|  |  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Көз қарас Саясат Сұхбаттар

Украина мен Батыс Ресейді жеңуі үшін не істеуі керек? Уэсли Кларкпен сұхбат


Ресей бастаған соғыс салдарынан жермен-жексен болған көпқабатты тұрғын үйдің орнында отырған бала. Краматорск, Украина, 25 мамыр 2022 жыл.

Ресей бастаған соғыс салдарынан жермен-жексен болған көпқабатты тұрғын үйдің орнында отырған бала. Краматорск, Украина, 25 мамыр 2022 жыл.

Уэсли Кларк 1998 жылы Югославия лидері Слободан Милошевичтің Косовода албан ұлты өкілдеріне жасаған зұлымдығын тоқтату үшін жүргізілген НАТО операциясын басқарған. АҚШ-тың отставкадағы генералы, Калифорния университетінің Беркл халықаралық қатынастар орталығының бас ғылыми қызметкері Кларк Азаттықтың Грузин қызметіне берген сұхбатында Ресейдің Украинаға басқыншылығын тоқтату үшін Украина мен Батыс не істеуі керегін айтты.

Азаттық: Украинаның қазіргі әскери жағдайын қалай бағалайсыз? Путин қандай да бір мақсатына жетті ме?

АҚШ-тың отставкадағы генералы Уэсли Кларк.

АҚШ-тың отставкадағы генералы Уэсли Кларк.

Уэсли Кларк: Ол Украинада ешқандай нәтижеге жеткен жоқ. Мақтанатын дәнеңе де жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске жеткенін атап өтетін 9 мамырға сонша мән бергені де осыдан. Оның мақтанарлық ештеңесі болмады. Киевті ала алмады, Харьков қарсы тұрды, орыстар артиллерияға жете алмады.

Украинадағы шабуыл солтүстік-батысқа қарай ойысып жатыр, Донбасстағы жағдай негізінен бірқалыпты болып тұр. Жер кебетін уақыт келді. Донбасста орыстар үлкен өзендердің бірінен өтсе, ашық жерлерге шабуылдауы мүмкін. Онда екінші дүниежүзілік соғысқа тән маневр көмектесуі [мүмкін]. Ресейдің шабуыл әдісі – елді мекендерді қирату арқылы Украинаның қорғанысын бұзу. Олар бұл елді мекендердің Украинаның танктерге және әуе қорғанысына қарсы мықты алаң екенін біледі, сондықтан артиллерия көмегімен соларды атқылауы мүмкін. Жаңа айтқанымдай, жер кепкен соң олар бұл елді мекендерді айналып өтіп, сол жерлердегі ашық алаңдар арқылы қозғала алады.

Мынаны түсінуіміз керек: Ресейдің отандық әскери өндірісі бар. Санкциямен соққы жасап жатқан шығармыз. Оны білмеймін. Ресейдің қорғаныс өндірісі Батыстың кейбір технологиясына сүйенетіндіктен, қиындық туғанын естідім. Бірақ Украинада отандық өндіріс ондай емес, ол алып жатқан құрал-жабдықтардың көбі жүздеген миль жол жүріп, алдымен әуе арқылы, сосын теміржолмен жеткізіліп жатыр. Бұл қиындай береді. Сондықтан Украинаның шамасы жетіп жатыр деген алдын ала болжам айтуға болмайды. Бұл соғыста жеңіліп қалуы да мүмкін. Украина тек АҚШ пен Батыс елдерінің қолдауымен ғана жеңіске жете алады.

Минометтің жанында отырға Украина сарбазы. Харьков облысы, 9 мамыр 2022 жыл.

Минометтің жанында отырға Украина сарбазы. Харьков облысы, 9 мамыр 2022 жыл.

Азаттық: Украинаға жеңіске жету үшін қазір қандай әскери көмек керек?

Уэсли КларкАлдымен орыс артиллериясын жеңу керек. Дәл қазір орыс артиллериясын жеңе алса, ресейліктер ешқашан жетістікке жете алмайды. Олар қалаларды бомбалағанда орыс артиллериясына соққы жасап, соларды жойса, қалалар аман қалады. Бұл бір. Екіншіден, барлау қызметінің қолдауы керек. Мүмкін соларға әуе шабуылына қарсы радар жетіспейтін шығар. Әлде әуе шабуылын дрондардың көмегімен бақылай ма? Ол да жетіспейтін сыңайлы. Бірақ негізінен артиллерияға [күш түседі]. Оқ-дәрісі өте мол артиллерия қажет, сонысымен күніне жүздеген соққы беру керек.

Сосын оларға авиация [мүмкіндіктері] керек. Неге? Өйткені олар жылдам әрекет етуі керек. Тікұшақтар мен “әуе-жер” қаруына дереу тойтарыс беруі керек. Оларда бұл жоқ. Украина күніне екі-үш рет қана ұшақ ұшыратын шығар. Олар Ресей ұшақтарына қарсы тұру үшін күніне елу реттен ұша алатын болуы керек.

Ресей күштері атқан зымыранның бөлшегі. Лисичанск, Луганск облысы, Украина, 26 мамыр 2022 жыл.

Ресей күштері атқан зымыранның бөлшегі. Лисичанск, Луганск облысы, Украина, 26 мамыр 2022 жыл.

Әуе шабуылынан жақсы қорғаныс керек. Мұндай қару Киев маңында Ресей ұшақтарына қарсы шыққанда жеткілікті болды, бірақ үш жүз шақырым жердегі соғыс алаңындағы Донбасста жетіспейді. Кемелерге қарсы зымырандар да керек. Ондай қару беріледі деп уәде айтылғанын естідім, бірақ әлі дайын емес.

Ресейде кеме өте көп, олар “Калибр” зымыранымен соққы бере алады. Орыс кемесі неліктен 150-200 шақырым жерде тұрып зымыран атады да, қарсы шабуылсыз қалады? Мысалы, Одесса портында экспортқа жіберілетін миллиондаған тонна бидай бар. Әлем оған мұқтаж, бірақ орыстар оны ұстап отыр.

Ұшқышсыз ұшатын аппарат пен кемеге қарсы зымыран болса, Қара теңізді ашуға болады. Сүңгуір қайықтары болса мәселе басқа, бірақ гуманитарлық мақсатта қажет болса, мұны да қарастыруға болады. Сондықтан осылар қажет. Беренді техника да көптеп қажет болатын шығар, себебі орыстар кірсе, олар алдыңғы қатарлы технологиясы бар орыс әскеріне қарсы тұруы керек болады.

Азаттық: НАТО елдері Украинаға қажет қару-жарақты уақытында жіберіп жатқанына сенімдісіз бе?

Уэсли Кларк: Украинаға да, Америкаға да заңды процедураларды сақтауға байланысты қауіп барын білемін, себебі осы нәрселерден пайдаға кенелгісі келетін активтер мен адамдардың болғанын қаламаймыз. Оларды сатып жатқан кезде, заңды процедуралар болуы керек. Бірақ қандай да бір жолмен бұл шараларды тездетіп, Украинаның қажетін алуына мүмкіндік жасау керек.

Орыс әскері наурызда Киев маңынан кеткенде, қолдау алу үшін бірнеше апта бары түсінікті еді. Бұл бірнеше апта аяқталды. Америкалық гаубицалардың көбі сонда, одақтастардың басқа да активтері сол жерде болуы мүмкін. Бірақ бұл [тек қана] Украина айырылған [қару-жарақтың] орнын толтыра алады.

Ресейді жеңу үшін одан да көп нәрсе керек. Мұны тездеткен жөн. Украинада шілде-тамыз айларында Ресейді елден, Донбасстан, елдің оңтүстігінен шығаратын мүмкіндік болуы мүмкін. Ресейге біршама күшті жұмылдыру үшін желтоқсанға дейін уақыт керек. Си Цзиньпин үшінші мерзімге өтпей, Қытай көмектесе алмайды. Украина орын ауыстыруға қажет материалдарды алса, алға жылжыса, Украинада мүмкіндік болады.

Украина күштерінің өздігінен жүретін артиллерия қондырғысы жау шебін атқылап жатыр. Харьков облысы, 7 мамыр 2022 жыл.

Украина күштерінің өздігінен жүретін артиллерия қондырғысы жау шебін атқылап жатыр. Харьков облысы, 7 мамыр 2022 жыл.

Азаттық: Ресей лидерінің ядролық қаруы барын, ал Милошевичте ондай мүмкіндік болмағанын ескерсек, Милошевич пен Путинді салыстыру қаншалық әділетті?

Уэсли Кларк: Сес көрсетудің кез келген жолы қолданылып жатыр. Бірақ ақыр аяғында Югославияда Милошевич НАТО-ның әуе шабуылынан қаша алмайтынын білді. Ол ұшақтарды жеңе алмады. Ақыр соңында кетуі керек болды. Қазір біз Путинге Украинаға келгенде ешқандай әскери жетістікке жете алмайтынын көрсетуіміз керек. Сосын оған басқалай да қысым көрсетіліп, ол тоқтауы керек екеніне көзі жетеді.

Косовода көп ештеңе өзгермеді. 1998 жылы жазда Франция мен Германия БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы болмаса, НАТО арқылы ештеңе істемейтінін мәлімдеді. Ресей бұл мәселеде Қауіпсіздік кеңесінің ешқандай резолюциясы жоқ деді. 1998 жылы жазда 400 мыңнан астам албан үйінен қуылды. Бірақ Ресей қателесті. Милошевич қателесті. Франция мен Германия Милошевичтің не ойлағаны барын біле сала, осы науқанға келісті. Мұнда да жағдай сондай.

Ресей Батысты әлсіз деп ойлап қателесті. Батыс мықты. Осылайша Путиннің он екі жылға созылған жоспары болды. Ал АҚШ пен Еуропада адамдар [өз] отбасы мен үйіне қарады, балаларының білім алуына мән берді. Олардың ойлау жүйесі мүлдем басқа. Бұл демократияға келіп тірелетін мәселе. Алайда Путин сияқты немесе Қытай президенті Си [Цзиньпин] секілді адамдарға мұны түсіну және қабылдау өте қиын… Бірақ мұның бәрі айтарлықтай күшпен келеді. Әлем осыдан сабақ алуы керек.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек: 1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі. «…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген

  • …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді. Екі миллиардер арзан, уақытша саяси ұпай жинайды. Ал Қазақстанның жоғалтатыны өте көп. Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, елімізде “Заң мен тәртіп диктатурасының” көкесі сонда болады. Ол отызға жуық саяси тұтқынның қазіргі шарасыз күйін алда бүкіл қазақ қоғамы кешеді деген сөз. Мүмкін сол кезде сөз еркіндігінің құнын ел болып түсінетін шығармыз. Бірақ, ашығын айтқанда, оған да күмәнім бар. Азаттық радиосы жабылады деп бүгін бөркін аспанға атып жатқандар, “Тәртіпке бағынған құл болмайды” деп “Азаттықсыз” Қазақстанда саяси режимнің репрессиясын ақтап алады. Оған менің еш күмәнім жоқ. Shalkar Nurseitov

  • НАУРЫЗ АТАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕРЕКЕЛІК СИПАТЫ

    НАУРЫЗ АТАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕРЕКЕЛІК СИПАТЫ

    Наурыз халқымыздың тарихы ұзақ, өміршеңдігі күшті, қазақы салт- дәстүрді негізгі өзек еткен бірден- бір ұлттық мереке. Ол қазақ халқының ұзақ уақыттық қоғамдық өмір ісжүзіндігінен (практикасынан) туындап, бірге жасап келе жатқан аса мерейлі мейрам. Осыбір киелі мерекені «Парсы тіліндегі (нау- жаңа, рұз- күн) деген мағнадағы сөздеріне теліп, өз маңдайымызға сидыра алмай Парсыларға қосқолдап ұсынғысы келіп жүрген таяз талғам тар өрісті «құлшылдық құмыр» шырмауынан шыға алмай жүргендеріміз де жетеді арамызда. Тіліміздің ішкі заңдылығына үңілсек, Қазақ тілі көп мағналы, ауыспалы мағналы, балама мағналы сөздері көп, түбір сөздерді негіз ете жұрнақ, жалғау, қосарлау, біріктіру т.б жолдарымен түрленіп отыратын құрылымы күшті бай тіл. Оның үстіне осынау аса бай тілімізде дәуірдің өзгеруі, ғылым- техниканың дамуына байланысты

  • Қазақстан әскерінің қауқары қандай? Министрлік өкілі мен сарапшының айтқаны

    Қазақстан әскерінің қауқары қандай? Министрлік өкілі мен сарапшының айтқаны

    Мейірім БАҚЫТЖАН “Батыл тойтарыс-2023″ стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығуына қатысып жатқан қазақстандық сарбаздар. 2023 жылдың қыркүйек айы. Қорғаныс министрлігінің телеграм-арнасынан алынған сурет. Биыл Қазақстанда екі әскери колледж ашылмақ. 27 ақпанда Астанада журналистерге осы жаңалықты жеткізген қорғаныс министрлігінің өкілі Мұрат Олжабаев қазіргі кезде Қазақстан армиясында жоғары деңгейдегі офицерлер жеткілікті, кадр тапшылығы жоқ деді. Бұл сөзге бірқатар депутаттар да қосылады. Ал кейбір сарапшы ел армиясына кәсіби білікті маман мен қорғаныс саласына түбегейлі реформа жүргізу қажет деп есептейді. “АРМИЯДА ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ МАМАН ЖЕТКІЛІКТІ” Астана, Щучинск пен Шымкент қалаларында әскери колледждер бұрыннан бар, енді олардың саны беске жетпек. Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаевтың айтуынша, жақында Алматы мен Қарағанды қалаларында жаңадан

  • Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық

    Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық

    Саят Ыбырай Эйнштейн айтқандай, “Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық: бірі – Ғаламның шексіздігі, екіншісі – адам баласының ақымақтығының шексіздігі” деп, XXI ғасырдың адамының мына бір “қабілетіне” таңқалам: бақытты боп отырып, бақытсыз болу қабілетіне таңқалам мен! Жауын жаумай су боп отыру. Біреуге өкпелемей, кінә артпай жүре алмайтын, тсс. Және бұл – тоқ қоғамның қасиеті. Әсіресе Еуропаның! Екі жыл тұрғам. Көргем. Таңқалғам. (Американы білмеймін, онда болғам жоқ, оның жүзін көрсетпесін!) Сол жылауық, боркемік, бақытсыз, талайсыз еуропалықтардық ауруы бізге де жетті. Максим Горький “Басына Күн орнатып қойсаң да ырза болмай жүреді олар” деп суреттейтін мещандық психология, тоғышарлық дерт. “Дачники”-де жазатын. Қайдан келді бұл? Неден басталды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: