|  | 

Жаһан жаңалықтары

АҚШ президенті Тайваньді қорғау үшін әскери күш қолдануға дайын екенін мәлімдеді


АҚШ президенті Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байден

Президент Джо Байден, егер Қытай басып кірер болса, АҚШ-тың Тайваньді әскери жолмен қорғауға дайын екенін растады.

Бұл мойнымызға алған міндетіміз” деді Байден Токиода өткізген баспасөз конференциясында. АҚШ президенті мұнда жексенбі күні Азия елдеріне сапары барысында келген. Бұл ақпаратты Associated Press таратты.

“Қытайдың Тайваньға күш қолдану жөніндегі кез-келген талпынысы жөнсіз болады, өйткені ол әрекет Украинадағы жағдай сияқты тұтас аймақтың тыныштығын бұзады” деп мәлімдеді Байден. АҚШ президентінің сөзінше, Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін Тайваньді қорғаудың өзектілігі арта түскен.

Байден сөзінен кейін Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь “Тайвань – Қытайдың ажырамас бөлігі” деп мәлімдеді. “Тайвань мәселесі — тек қана Қытайдың ішкі ісі”, — деген Вэньбинь, бұл мәселе бойынша келісімпаздық болмайтынын айта кетті.

Бұрын АҚШ Тайваньға қауіпсіздік кепілінін беруден тартынып келген. 1979 жылдан бері АҚШ-тың Тайваньмен байланысын реттеп келе жатқан “Тайваньмен қатынас туралы” заң АҚШ-тан Қытай басып кірген жағдайда Тайваньді қарумен қорғауды талап етпейді. Бұл құжат АҚШ-ты, егер Қытай Тайвань статусын өз бетімен, біржақты өзгерткісі келсе, Тайваньнің өзін-өзі қорғауын қамтамасыз етуді ғана міндеттейді.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • Reuters: АҚШ Украинаға 150 шақырымға дейін ұшатын ракеталарын береді

    АҚШ Украинаға құны 2 млрд доллар болатын жаңа әскери көмек пакетін беруге дайындалып жатыр. Көмек пакетіне 150 шақырымға дейін ұшатын ракеталар алғаш рет енгізіліп отыр деп жазды Ақ үйдегі екі дереккөзге сүйенген Reuters басылымы. Әңгіме жоғары дәлдікті GLSDB (Ground Launched Small Diameter Bomb) ракетасы жөнінде болып отыр. Қазір Украинаға жеткізіліп жатқан ракеталар 80 шақырымға дейін ұша алады. Reuters былтыр қарашада Boeing компаниясы өзі өндіретін GLSDB қаруын Украинаға беруді ұсынғанын хабарлаған. Жүйе ракетақозғалтқышы бар шағын диаметрлі бомбадан құралған. Өздігінен дәлдей алатын ракетаны HIMARS қондырғысынан да ұшыруға болады. Ол жүріп бара жатқан нысананы ондаған шақырым жерден атып түсіре алады. Жүйе сипаттамасында оны ғаламдық GPS навигация жүйесімен басқаруға болатыны жазылған. Оны кез келген ауа

  • Соғысқа “Леопард” араласпақ. Немістің бұл танкісі несімен мықты?

    The Associated Press Reuters агенттігі Немістің “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісі. Германия билігі Украинаға “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісін беруге және басқа елдерге де бұл танкіні Украинаға жеткізуге рұқсат берді. Бұл танкіні Украина билігі Германиядан бұрыннан сұрап келген еді.Бірақ Берлин “Леопард” танкісін Киевке ұзақ уақыт бергісі келмеді. Украина қызыққан бұл танк қаншалықты мықты? Түсіндіреміз.  “ЛЕОПАРД 2″ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ТАНК?  “Леопард 2″ танкісін Германияның Krauss-Maffei Wegmann компаниясы жасаған. Компания “Леопардты” ату қабілеті, қорғанысы, жылдамдығы, айласы жағынан “әлемдегі ең мықты танк” деп сипаттайды әрі кез келген жағдайдағы шайқасқа жарайды дейді. 55 тонна танкіге төрт адам сыяды, ең жоғарғы жылдамдығы – 68 км/сағат. Бұл танкінің алғашқы нұсқасы 1979 жылы жасалған. Содан бері Германия 3500-ден

  • WP: ЦРУ басшысы Киевке жасырын келіп, Ресей жоспары туралы айтқан

    Уильям Бернс АҚШ орталық барлау басқармасының (ЦРУ) басшысы Уильям Бернс өткен аптада Киевке жасырын келіп, Украина президенті Владимир Зеленский және украин барлау қызметінің басшыларымен кездескен. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген The Washington Post басылымы жазды. Басылым дереккөзінің айтуынша, Бернс Зеленскийге Ресейдің Украинада жоспарлап отырған әрекеттері туралы хабар берген. Америка барлаушылары мен батыс сарапшылары Мәскеу украин армиясының оқ-дәрі таусылып бара жатқанын пайдаланып, алдағы уақытта жаңа шабуыл дайындап отырғанын жоққа шығармайды. Дерекөздің айтуынша, Зеленский АҚШ Конгресінің өкілдер палатасында бақылау демократтардан республикалықтарға көшкеннен кейін Украина АҚШ пен Батыс елдеріне қаншалықты арқа сүйей алады деген сұрақтың жауабын білгісі келген. Басылымның жазуынша, Бернс көмек алу сәл қиындай түсетінін растаған. WP жазуынша, дегенмен Зеленский мен көмекшілері кездесуден Байден әкімшілігінің

  • NYT: АҚШ Украинаға Қырымға соққы жасау бойынша көмек беруді қарастырып жатыр

    Қырым көпірі.  “Украина әскерінің Ресей аннексиялап алған Қырымға соққы жасау мүмкіндігі болуы тиіс, бұл Киевке болашақ келіссөздерде қоятын шарттарының салмағын арттыруға жағдай жасайды. АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің пікірі осы жаққа қарай ойысып барады” деп жазды New York Times (NYT) басылымы. Газеттің жазуынша, Ресей басқыншылығы басталғалы бері әкімшілік өкілдері қақтығыс ушығып кетпес үшін Киевке түбекке соққы жасайтын қару беруден бас тартқан. Енді басылымның мәліметінше, Байден әкімшілігі украин шенеуніктерімен мәселені талқылағаннан кейін Киевке мұндай қару-жарақ керек екеніне көзі жете бастаған тәрізді. Басылымның жазуынша, Америка шенеуніктері мен сарапшыларының Ресей ядролық қару қолданады деген күдігі де сейіле бастаған. Дегенмен мұндай қатер әлі жойылмаған. Бірақ мәселе Украинаға алысқа ұшатын ракеталарды беру жөнінде болып отырған

  • “Вагнер” тобы Соледар қаласын алдық дейді. Украинадағы майданда не болып  жатыр?

    Азаттық радиосы Соледар қаласынан шыққан түтін. 5 қаңтар 2023 жыл. Украинаның Донецк облысындағы шағын Соледар қаласы үшін кескілескен шайқас жүріп жатыр. Ресейдің жалдамалылардан құралған “Вагнер” әскери тобы қаланы толық бақылауға алдық деп мәлімдесе, Украина мұны жоққа шығарады. Соледардағы шайқастың жай-жапсары. ПРИГОЖИН МЕН СЕПАРАТИСТЕР НЕ ДЕЙДІ? “Ресейдің “Вагнер” тобы бірнеше аптаға созылған шайқастан соң Украинаның Донецк облысындағы Соледардың басым бөлігін бақылауға алды” деп мәлімдеді Ұлыбритания қорғаныс министрлігі соғыс жайлы хабарламасында. Соледар – Бахмуттан он шақырымда орналасқан шахталы қала. Ал Ресей әскері бірнеше айдан бері Бахмут қаласын алуға тырысып жатыр. Соледардың орталығына ресейлік әскерилер кіргенін Ресейдің телеграм каналдары да жазып жатыр. Ал 10 қаңтар кешкісін сепаратистік “ДХР” аймағының Кремль тағайындаған басшысы Денис

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: