|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Сұхбаттар

“Украинаға әскери ұшақ беруге қашан Батыстың батылы жетеді?” Британ маршалы Грег Бэгвеллмен сұхбат


Румыниядағы әскери базадан ұшып бара жатқан америкалық F-16 әскери ұшағы. Бейтарап сурет.

Румыниядағы әскери базадан ұшып бара жатқан америкалық F-16 әскери ұшағы. Бейтарап сурет.

Бұрын Украинаға әскери танк беру мәселесі айтыс тудырып келсе, енді әскери ұшақ туралы пікірталас болып жатыр. Ұлыбритания біріккен корольдігі әскери әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы, авиация маршалы Грег Бэгвелл Азаттықтың Грузин қызметіне берген сұхбатында Ресей авиациясының осал жағы жайлы, Украина Батыстан әскери ұшақ алса, жағдай қалай өзгеруі мүмкін екенін айтып берді.

Ресей басқыншылығына қарсы күресіп жатқан Украинаның әскери әуе күштері көбіне совет кезінен қалған МиГ ұшақтарын пайдаланады. Киев Батыс елдерінен бірнеше рет әскери жойғыш ұшақ сұраған. Бірақ АҚШ та, Ұлыбритания да әзірше көнбей отыр. Олар соғысты ушықтырып жіберуден қауіптенетінін алға тартып, басқаша әскери көмек беруді жөн көреді.

Кейбір саясаткерлер мен сарапшылар Украинаға Батыс ұшақтарын беру мәселесінде оқытып-үйрету мен логистика қиындық тудыруы мүмкін екенін айтады.

Ұлыбритания корольдігі әскери әуе күштерінің авиация маршалы Грег Бэгвелл Джоя-дель-Колле әуе базасындағы баспасөз мәслихаты кезінде сұхбат беріп тұр. Италия, 23 наурыз, 2011 жыл. Архивтегі сурет.

Ұлыбритания корольдігі әскери әуе күштерінің авиация маршалы Грег Бэгвелл Джоя-дель-Колле әуе базасындағы баспасөз мәслихаты кезінде сұхбат беріп тұр. Италия, 23 наурыз, 2011 жыл. Архивтегі сурет.

Азаттықтың Грузин қызметі әскери ұшқыш, Ұлыбритания біріккен корольдігі әскери әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы Грег Бэгвеллмен сұхбаттасты. Авиация маршалы Ресей әуе күштеріндегі кемшіліктер, Батыс елдерінің Киевке әскери ұшақ беруден неге тартынып отырғаны және әуе шайқасына “аса ыңғайлы” F-16 жойғыш ұшағы жерін басқыншылардан қорғап жатқан Украинаға несімен ұтымды болатыны туралы айтып берді.

РЕСЕЙ АВИАЦИЯСЫ ҚАЙДА?

Азаттық: Ресейдің Украинаға қарсы соғысы жоспарлағанынан өзгеше өрбіді. Әуеде үстемдікке ие бола алмауына не себеп?

Грег Бэгвелл: Өте жақсы сұрақ. Ондайдың қажеті жоқ, оны [соғысты] тез бітіреміз деген сенімде болғандықтан деп топшылауға болар. Әскери күш-қуатының артықшылығы мен шапшаң қимылдың арқасында аласапыран жасап, елді оп-оңай басып аламыз деп ойласа керек.

Бірақ іс жүзінде өзгеше болып шықты дер едім. Ресейдің әуе күштерінің мүмкіндігі жайлы сөз болғанда, олардың мәлімдемесіне қарап, мықтылығы жағынан Украинаға тең келетін, бәлкім, тіпті одан да, Батыстан да күші артық қарсылас болып көрінуі мүмкін. Алайда іс жүзінде ол сөзі ешқашан расталған емес.

“Темір шымылдық” күйрегеннен кейін, ондай ұшақ шынымен де әуеде біршама мүмкіндікке ие екенін байқатқан. Бірақ логистика тұрғысынан қолдау, деректер басқару, қару-жарақ, сенсорлармен жабдықтау және бастысы [оған қызмет көрсететін] құрамның дайындық деңгейі әлсіз екені аңғарылды. Мұндай жағдайда қымбат, аса қуатты машина өз міндетін жоғары деңгейде атқара алмайды.

Ондайды әсіресе Ресей әскери әуе күштерінен байқадық: олар мұндай платформалардың әлеуетін толық пайдалануға машықтанбаған болып шықты. Өйткені дайындық реттелген қалыппен жүргізіледі екен. Белгілі бір процестер мен процедуралар бар. Батыс әскері олай соғыспайды. Бізде желілер мен датчиктер бар, [және] бізге анағұрлым байыпты шайқас ұнайды. Ал ондай ұрысқа олақ Ресей әскери күшті үйіп-төгіп соғысқанды жөн санайды. Онысын Сирияда және басқа жерлерде көрсетті, бірақ Украинаға келгенде анағұрлым ақылды [қарсыласқа] тап болды және оны ала алмады деп ойлаймын.

Меніңше, Ресей авиациясының көзімізге көп түспеуінің негізгі себебі – осы. Тағы бір фактор болуы мүмкін: егер әуеде атып түсірсе, жоғары деңгейдегі, аса қымбат қазіргі заманғы [үлгідегі] құралдан айырылып қаламыз, оның үстіне, талай адамның абыройы айрандай төгіледі деп Украинадан қатты қорқатын да тәрізді. Сондықтан орыстар не таңдап-талғамай шабуылдағанды, не қозғалмайтын нысананы жоюға ғана тиімді қару – алысқа жететін зымыран қолданғанды жөн көреді. Ал ондайда көбіне нысанаға азаматтық объектілер ілініп жатыр.

БАТЫС ЕЛДЕРІ УКРАИНАҒА ЖОЙҒЫШ ҰШАҚ БЕРУДЕН НЕГЕ ТАРТЫНАДЫ?

Азаттық: Украинаға Батыстың жойғыш ұшақтарын беру мәселесіне келейік. Не себепті бермей отыр? Вашингтон да, Лондон да, Берлин де бұл мәселеге байланысты консенсусқа келетіндей көріне ме?

Грег Бэгвелл: Ресей мұны тыйым салынған әлдебір шектен аттау деп қабылдауы мүмкін деген ұғым негізгі себеп болып отыр, өз басым оны қате деп есептеймін. Және осындай көңіл-күй, әрине, Ресейге де жағады. Өйткені ол Украина аспанынан Батыс ұшақтарын мүлде көргісі келмейді.

НАТО күштерінің әуе шабуылынан қорғаныс бөлімшелерінің Tobruq Legacy 2017 атты жаттығуына қатысып жатқан Польша әскери әуе күштерінің F-16 ұшақтары.

НАТО күштерінің әуе шабуылынан қорғаныс бөлімшелерінің Tobruq Legacy 2017 атты жаттығуына қатысып жатқан Польша әскери әуе күштерінің F-16 ұшақтары.

Жаңағы болжам бойынша, Батыс ұшақ берген жағдайда Украина сонымен Ресей аумағындағы нысаналарға шабуылдауы, ал [Ресей президенті Владимир] Путин оны мүлде шектен шығу деп қабылдап, аса шалт қимылға баруы мүмкін-мыс. Және де өзге елдерді, НАТО немесе тағы басқаларды жанжалға араластыруға себеп болуы ықтимал деген қауіп айтылады.

Барлығы да жанжалды өршіткісі келмейтіні түсінікті. Бірақ осы жерде сұрақ туады: ұшақтар берсек, Ресейді Украинаға немесе оны қолдап отырған басқа елдерге жауап ретінде тың қадамға баруға итермелейміз бе? Ондай ештеңе болмайды деп есептеймін. Ресей майданның алдыңғы шебінен қазіргі заманғы ұшақтарды үзілді-кесілді көргісі келмей отырса да, ессіз іс-әрекетке барады деп ойламаймын. Бұл – жеке пікірім.

Өте ауыр жүк болатынын түсінемін, сондықтан адамдар шешімге келмес бұрын жүз ойланып, мың толғанып жатыр. Бірақ ұшақтарды шекті түрде, яғни әуе шабуылына қарсы және Украинаны қорғауға пайдалануды неліктен [жанжалды] ұшықтыру деп қабылдайтынын түсінбеймін. Бұл – ұлтқа өз егемендігі мен шекарасын халықаралық құқыққа сай қорғау үшін берілетін құрал ғой.

Бұған дейін әскери танкілерге байланысты да осыған ұқсас жағдай болды. Бұрын ол шектен тыс нәрсе болып көрінетін. Ондай “әйнек кедергіні” де еңсердік.

Азаттық: Танкілер беру мәселесі сияқты жайт қайталана ма?

Грег Бэгвелл: Әлдебір оқиғалар тізбегін көруіміз әбден мүмкін. Есіңізде болса, былтыр бұрын советтік әскери одақта болған Шығыс Еуропа елдерінде қалған МиГ-29 жойғыш ұшақтарын беру мүмкіндігі талқыланды. Бірақ одан ештеңе шықпады, өйткені Польша ол ұшақтарды тікелей бергісі келмей, АҚШ-тан агент болуын өтінген-ді, оған АҚШ келіспеді.

Украина әскери әуе күштерінің МиГ-29 ұшағы.

Украина әскери әуе күштерінің МиГ-29 ұшағы.

F-16 [жойғыш ұшақтарын беру] жайлы ұсынысымның бір себебі – оларды АҚШ қана емес, әртүрлі елдер бере алады, АҚШ [тек қана] рұқсат етсе жеткілікті, тікелей қатысуы міндетті емес.

Сондықтан әрқайсысы: “Мақұл, солай істейік” деп айтқан сәтке дейін әлі талай уақыт дипломатиялық қақпақыл ойынына куә боламыз деп ойлаймын.

Ол күнге де жетерміз деп үміттенем, себебі жаңа ұшақты, бүкіл жүйесі мен қыр-сырын зерттеп-үйрену – оңай шаруа емес. Маған Украина оны тезірек меңгеретіндей болып көрінеді. Бірақ егер Батыстың берген танкілері көктемде сапқа қосылатын болса, оларды әуеден қорғап, қолдау көрсететін ешкім болмайды.

Біз Украинаға барлық құрал-жарақты бермей, бұл соғысты кезең-кезеңмен жүргізуіне көмектесуге тырысып жатырмыз. Мені осы нәрсе мазалайды: “әйнек кедергіні” бір-бірлеп шаға отырып, жалпы әскер соғысын біртіндеп жүргізген жөн дейміз.

Азаттық: Украинаға жойғыш ұшақ беруге қарсы шыққандар оны пайдалануды оқып-үйрену мен логистика мәселесі қиындық туғызады деген уәж келтірді. Украиндерді F-16 ұшағын меңгеруді үйретуге қанша уақыт кетеді?

Грег Бэгвелл: Егер сіз әскери ұшқыш болсаңыз, МиГ-29 ұшағын мініп шайқасқан тәжірибеңіз болса… Турасын айтсақ, қазіргі кезде Украинаның әскери ұшқыштары әлемдегі ең тәжірибелілердің қатарында, олардың көбі әлі сапта жүр деп үміттенемін.

Солардың арасынан біреулер жаңа ұшаққа… шамамен, алты-сегіз апта машықтанған соң ауысып отыра алады. Бұл тым қысқа [хронология] болып көрінетіні рас. Бірақ іске асыруға болады деп ойлаймын. Оқулықтағы әдіс-тәсілдің барлығын зерттеуге көп уақыт кетірмей, ең негізгілерін виртуал шынайылық симуляциясын пайдалану арқылы меңгере аласыз.

Бәлкім, оның құпиясын жария қылудың қажеті жоқ шығар, бірақ ұшақ басқару бір-біріне ұқсас. Жоғары, төмен, солға, оңға ұшқан кезде бәрі дәл солай басқарылады. Дроссельдер, алға, артқа, шапшаң, баяу. Бұл – негізгілері. Радарды, қаруды пайдалану, нысананы аңғару біршама ептілікті қажет етеді. Бірақ қазіргі заманғы, әсіресе Батыста жасалған ұшақтарды басқарудың қыр-сырын шамалы уақытта меңгеруге болады.

Ал ұшақты бабында ұстап, оны қару-жарақпен жабдықтайтын қызмет көрсетуші құрамды дайындау едәуір уақыт алады. Дегенмен ол – ядролық физика емес қой. Басына камера тағып алған техникке виртуал шынайылық, тіпті қосымша шынайылық аспабын пайдаланып, кез келген жерден отырып түсіндіріп беруге мүмкіндік бар.

Бұл жөнінде жеке пікірім мынадай: бұл – оқып-үйретуге және логистикаға пайдалануға ыңғайлы тәсіл. Соғыс басталғалы бір жыл, яғни украиндер ендігі [жаттығудың] толық курсынан екі рет өтетін уақыт болды.

Сондықтан мұндай сылтауды доғарып, шындықтың бетіне тура қарайықшы: [Батыстың] дұрыс шешім шығаруға батылы қашан жетеді? Өйткені бұл – Украинаның қолынан келетін шаруа: егер олар әскери танкілердің негізгі үш түрін басқаруды бірнеше айда меңгеріп шықса, онда F-16 ұшағын басқаруды да үйреніп кете алады.

ЖОЙҒЫШ ҰШАҚ НЕСІМЕН МАҢЫЗДЫ?

Азаттық: Батыста жасалған жойғыш ұшақтар Украинадағы соғысқа бетбұрыс енгізе ала ма? Әлде Украинаның онсыз да соғысуға шамасы жете ме?

Грег Бэгвелл: Украина көп жағынан таңғаларлық жетістігімен танылды, мен мұны барынша ағымнан жарыла айтып отырмын, тұтас ұлттың қайсарлығымен бірге өзінен көлемі жағынан да, әскери қуаты жағынан да үлкен елдің басқыншылық шабуылына тойтарыс беріп, бетін қайтара алды.

Ал осы іс-әрекетінің қолайсыз жағы да бар, өйткені жағдайы қаншалықты күрделі екенін ажырату көрер көзге оңай емес. Жұрттың бәрі Украина ірі жеңіске жетіп жатыр деп ойлайды. Және кей кездері солай екені де рас, бірақ, шын мәнінде, олардың жағдайы әлі де өте ауыр, қатты қыспақта қалып отыр. Украинаның жетістігін, тіпті онысы шынымен ерекше қуантарлықтай болған күннің өзінде, асыра бағаламау маңызды деп есептеймін.

Украина жауынгерлері Бахмут маңында Ресей әскерін "Пион" артиллерия қаруымен атқылап жатыр. Донец облысы, Украина, 16 желтоқсан 2022 жыл

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Наполеон да, вермахт та емес. Бұл – украиндар”. Әскери стратег Шон Макфейтпен сұхбат

Олар Ресей әскери әуе күштерімен айқын теңесе алды. Иә, алысқа ұшатын әскери зымырандардың кейбірін атып құлату өте қиын екені рас. Ішінара ондай шабуылдар “әуе-әуе” қаруымен емес, “жер-әуе” жүйесінің көмегімен жасалып жатыр.

Мейлі, қандай қиындық болса да, Украина тұйықтан шығар жол табады деп сенгің келеді. Бірақ оларда барлығы керемет болады деген пікір қалыптастырудан аулақпын. Өйткені егер біз қолдан келгеннің бәрін жасап көмектеспесек, жаудан жеңіліп қалу қаупі өте жоғары деп есептеймін.

F-16 ҚАНДАЙ ҰШАҚ?

Азаттық: Қаншалықты қауіп төніп тұр?

Грег Бэгвелл: Егер Батыс көмек ретінде бергелі отырған танкілерді шектейміз деген шешім қабылдаса, бұл Украинаға өте жаман белгі болады деп ойлаймын. Бұл дегеніңіз оларға: біз өзімізде бармен көмектесеміз, бірақ қолымыздан келетіннің бәрін берейін деген ойымыз жоқ дегенді білдірер еді. Және мұның Украинаға әсері жақсы болмайды, бізді жанашыр, қолдаушы деп есептейтін олардың моральдық рухын да мұқалтады.

Және бұл “қызыл сызықтан өтуге болмайды” деп жүрген Ресейге де белгі болмақ: Путинде егер жеткілікті қысым жасайтын болсам, Батыс елдерінің пікірін өзгерте аламын, сөйтіп, Украинадағы жағдайды қолайыма жағатын деңгейде ұстап, білгенімді істеймін деген сенім пайда болады деп ойлаймын.

[Ұшақтар] беретін болсақ, біз екі нәрсеге қол жеткіземіз. Айталық, Ресейдің үрейін туғызатын қазіргі заманғы машиналармен жәрдем береміз. Олар қазірдің өзінде Украина әуе кеңістігіне кіруден тартынады. Ал егер Киевтің қолына AMRAAM (“әуе-әуе” класына жататын, орта қашықтыққа ұшатын әскери ракетаның жетілдірілген түрі) қаруымен бірге F-16 тисе, олар мүлде жоламайды. Сондықтан ондай жағдайда Ресейдің әуедегі іс-қимылы өзгеретіні сөзсіз.

Бұл олардың жүздеген миль жерден зымыранмен соққы беруіне, Украина аумағын С-400 зенит зымыраны жүйесімен сырт жақтан атқылауына кедергі бола алмайды. Бірақ бұл Мәскеудің құрған есебін өзгертіп, оның алдында Батыс бұғып қалмайтынын, жеңіске жетуді мақсат тұтқан Украинаға шектеу қоймайтынын, егер сендер (путиндік Ресей) тоқтамасаңдар, бүкіл Батыс өнеркәсібі мен құрал-жабдықтарының өздеріңдікінен әлдеқайда артық күш-қуатына кезігесің деген мықты белгі болар еді. Алған бетіңнен қайтпасаң, бәрібір жеңілесің және бұл неғұрлым созылған сайын соғұрлым әлсіреп, биліктен айырылып қаласың. Екіншіден, өзіңді халықаралық деңгейде қазіргідей ұстаймын деп ойлама деген ишара болмақ.

Ресей ракетасы түскен Днепрдегі көпқабатты тұрғын үй. 14 қаңтар 2023 жыл.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Америка генералы: Ресей Ираннан дрон алады, ал Украинаға 50 ел көмектесіп жатыр

Бұл барлығына жеңіс әкелер еді… Мұндай нәтижеге жету үшін тіпті ұшақтардың әуеге көтерілуінің де қажеті жоқ деп ойлаймын.

Енді әскери тұрғыдан әсері жайлы айтар болсақ, F-16 бұрынғысынша өте қуатты платформа деп есептеледі: күшті радармен жабдықталған, ал аса ерекше ұшақтарды есептемегенде, өзі теңдес ресейлік ұшақтардың көбінен анағұрлым биік ұша алады. Оның радарына қосақталған қару жүйесі ресейлік ұшақтардың басым көпшілігін олар шабуылдап үлермей жатып жойып жібере алады.

F-16 ұшағымен салыстырғанда, көзге түспеу жағынан F-35 және F-22 ұшақтары мықты. Өзім F-16 ұшағымен шайқасқа да түсіп көрдім. Бірде сол ұшақпен оғаш жағдайда ұшқаным бар, алайда оларға қарсы айқасып та көргем. Өзі шап-шағын, радарға оңайлықпен ілінбейді, ал арнайы құрал болмаса, әуеде көзге түсіру одан да қиын. F-16 ұшағын “сұржылан” деп атайтыны тегін емес. Қырсық, жымысқы, өте қауіпті кішкентай ұшақ.

Егер мен 100 сағат ұшқан тәжірибем бар орыс ұшқышы болсам, [ұшағымдағы] қару-жарақ дұрыс істей ме деп, көңілім күпті болар еді, өйткені жаттығу немесе соғыс кезінде оларды пайдалануға ешқашан рұқсат етпеген. Әуеге көтерілген кезде ол жақта F-16 жүрген жоқ па деп ойлап, мазам қашар еді.

Егер ұрыс алаңында ресейлік авиацияның ықпалын шектей алсақ, бұл онда Украинаға дамыл тауып, артиллерия күшін, HIMARS-ты (дүркіндете ату жүйесі), танкілерді және өзге де қарудың барлығын қабаттастыра қолдануға мүмкіндік береді. Ақыр соңында ресейліктердің көбі жеңіске жете алмайтынына көз жеткізуге мәжбүр болар еді.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты өзгерді ме? Елші Дэниел Розенблюммен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК  АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің Азаттық радиосына берген сұхбаты АҚШ дипломаты Дэниел Розенблюм Қазақстанға елші болып келгеніне бір жылға жуықтады. Оған дейін ол Өзбекстандағы елші қызметін үш жыл атқарған. Орталық Азияға маманданған дипломат аймақ басшыларының Нью-Йоркте президент Джо Байденмен оңаша кездескені саяси жетістік дейді. Азаттық елшіден сұхбат алып, C5+1 саммитінде адам құқығы тақырыбы қаншалық қозғалғанын, Қазақстанға төнген санкция қаупін және АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты қалай өзгергенін сұрады. НЬЮ-ЙОРКТЕГІ КЕЗДЕСУ ҚАЛАЙ ӨТТІ? – АҚШ президенті Джо Байден жақында Орталық Азия басшыларымен C5+1 форматында кездесті. Саммит алдында құқық қорғау ұйымдары осы жиында адам құқығы басты назарда болса екен деп үміт білдірді. Бұл үміт ақталды ма? – Нью-Йоркте өткен C5+1 саммиті

  • Кокуй Байке. Оңтүстіктен соққан суық жел

    Айбар Олжаев Қырғызстан 2023 жылы ішкі жалпы өнімін бақандай 7%-ға арттыра алады. Бұл ресми Бішкек үшін тамаша жаңалық. Себебі, ол республикаға “орта табыс тұзағынан” шығып кетуге мүмкіндік берер еді. Экономикалық өсімі жылына 4 пайыздан аса алмай жүрген Қазақстан үшін 7 деген қасиетті сан – қол жетпес арман болып қала бермек. Бірақ Бішкек ненің есебінен экономикалық “чудо” жасап отыр? Оның жауабын жас бала да біледі. Қырғыздар Ресейге салынған санкция мен паралелльді импорт арқасында барынша табыс тауып қалуға тырысып бағуда. Әрі оларды ешкім тоқтата алар емес. “Қытай, Түркия, Дубайдан алып, Ресейге беру” схемасы өте қарапайым, сонымен қатар өте табысты. 2022 жылы Қырғызстанның ішкі жалпы өнімі 919 миллиард сомды құрады. Бұл 10,4 миллиард

  • “Ресей үстемдігіне соққы”. Қазақстан Каспийдегі әскери теңіз күштерін не үшін күшейтіп жатыр?

    Азаттық радиосы Қазақстан әскери-теңіз күштерінің кемесі. Қорғаныс министрлігінің Телеграм-арнасынан алынған.  Батыс басылымдары бұл аптада Түркия Қазақстанға Каспийдегі әскери теңіз флотын күшейтуге көмектесетінін жазып, бұл теңіздегі флотилиясы мықты Ресейдің үстемдігіне қалай әсер етеді деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар Қазақстан Батыстың жанама санкциялары мен оның ықтимал салдарынан қауіптеніп отырғанын талдады. Бұдан бөлек сыртқы державалар Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біртұтас географиялық аймақ ретінде қарастыра бастағанына назар аударды. ТҮРКИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КАСПИЙДЕГІ ФЛОТЫН КҮШЕЙТУГЕ КӨМЕКТЕСПЕК Сарапшы Пол Гобл АҚШ-тағы Jamestown қорының сайтында Түркия Қазақстанға Каспийдегі әскери теңіз күштерін күшейтуге көмектесетінін жазды. Анкара мен Астананың жоспары Каспийдегі флотилиясы ең қуатты Ресейдің үстемдігіне қалай әсер етпек? Ресейдің Каспий флотилиясы көп жыл бойы теңіз айдынында үстемдік етті. Сондықтан

  • “Лукашенконың қалжыңы”. Тоқаев Ресей-Беларусь одағының Қазақстанға қажеті жоғын айтты

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ядролық қару да ортақ болу үшін” Қазақстанды Ресей мен Беларусьтің одағына қосылуға шақырған Александр Лукашенконың сөзіне байланысты пікірін жариялады. “Оның қалжыңын лайықты бағаладым. Менің ойымша, одаққа қажеттілік жоқ, өйткені өзге де интеграциялық құрылымдар, соның ішінде Еуразия экономика одағы бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге оның қажеті жоқ. Өйткені Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге және Ядролық сынаққа тыйым салу туралы келісімге қол қойғанбыз. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша алған міндеттемелерімізге берік боп қала береміз”, – деді Тоқаев. Тоқаев бұл сөзді бүгін Солтүстік Қазақстан облысына барып, фермерлермен кездескен кезінде айтқан. Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей телеарнасының “Москва.

  • Киелі 2030, Кувейт және 100 миллиард доллар. Жеті жыл күтетін қазақ тағдыры

    Айбар Олжаев Сіз сенбесеңіз де, қазіргі фактілерге қарап, «Қазақстан-2030» стратегиясының орындалатынын аңғаруға болады. Көбіміз білмеуіміз мүмкін, бірақ ол тәуелсіз Қазақстанның алғашқы стратегиясы. 1997 жылы қабылданған. Артынан оны Назарбаевтың өзі ұмыттырып, жауып тастап, архивке аттандырып жіберген болатын. Бірақ одан кейін қабылданған, керемет делінген жүзден аса бағдарламалар, жобалар орындалмады да, дәл осы стратегия ғана өз мақсатына 100 пайыз жететін сияқты. Мерейтойлы, әдемі және дөңгелек цифр болғандықтан стратегия авторлары 2030 деп шамалап қоя салғаны түсінікті. «Жақсының айтқаны емес, жаманның сандырағы келеді» дегендей, бір қызығы, дәл осы 2030 жылға көп нәрсе байланып тұр. Порталға қатысы барлар қазақтың болашағына қатысты Мәшһүр Жүсіп теориясын алға тартуы мүмкін, онымен дауласпаймын. Бірақ 2030 жылдан кейін көп нәрсенің өзгереріне

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: