|  |  | 

Жаңалықтар Шоу-бизнис

Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы


Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл.

Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл.

Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді.

Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл.

Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл.

Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды үдете бастады. Матчтың статистикасы да соны көрсетеді. Ойын кезінде Қазақстан жеті рет, Солтүстік Ирландия 14 рет шабуылдаған. Бірақ Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий мен Нұрәлі Әліп бастаған қорғаушылар қарсыластарына гол соғуға мүмкіндік бермеді.

Бұл – Қазақстанның іріктеу аясындағы алты ойындағы төртінші жеңісі.

Қазір Қазақстан бар H іріктеу тобында төрт елдің жолдамадан үміті бар. Дания мен Словения 13 ұпай, Финляндия мен Қазақстанда 12 ұпай жинаған. Қазақстан 4-орында келеді. Топтан озып шығып, Еуропа біріншілігіне жолдама алатын екі құрама қазан-қарашада өтетін ойындарда анықталмақ.

H тобындағы алты турдан кейінгі жағдай. Кесте UEFA сайтынан алынды.

H тобындағы алты турдан кейінгі жағдай. Кесте UEFA сайтынан алынды.

Қазақстан турнир кестесінде төртінші орында тұрса да, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігі сақтаулы. Қазақстан бұрын-соңды Еуро додаға шығуға дәл мұндай жақын болмаған.

Осыдан үш күн бұрын, 7 қыркүйекте Астанада Қазақстан құрамасы Финляндиямен 0:1 есебімен жеңіліп қалғаны ойыншыларды да, жанкүйерлерді де жабырқатқан. Сондықтан Солтүстік Ирландиямен ойында жеңіс өте қажет болды. Егер бұл ойында жеңілгенде Қазақстанның турнир кестесіндегі жағдайы қиындап, Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі азайып кетер еді.

Бүгінгі Солтүстік Ирландиядан кейінгі ойыннан соң Қазақстан құрамасының бас бапкері ресейлік Магомед Агиев баспасөз мәслихатында құраманың жағдайына көңілі толмайтынын айтып қалды.

“Команданың жағдайы жақсы деп айта алмаймын, бүгінгі ойын соны көрсетті. Ойынның соңында нашар ойнадық. Финляндиядан үш ұпай алу керек деген мақсатымыз орындалмай қалды. Бүгін ашулы болдық. Біз жолдамаға таласқа қайта оралығымыз келді. Алда сырт алаңда қиын матчтар күтіп тұр, соған дайындаламыз” деді ол.

Іріктеу жарысы қарашаның соңына дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының енді төрт ойыны қалды. Үш ойын, Агиев айтқандай, Қазақстанның топтағы басты қарсыластары Дания, Финляндия және Словениямен сырт алаңда өтпек:

  • 14 қазан: Дания – Қазақстан
  • 17 қазан: Финляндия – Қазақстан
  • 17 қараша: Қазақстан – Сан-Марино
  • 20 қараша: Словения – Қазақстан.

Қазақстан қазір іріктеу аясындағы алты матчтың төртеуінде жеңіп, екеуінде жеңілді. Биыл наурызда Астанада Даниядан 0:2 есебімен жеңіліп жатып, 3:2 есебімен жеңісті жұлып әкеткенде іріктеу турнирінің үлкен сенсацияларының бірін жасаған еді.

Қазақстан футболшылары Данияны жеңгеннен кейін жанкүйерлерге алғыс айтып тұр. 26 наурыз, 2023 жыл.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Спортта ғажайыптар болып тұрады!” Данияны жеңгені Қазақстанның Еуропадағы жетістігінің бастауы ма?

Қазақстан құрамасының іріктеу аясындағы осыған дейінгі ойындарының нәтижесі:

  • Қазақстан – Словения 1:2
  • Қазақстан – Дания 3:2
  • Сан-Марино – Қазақстан 0:3
  • Солтүстік Ирландия – Қазақстан 0:1
  • Қазақстан – Финляндия 0:1

Іріктеу ережесі бойынша топтағы құрамалар бір-бірімен сырт алаңда және өз алаңында ойын өткізеді.

Қазақстан құрамасы іріктеу турнирі басталмай тұрып, UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) ұйымдастыратын Ұлттар лигасының үшінші дивизионында өз тобында бірінші орын алып, бір дивизион жоғарылаған. Келесі жылы Қазақстан Ұлттар лигасында Украина, Түркия, Украина, Грекия, Исландия сынды құрамалармен В дивизионында ойнайды.

Ұлттар лигасы мен Еуропа чемпионатына іріктеу жарысындағы жеңістерден кейін ел ішінде ұлттық құрамаға сенім артып, “Астана Аренаға” көрермен көп жинала бастады.

Стадионға жиналған жанкүйерлер. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл.

Стадионға жиналған жанкүйерлер. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл.

7 қыркүйектегі Финляндиямен ойынша 30019 көрермен жиналған еді. Бұл – Қазақстан үшін рекорд. Ал Солтүстік Ирландиямен ойынға 28 458 көрермен барған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

  • Мәжіліс әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Қазақстан әскері жаттығу кезінде. 15 қарашада Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың ресми атауы – “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы. Құжат Қазақстанда “әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізуді қарастырады” деп жазды ресми БАҚ. “Заң жобасын іске асыру азаматтарға резервте әскери қызмет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Жауынгерлік жиындар 30 күнде іске асырылады. Резервтегілерге арналған сабақтар ай сайын екі-үш күн болады” деді парламент отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. Ресми ақпаратқа қарағанда, әскери резерв 2025 жылға қарай жасақталады. Бірінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: