк пен Луганск облыстарындағы оккупация аумағын кеңейтіп, Украинаның осы аудандардағы әскерін жоюға тырысып жатыр. Ресей әскері бұл мақсаттарына жете ала ма?

Марк Кансиан: Кейінгі бірнеше аптада олар бүкіл елді жаулап алуды мақсат еткен еді. Онымен салыстырғанда бұл жүзеге асуы мүмкін мақсат. Алайда бұлай болуы екіталай.

Осы үш-төрт аптада Ресей әскері көп жетістікке жете алмады. Қазір оларда соғысқа жұмылдыруға болатын бірнеше құрылым бар, бірақ көп адамнан айырылған күштерін жаңартуға біршама уақыт керек.

Кейбір дерек бойынша олар 7-15 мың адамнан айырылған. Қаза болғандар бұдан да көп болуы мүмкін. Жараланғандар қаза тапқандардан екі есе көп болғанын ескерсек, қазірге дейін 40-50 мың адамнан айырылған болуы мүмкін. Басында әскерилер саны 150 мың болса, олар әскерінің төрттен бірінен айырылған болуы ықтимал.

Ауғанстандағы он жылға созылған әскери қимылдар кезінде Совет одағы он бес мыңға жуық адамнан айырылған. Ресей соғыстың алғашқы айында-ақ осынша адам жоғалтты.

(Сұхбат өңделіп, ықшамдалды)

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Министрлік Сарышағанда зенит ракетасы бөлімшелерінің ұрыс атыстары өткенін хабарлады

    Сарышағандағы әуе шабуылынан қорғаныс жаттығуы. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет. Ақпан, 2023 жыл.  Қазақстан қорғаныс министрлігі 2 ақпанда Ресей жалға алған Сарышаған полигонында әуе қорғаныс күштерінің зенит ракетасы бөлімшелері ұрыс атысы қимылдарын өткізгенін хабарлады. Жаттығудың негізгі мақсаты “жеке құрамның әскери және азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған әуе шабуылдарына тойтарыс беру дайындығын тексеру” деп айтылады. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, “қолданыстағы қазіргі заманғы зенит ракетасы кешендері цифрлық радиолокациялық станциялармен жабдықталған”. Министрліктің хабарламасында ракета кешенінің аты аталмайды. Алайда хабарламадан ресейлік “Бук” кешені сыналып жатқаны байқалады. Ақпаратқа қарағанда, радиолокациялық барлау қызметі “ұшақ және ракетатектес” дрондарды анықтағаннан кейін жауынгерлер дайын емес позицияларға жылжыған. “Кешендер өрістетіліп, шартты қарсыластың құралдары жойылған”. “Заманауи зенит ракетасы кешендерінің көмегімен біз нақты уақыт режимінде

  • Reuters: АҚШ Украинаға 150 шақырымға дейін ұшатын ракеталарын береді

    АҚШ Украинаға құны 2 млрд доллар болатын жаңа әскери көмек пакетін беруге дайындалып жатыр. Көмек пакетіне 150 шақырымға дейін ұшатын ракеталар алғаш рет енгізіліп отыр деп жазды Ақ үйдегі екі дереккөзге сүйенген Reuters басылымы. Әңгіме жоғары дәлдікті GLSDB (Ground Launched Small Diameter Bomb) ракетасы жөнінде болып отыр. Қазір Украинаға жеткізіліп жатқан ракеталар 80 шақырымға дейін ұша алады. Reuters былтыр қарашада Boeing компаниясы өзі өндіретін GLSDB қаруын Украинаға беруді ұсынғанын хабарлаған. Жүйе ракетақозғалтқышы бар шағын диаметрлі бомбадан құралған. Өздігінен дәлдей алатын ракетаны HIMARS қондырғысынан да ұшыруға болады. Ол жүріп бара жатқан нысананы ондаған шақырым жерден атып түсіре алады. Жүйе сипаттамасында оны ғаламдық GPS навигация жүйесімен басқаруға болатыны жазылған. Оны кез келген ауа

  • “Украин болсам, орыстардың шабуылдағанын күтер едім”. Лоуренс Фридманмен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ “Қазір Путин үшін Украинаны мемлекет ретінде жойып жіберу маңызды сияқты” дейді Ұлыбритания тарихшысы Лоуренс Фридман. Суретте: Ресей президенті Владимир Путин (ортада) қорғаныс министрі Сергей Шойгу (оң жақта) мен бас штаб жетекшісі Валерий Герасимовтың ортасында тұр. Ұлыбритания тарихшысы Лоуренс Фридман халықаралық қатынастар, сыртқы саясат пен стратегия тақырыбын зерттейді. Ол қырғиқабақ соғыс, ядролық текетірес, Украинадағы соғыстың шығу тарихы мен барысы туралы академиялық еңбектер жазған. Азаттықтың Грузин қызметі тарихшымен сөйлесіп, тараптардың жеңіске жету және Путиннің ядролық қару қолдану ықтималдығы туралы сөйлесті.  Сэр Лоуренс Фридман бүкіл өмірін соғыс пен дипломатияны зерттеуге арнаған. Британ тарихшысы халықаралық қатынастар, сыртқы саясат және стратегия бағытында зерттеулер жүргізеді. Қырғиқабақ соғыс, ядролық текетірес, әскери операция жүргізу саясаты туралы

  • Соғысқа “Леопард” араласпақ. Немістің бұл танкісі несімен мықты?

    The Associated Press Reuters агенттігі Немістің “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісі. Германия билігі Украинаға “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісін беруге және басқа елдерге де бұл танкіні Украинаға жеткізуге рұқсат берді. Бұл танкіні Украина билігі Германиядан бұрыннан сұрап келген еді.Бірақ Берлин “Леопард” танкісін Киевке ұзақ уақыт бергісі келмеді. Украина қызыққан бұл танк қаншалықты мықты? Түсіндіреміз.  “ЛЕОПАРД 2″ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ТАНК?  “Леопард 2″ танкісін Германияның Krauss-Maffei Wegmann компаниясы жасаған. Компания “Леопардты” ату қабілеті, қорғанысы, жылдамдығы, айласы жағынан “әлемдегі ең мықты танк” деп сипаттайды әрі кез келген жағдайдағы шайқасқа жарайды дейді. 55 тонна танкіге төрт адам сыяды, ең жоғарғы жылдамдығы – 68 км/сағат. Бұл танкінің алғашқы нұсқасы 1979 жылы жасалған. Содан бері Германия 3500-ден

  • Тарихшы: Батыс Сібір – байырғы қазақ жері. Көшім хан – ұлттық батырымыз! 

    Абылай МАУДАНОВ Қостанайлық ғалым Сібір жерін орыс патшалығынан бұрын қазақ рулары игергенін кітап қылып бастырмақ, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының есімі ғылыми ортада кеңінен танымал. Ол үнемі “Тәуелсіз ел өз тарихын өзіндік көзқарасы тұрғынан қарап, талдап, баға беру керек” деген ұстанымды айтып келеді. Қостанайлық тарихшы бірнеше жыл бұрын үлкен бір жобаны қолға алды. Бүгінде ол ұлы Еркін Әбілмен бірге “Алтын Орданың Батыс Сібір ұлысы: этно-саяси тарихы” атты еңбек жазып жатыр. Бұл кітап алдағы жылы (орыс тілінде) жарық көрмек. Мұнда қазіргі Қазақстанның шекарасынан тыс қалған байырғы қазақ жері мен руларының көптеген тарихы қамтылады.Express Qazaqstan тілшісі ғалымды осы тақырыпта сөзге тартып, әңгімелескен еді. Батыс Сібір — біздің байырғы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: