|  | 

Тарих

Қарақалпақ халқы Сәкен Сейфуллинді білеме екен?

Сәкен Сейфуллин
1922 жылдары қарақалпақ зиялысы Аллаяр Досназаров С.Сейфуллинге былай деп өтініш білдіріпті:
- Сәке, бізге ағасың. Аға баласысың. Біз үйсіз-күйсіз қалдық. Бізге көмектес. Қияметтік туысың болайын, – дейді. Сәкен Сейфуллин інісінің сөзін жерге тастамапты. Москвада осы мәселені қайта-қайта көтереді. Ақыры мақсатына жетеді. 13-ақпан 1925 жылы Калининнің қолымен қаулы қабылданады. Онда:
“Әумудария облысы базасында, Қазақстан құрамында Қарақалпақ Автономиялық Республикасы құрылсын”- делінген екен.Сол қаулыда ККАССР-дің астанасы(пайтахты) Петро Александровск(Төрткүл) порты болсын деп көрсетіліпті. Нөкіс қаласынан Сәкен Сейфуллинге ескерткіш қойылса ғой шіркін. Тарих қой тарих. Ал тарих бұрмаланбауы керек.Тарихи тұлға құрметтелуі тиіс..
——
Оң жақтағы – Әлкей Өтекин. Сәкеннің көмекшісі. Сурет Орынборда түсірілген. ол кезде Сәкен Сейфуллин Қазақ АССР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы, қазіргіше айтсақ, премьер-министр болатын. ©К.Қам
Сәкен – ірі қоғам, мемлекет қайраткері. Керек десеңіз, Республикамызға Қазақстан атын бергізген, «Қазақ тілі кеңсе тіліне айналмай, бағы жанбайтынын айтып», тіліміздің мемлекеттік статус алуына ең алғаш еңбегін сіңірген адам осы Сәкен Сейфуллин екенін тарихқа үңілген жан білер еді. Cондай-ақ Сәкен халқын шын сүйіп, қазақтың қара домалақ балаларын қолынан келгенше оқуға түсуіне жәрдемдесіп, тіпті өз үйінде де тұрғызған. Орынбор астана боп тұрған шағында небары 27 жасында үкімет басқарған Сәкен бір помещиктің он бөлмелі үйін жалға алып, соның бір бөлмесінде ғана өзі тұрып, қалғанын түгелдей ауыл балаларына баспана етіп берген. Оның ішінде Сәбит Мұқанов та, Ғабит Мүсіреповтер де бар.
Ырымжан Сейфуллина
——
Сурет өңделген. Суреттің оригиналы пікір бөлімінде тұр.
Пы—сы: Небір мықты жігіттер өткен ғой Қазақта ә?? Ана Монғолияның Астанасында Қазақ, яғни Тұрар Рысқұлов бекітіп берген дейді. Ол туралы парақшама ертең салам.

Related Articles

  • Тарихшы: Батыс Сібір – байырғы қазақ жері. Көшім хан – ұлттық батырымыз! 

    Абылай МАУДАНОВ Қостанайлық ғалым Сібір жерін орыс патшалығынан бұрын қазақ рулары игергенін кітап қылып бастырмақ, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының есімі ғылыми ортада кеңінен танымал. Ол үнемі “Тәуелсіз ел өз тарихын өзіндік көзқарасы тұрғынан қарап, талдап, баға беру керек” деген ұстанымды айтып келеді. Қостанайлық тарихшы бірнеше жыл бұрын үлкен бір жобаны қолға алды. Бүгінде ол ұлы Еркін Әбілмен бірге “Алтын Орданың Батыс Сібір ұлысы: этно-саяси тарихы” атты еңбек жазып жатыр. Бұл кітап алдағы жылы (орыс тілінде) жарық көрмек. Мұнда қазіргі Қазақстанның шекарасынан тыс қалған байырғы қазақ жері мен руларының көптеген тарихы қамтылады.Express Qazaqstan тілшісі ғалымды осы тақырыпта сөзге тартып, әңгімелескен еді. Батыс Сібір — біздің байырғы

  • НКВД атқан ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

    Сталиндік репрессия жылдарында Алаш қайраткерлерімен бірге атылған қазақтың қайсар қызы Шахзада Шонанова атылған қазақтың үш қызының бірі. НКВД жендеттерін Шахзаданың шыққан тегі шошытты, сондықтан айуандықпен әбден азаптап болғасын атып тастады. Сонымен Шахзада Шонанова кім ? Шахзада Аронқызы Шонанова-Қаратаева 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым (Жымпиты) ауданында дүниеге келді. Әкесі Арон Қаратаев, алаш қайраткері, Ресей Думасына депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаевтың інісі. Шахзаданың өзі Шыңғысханныі тікелей ұрпағы еді. Шахзаданың тегі былай: Шыңғысхан-Жошыхан-Тоқай Темір-Өз Темір-Өз Темір хожа Бадақұл ұғылан-Орысхан-Құйыршық хан-Барақ хан-Жәнібек хан-Өсік сұлтан-Қаратай сұлтан-Бисәлі-Дәулетжан-Арон-Шахзада. Шахзаданың анасының да тегі мықты, Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің немересі Хұсни-Жамал Нұралыханова. Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді мұғалима 1894 жылы Бөкей ордасында қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашты,

  • БАЙБАТЫРҰЛЫ ЫҚЫМ.

          Байбатырұлы Ықым Алматы облысы ( 1940-жылға дейін Шұбартау Алматы облысына қараған) Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында 1876 -жылы қой төлдеген уақытта ауқатты отбасында дүниеге келеді. Жастайынан өзінің  пысықтығы мен әкесі Байбатырдың қолдауымен Шұбартау өңіріне танымал Нақысқожадан арабша, кейіннен латынша оқып хат таниды. Көптеген шығыстың хисса- жырларын оқып жатқа айтатын. Өзінің парасаты мен білімділігінің арқасы шығар ол Семей облысы, Шұбартау ауданы, Мадениет ауылдық округі, Бақанас өзенінің бойына (Ақүшкел аталған) 1923-жылы  Тойғарин Бейсенбаймен бірігіп, алғашқы мектеп салдырады.  Ынтасы бар ауыл балаларын Ташкенткке апарып оқу орындарына орналастырады. Солардың бірі – Ибраев  Кәрімді  Ташкентке апарып САГУ-дің (Среднеазиатский государственый университет) медицина факультетіне түсіреді. Ауыл тұрғындарына қамқорлық көрсетіп, еңбекке тартып, отырықшылық өмірге бейімдеуге септігін тигізеді. Егістік жерлерді суғару үшін

  • ҚҰНАНБАЙДЫҢ САПАРҒА АТТАНАР АЛДЫНДА ҰЛЖАНҒА АЙТҚАНЫ:

    Бәйбіше, үй серігім ғана емес, өмір серігім едің. Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел өзің едің. Өзіме тағдыр бақ берген жанмын деуші ем. Айтыспасақ та, жер танытып отыратын қабақ пен жүрек бар еді, соған сенуші ем де, кейде шәлкес, кейде қия да басып кете беруші ем. Бағыма масайып еркелегенім болса керек. Енді қай дөңнің басында қалармыз, кім біледі. Сенің айтар кінәң болса да, менің саған артар бір түйірдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейілің үшін балаларыңның бағы ашылсын. Мен айтарды өзің айтыпсың. Менің арманымды өз арманың етіпсің. – деді Бұл – жүрер алдындағы Құнанбайдың Ұл­жанға айтқан сөзі. Қалың туыс, үйірлі ағайын, шоғырлы бала-шаға, дос-жаран,

  • Алашорда Үкіметінің төрағасы

    Осыдан 80 жылдай бұрын Мәскеудегі НКВД-ның Бутырка түрмесінде Алашы үшін азап шеккен Әлихан атамыз тұтқын анкетасын өз қолымен толтырғанда мамандығын журналист, аудармашы деп көрсеткен. Револю­ция­дан кейін қазақтың Алашорда Үкіметінің төрағасымын деп тайға таңба басқандай жазып кетіпті. ⠀ Тізесін бүкпеген, айылын жи­маған, ешкімнен қаймықпаған. Қазақ­тың талай арысы жапон шпионы деген жаланы азапқа шыдамай мо­йындағанда, жалғыз Әлекең ғана сынбапты. Рухы тасты да шабатын алдаспандай болғаны ғой. Ленин анкетасында мамандығын «журналист» деп, Сталин «марксист» деп жазыпты. Бұл екеуі де негізгі мамандықтары басқа бола тұра, журналист болған. Ленин «­Искра» газетін шығарып, өзі редактор болса, Сталин бүкіл мақалалары мен сөйлейтін сөздерін өз қолымен жазған. Осы екі тұлғаны да Әлихан атамыз көзіне ілмеген. Әлекеңді әуелі Бутыркаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: