|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Сұхбаттар

Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі


Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары "Орталық Азия – Еуроодақ" саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл.

Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл

3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді.

– Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз?

– Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам тарапынан болса да, Еуроодаққа сенім сәл көбірек. Сол себепті бұл саяси тұрғыдан алғанда тең дәрежеде болып жатқан кездесу. Әрине, екі аймақтың арасында экономикалық, технологиялық тұрғыдан теңсіздік өте үлкен екенін білеміз. Көп жағдайда Орталық Азия мемлекеттерінің даму деңгейін Еуропа елдерімен салыстыруға келмейді. Бірақ саяси тұрғыдан алғанда, бұл екі жақтың, екі тараптың тең жағдайда өтіп жатқан кездесуі.

– Орталық Азия мен Еуродақ бір-біріне қайсысы көбірек керек? Орталық Азияға ЕО көбірек керек пе әлде керісінше ме?

Жәнібек Арынов

Жәнібек Арынов

– Егер салыстырмалы түрде таңдау керек болса, әрине Орталық Азия мемлекеттеріне Еуроодақ көбірек керек. Не себепті? Өйткені экономикалық тұрғыдан, Қазақстан үшін Еуропа Одағы ең үлкен сауда әріптесі. Екіншіден, ең үлкен инвестор. Қазақстан мұнайының 80 пайызға жуығы Еуропа нарығына жөнелтіледі. Саяси тұрғыдан алғанда, Еуроодақпен қарым-қатынас жасау бұл Орталық Азия мемлекеттеріне аймақтағы қиын геосаяси жағдайды ескерсек, сыртқы саясатты диверсификациялауға тағы бір мүмкіндік береді. Мәдени тұрғыдан алғанда, біз білім деңгейі болсын, кейбір мәдени мәселелер бойынша да, көбіне батыс мемлекеттеріне, оның ішінде Еуропаға көбірек көңіл бөлеміз. Одан бөлек, стандарт мәселесі бар. Қай жерден алып қарасаңыз да, әлемдегі көптеген стандарттар негізінде Еуропа стандарты жатыр. Сапа стандарттары туралы айтқан кезде де. Одан бөлек, біз Конституция бойынша қандай мемлекет құрғымыз келеді? Демократиялық мемлекеттердің көбі қайда орналасқан? Тағы да Еуропа. Сондықтан Еуропа Одағы Орталық Азия мемлекеттеріне көбірек қажет. Бірақ ол дегеніңіз Орталық Азия елдері Еуроодақ үшін маңызсыз дегенді білдірмейді. Кейбір салаларда Орталық Азияның Еуропа Одағы үшін маңызы өте жоғары.

– Еуроодақ пен Орталық Азия саммитінде талқыланып жатқан басты тақырыптардың бірі – аймақтағы инфрақұрылымға инвестиция салу мәселесі екен. Еуроодақтың “Ғалам қақпасы” Қытайдың “Бір белдеу – бір жол” жобасына балама бола алады деген де сөз айтылды. Бұл қаншалықты негізді?

– Бұл күрделірек мәселе. Өйткені Еуропа өзінің “Ғалам қақпасы” бағдарламасын ұсынған кезде оны Қытайға балама ретінде ұсынған болатын. Яғни, “осы инфрақұрылымдарды қолдау арқылы біз мемлекеттерге көмектесеміз. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері кейде Қытайдың жобаларында ескерілмей жатады. Біз ондайды жасамаймыз. Біз мемлекеттерге инвестиция бере отырып, оларды қарызға белшесінен батырмаймыз” деген сияқты мәселелер көптеп айтылған. Бірақ Орталық Азия мемлекеттерінің ұстанымы – біз “Бір белдеу – бір жол” жобасы аясында Қытаймен де жұмыс істейміз, Еуропамен де жұмыс істейміз” [дегенді ұстанады]. Өйткені Орталық Азия мемлекеттері тұрғысынан бұл екі тараптан келіп жатқан осы инфрақұрылымдарға салынатын инвестиция бірін-бірі толықтырады.

Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен "Ғалам қақпасы" форумында сөйлеп тұр. Брюссель. 25 қазан, 2023 жыл.

– Соңғы кезде анық байқалып келеді: АҚШ пен Еуроодақ арасындағы саяси және сауда серіктестігіне сызат түскендей. Мысалы, Трамптың тариф саясаты. Осы тұрғыдан алғанда Еуроодақтың Орталық Азияға дендеп кіруіне Ресей және Қытайдан бөлек, АҚШ тосқауыл болып жүрмей ме?

- АҚШ-тың Орталық Азияда қатты үлкен рөлі жоқ. АҚШ әрине, біз үшін символикалық тұрғыда маңызды мемлекет. Бірақ экономикалық тұрғыдан, басқа тұрғыдан да алғанда, АҚШ Орталық Азияда қатты үлкен рөл ойнамайды. Әрине, инвестиция жағы бар. Әсіресе, бізге кезінде салынған мұнай саласындағы инвестиция, одан да басқа шикізат саласындағы инвестиция бар. Бірақ одан басқа АҚШ Орталық Азияға көп көңіл бөлетін мемлекет деп айтпас едім. АҚШ-тың басқа да “бас аурудары” жеткілікті. Орталық Азия үшін таласқа түседі дегенге өз басым сеніңкіремеймін. Керісінше, меніңше Еуроподақ пен Қытай арасында қарым-қатынастың біршама нашарлауы Еуроодақтың Қытайға деген көзқарасын қайта қарастыруға жол ашуы мүмкін.

– Бұрын Еуроодақ, АҚШ сияқты елдер осындай саяси экономикалық қарым-қатынас кезінде Орталық Азияға өңірдегі адам құқығы мәселесін жақсартуды жиі ескертетін. Сөз бостандығы, адамдардың бейбіт митингіге шығу құқығы туралы. Мәселен саммитің алдында HRW ұйымы еуропалықтарды Орталық Азия басшыларымен кездесу кезінде осы мәселелерді алға тартуға шақырған. Сіздіңше, қазір жағдай қалай болып тұр? Бұл мәселелерді Батыс елеусіз қалдырып жатқан жоқ па?

– Әрине, бұл мәселе міндетті түрде қозғалады, өйткені бұл Еуроодақтың сыртқы саясатта әрдайым еске алып жүретін нәрсесі. Бірақ іс жүзінде қаншалықты Еуроодақтың Орталық Азияға қысым жасауға немесе осыны бір нақтылап, өзгерістерге түрткі болуға мүмкіндігі бар? Оны айту сәл қиындау. Өйткені Орталық Азияда Еуроодақтың рөлі әлі де бірінші орында емес. Оған қоса, Еуродақтың өзінің ішінде өте көп саяси өзгерістер болып жатыр. Кейбір ЕО елдерінің демократиялық индекстер бойынша, Адам құқығы индекстері де біршама артқа кеткендерін байқап отырмын. Сол себепті Еуроодақ ішкі мәселелеріне байланысты адам құқықтары бойынша, демократия бойынша қатаң бір саясат жүргізе алады дегенге мен өзім сенбеймін.

_ Сұхбатыңызға рахмет!

Азаттық

Related Articles

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

  • Трамп Украинаны Ресеймен Түркияда кездесуге үндеді. Зеленский “Путинді күтетінін” айтты

    Трамп Украинаны Ресеймен Түркияда кездесуге үндеді. Зеленский “Путинді күтетінін” айтты

    АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаны Ресеймен 15 мамыр күні Стамбұлда келіссөз өткізуге”дереу” келісуге шақырды. “Ресей президенті Владимир Путин Украинамен атысты доғару туралы келісімге қол қоюға ұмтылып отырған жоқ – оның орнына бейсенбі күні Түркияда осы қанды қасапты тоқтатуға қатысты келіссөз өткізуді ұсынды. Украина ол кездесуге дереу келіскені жөн”, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. Трамптың жазбасынан Украина ұсынған және Еуропа одағының жетекші елдері қолдаған басты шарт – әуелі майдан шебінде 30 күнге атысты тоқтатуды талап етіп отырмағаны аңғарылады. “Кем дегенде, қандай да бір мәмілеге келу мүмкін бе, соны айқындауға болады. Ал егер мүмкін болмаса – Еуропа елдерінің басшылары мен АҚШ жағдайды толық түсініп, тиісті әрекет жасай

  • Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ. Сөйлеушілер саны 15 млнға жететін тіл алдағы кемі 1-2 ғасырда жойылмайтыны анық. Қоғамның талабы – қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл функциясын атқара бастауы. Және ол бастаманың көш басында президенттің өзі мен мемлекеттік аппарат тұрғанын талап етеміз. Қазіргі ситуацияны қалкй бағалауға болады? Қазір қазақ тілі яғни мемлекеттік тіл шын мәнінде қосымша тіл, жанама тіл, аударма тілі ғана болып тұр. Оны неден байқаймыз? Ерлан мырза, қол астыңыздағы аппараттың құжат айналымына назар салып көріңіз. Тіпті күзетшілер мен тазалықшы санитарларға тарататын құжаттың өзі тек орысша жасалады. Оған толық сенімдімін. Бухгалтерияңызға назар салыңыз, барлық құжат тек орысша жүреді. Мемлекеттің кез келген бастамасына назар салыңыз,

  • “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық. Алаш” сыйлығын алған соң Алаш үшін отқа да, суға да түсуге тура келеді. “Алаш” сыйлығын таланты мен күрескерлігі қатар тұрған ақын, жазушы алады. “Алаш” сыйлығының лауреаты Алаш көсемдері – Әлихан, Ахметтер сықылды Алашты алаңдатқан кез келген мәселеге ой-пікірін ашық айтады және ақ айтады. Жусан түбіне бұқпайды. Керек болса абақтыға да қамалады. “Алаш“ сыйлығының лауреаты “мен лирик едім”, “махаббатты ғана жырлайтын едім”, “тұмса табиғатты ғана сүйетін едім”, “тендерім бар еді, қызметте едім, қоғамда, саясатта шаруам жоқ” деп, биллиард ойнап, мерейтойдан мерейтойға шапқылап жүре алмайды. Өйтетін болса, өте зор қателікпен берілген “Алаш” сыйлығын Тұманбай атындағы, Мырзатай атындағы сыйлықтарға, тағы да басқа өзіне сай аға буын атындағы

  • Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Бүгінгі таңда, 1920 жылы құрылып, 1925 жылы бірігуі аяқталған Қазақ республикасының 1925-1936 жылдардағы жер көлемі мен қазақ халқының саны туралы нақты ғылыми зерттеу жұмысы жоқ. Олай деуге, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2000 жылдардың бірінші онжылдығында шығарған «Қазақстан тарихы» атты академиялық 5 томдықта берілген деректер мен сол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген ресми еңбектердегі статистикалық мәліметтердің мүлдем сәйкес келмейтіні негіз болады. Біз, аталған институт ғалымдары шығарған академиялық 5 томдықтағы мәліметтердің дұрыстығына үлкен күмән келтіреміз және онда халық санының да, жер көлемінің де кемітіліп берілгені туралы мәлімдейміз. Бүгін осы мақаламызда халық санына қатысты емес, жеріміздің көлемі мен оны жырымдау тарихына қатысты тоқталатын боламыз. 1924 жылдың соңында Орта Азия мен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: