|  |  | 

Көз қарас Әлеумет

Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

Almaty
Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы.
Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе біздің жердің сілкінуін қалай қабылдағанымызда болып отыр. Бізде отандық нақты ғалымдар бар жер сілкінісі туралы ғылыми зерттеу еңбектерін жазып академиялық тұспалдар жасап жатқан. Жер сілкінген жағдайда және болжамды сілкініс кезеңдерінде неге сол ғалымдармен санаспаймыз? Қаншама құрылыс компаниялары тұрғызған тұрғын үй кешендері бар, қай кешен сілкініске қаншалық жарамды? Біліп, тексеріп жатқан біреу бар ма?!
Үшінші, жер құдайды ұмытқан қазақ қоғамына Алланы есіне түсірді дейік, жарайды. Біздің қоғам соңғы 30 жылдан бері нео-исламданған қоғам екенін ескере отырып солай қабылдайық. Бірақ, Алланың 99 көркем аты бар, біздің кейбір діни белсенділер соның “қаһарлы” аттарын көбірек еске алып күнәсін есіне түсіріп діни жамағат көбейіткісі келетін сияқты көрінді. Неге Алланың “ғылым”, “ілім”, “х’алақ” яғни ғылым-күш, білім-күш дейтін ақылды ортаға қоятын нақты концепциялды аттарын еске түсірмейді?. Сонда біздің аңтарылған қоғам ҒЫЛЫМның қажетті күшін басқа қырынан сезінер еді ғой.
Төртінші, тағы да қайталап айтамын жер сілкініп тұрады, ол тұрақты жағдай. Жер сілкінген жағдайда біздің қоғам нақты салалық ғалымдарды көбірек басшылыққа алуы тиіс. Жапондар жүз жылдан бері солай істеді. Әр жойқын сілкіністен сабақ ала отырып адам шығыны мен материалдық шығынды ең төменгі шекке дейін азайтты. Жапондар жер сілкінген жағдайда “молданы, әулиені” іздеген жоқ, нақты инженер ғалымдарды басшылыққа алды, сол үшін жапон қоғамында миф тараған жоқ. Ал бізде ше? Мифтің жетпіс жеті атасы тарап онсызда аңыраған жұртты кеміріп жеп жатыр.
Бесінші, қазір тас лақтырсаңыз құрылыс компанияларының басына барып тиеді. Қаншама тұрғын үй кешендері мен нысандары бой тұрғызылды. Олардың жарнамасын көрсеңіз сол тұрғын үйде тұрғың келіп кетеді. Аталған кешендер күтпеген апатқа қаншалық дайын және адам шығыны мен материалдық шығынды қаншалық төмен көрсеткішке дейін түсіре алады деген сұрақ мазалайды?! Осы реткі сілкіністен соң біз қандай сабақ алдық? Егер жер сілкінісі құдайдың ескертуі болса онда құдай бізге нені ескертіп тұр? садақаны аз бердің деп ренжіп тұр ма, әлде ғылымсыз-ілімсіз қалмаңдар деп ренжіп тұр ма?.
Алтыншы, Жер сілкісіні бәрінен бұрын біздің санамызды сілкуі керек еді. Осы реткі төтенше жағдайдан соң қоғам болып ойлануымыз тиіс. Бізде “бісмилләні айтатын ауыз табылады, іс қылатын қол табылмай” тұр. Тек қана жер үшін айтқым келмейді, барлық саланың күйі осындай. Әр саланы өз мамандары айналысып зерттеуі, сын-пікір айтуы тиіс. Елдің басына күн туса бізге молда да, шоумен де, тиктокер де, әнші де көмектеспейді, бізге нақты ҒЫЛЫМ көмектеседі. Барлық ситуациядан ащы сабақ ала отырып елдің ертеңі, халықтың қауіпсіз, алаңсыз өмір сүруі үшін нақты шешімдер қабылдауымыз керек. Сонда біз күтпеген апатты жағдайда адам шығыны мен материалдық шығынды ең төменгі шекке дейін азайта аламыз.
Елдес ОРДА
23.01.2024
Ескерту: сурет закон кз сайтынан алынды

Related Articles

  • Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек: 1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі. «…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген

  • …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді. Екі миллиардер арзан, уақытша саяси ұпай жинайды. Ал Қазақстанның жоғалтатыны өте көп. Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, елімізде “Заң мен тәртіп диктатурасының” көкесі сонда болады. Ол отызға жуық саяси тұтқынның қазіргі шарасыз күйін алда бүкіл қазақ қоғамы кешеді деген сөз. Мүмкін сол кезде сөз еркіндігінің құнын ел болып түсінетін шығармыз. Бірақ, ашығын айтқанда, оған да күмәнім бар. Азаттық радиосы жабылады деп бүгін бөркін аспанға атып жатқандар, “Тәртіпке бағынған құл болмайды” деп “Азаттықсыз” Қазақстанда саяси режимнің репрессиясын ақтап алады. Оған менің еш күмәнім жоқ. Shalkar Nurseitov

  • НАУРЫЗ АТАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕРЕКЕЛІК СИПАТЫ

    НАУРЫЗ АТАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕРЕКЕЛІК СИПАТЫ

    Наурыз халқымыздың тарихы ұзақ, өміршеңдігі күшті, қазақы салт- дәстүрді негізгі өзек еткен бірден- бір ұлттық мереке. Ол қазақ халқының ұзақ уақыттық қоғамдық өмір ісжүзіндігінен (практикасынан) туындап, бірге жасап келе жатқан аса мерейлі мейрам. Осыбір киелі мерекені «Парсы тіліндегі (нау- жаңа, рұз- күн) деген мағнадағы сөздеріне теліп, өз маңдайымызға сидыра алмай Парсыларға қосқолдап ұсынғысы келіп жүрген таяз талғам тар өрісті «құлшылдық құмыр» шырмауынан шыға алмай жүргендеріміз де жетеді арамызда. Тіліміздің ішкі заңдылығына үңілсек, Қазақ тілі көп мағналы, ауыспалы мағналы, балама мағналы сөздері көп, түбір сөздерді негіз ете жұрнақ, жалғау, қосарлау, біріктіру т.б жолдарымен түрленіп отыратын құрылымы күшті бай тіл. Оның үстіне осынау аса бай тілімізде дәуірдің өзгеруі, ғылым- техниканың дамуына байланысты

  • Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық

    Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық

    Саят Ыбырай Эйнштейн айтқандай, “Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық: бірі – Ғаламның шексіздігі, екіншісі – адам баласының ақымақтығының шексіздігі” деп, XXI ғасырдың адамының мына бір “қабілетіне” таңқалам: бақытты боп отырып, бақытсыз болу қабілетіне таңқалам мен! Жауын жаумай су боп отыру. Біреуге өкпелемей, кінә артпай жүре алмайтын, тсс. Және бұл – тоқ қоғамның қасиеті. Әсіресе Еуропаның! Екі жыл тұрғам. Көргем. Таңқалғам. (Американы білмеймін, онда болғам жоқ, оның жүзін көрсетпесін!) Сол жылауық, боркемік, бақытсыз, талайсыз еуропалықтардық ауруы бізге де жетті. Максим Горький “Басына Күн орнатып қойсаң да ырза болмай жүреді олар” деп суреттейтін мещандық психология, тоғышарлық дерт. “Дачники”-де жазатын. Қайдан келді бұл? Неден басталды

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: