|  | 

Әдеби әлем

Ырысбек ДӘБЕЙ. Әкелеріміз айтатын әңгіме

10671440_298504917005469_4915465916497054620_n

Соңғы уақытта танылып келе жатқан, өзіндік қолтаңбасы бар дарынды ақындардың алдыңғы қатарындағы Ырысбек Дәбейдің кеше ғана «Әкелеріміз айтатын әңгіме» атты эсселер жинағы жарық көрді. Бұл ақынның қарасөзде қалам тербеген алғашқы туындысы. Ырысбекке қарлығашының қанаты қатая түссін деген тілекпен жинаққа кірген шағын әңгімесін назарларыңызға ұсындық, қабыл алыңыздар.

Арғымақ.кз

11204983_434170170084392_2793399242242161385_nЖастықтың жалыны ұрған, жарға ойнаған лақтай кезін еске алғанда, санаңды сарсаңға салып, көңілге мұң ұялай бастайтын кездері болып тұрады. Марк Твеннің «Менің Платон сынды ғашығымдағы» айынымай қайталанатын түстердің шырмауына шатылғандай, қашсаң құтылмас, қусаң жеткізбес беймазалық жаныңды жабырқатып, «ұмыту үшін еске алғаныңа» опық жейсің…
Әкем қытайда басталған «мәдениет төңкерісінде» тауға қарап ұлыған бөрінің бөлтірігі саналып, оқудан шығарылып, жастайынан ауыр еңбекке жегіліпті. Көрген қорлығы мен шеккен азабын жыр қылып айтып отыратын. Ұшқан құс құтыла алмайтын құм арасындағы Тарым түрмесінде жиырма жыл өмірі өксіп келген атамыз (әкемнің әкесі) бұғаудан босап келген жылы мен туылыппын да, әулетімізге ырыс келген, құт келген жылдың құрметіне азан шақырылған Ырысбек деген есім пақырыңызға бұйырыпты. Түрменің азапты өмірі атамыздың жанына, тәніне салған жарасын аз жылдан соң ажалға айырбастапты. Қағаз бетіне атымызды қиқы-шойқы жазуға дәрежеміз жеткен шақта, мен аттас балаларға еліктеп есімімді Рысбек деп өрнектегенімде әкем қабағат ашуға басып: «кебенек киіп кеткен атаңның кебінге оралмай келгеніне ырымдап қойған атты дұрыс жазудан еріндің бе? Ырыс келді деп Ырысбек қойған жазған-ау»,- деп томсарып қалатын. Атадан қалған дәулеттің ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткеніне де онша іш жимайтын. Бүкіл әулеттің бас көтерер азаматтарын түрмеге тоғытып, мал-мүлкін қытай олжалаған кезден бұрынғы бір оқиғаны ылғыи да айтатын. «Жүкей ауылы (ауылымыз солай аталатын көрінеді) жайлаудың сонысын жеп, күзеулікке көшер алдында құстар да тізбек-тізбек ауыл үстінен ұшып өтетін. Киіз үйде мылтығын майлап, оғын сайлап отырған атаңның сенімді серігі түстікке бет түзеген тырналар керуені шаңырақтың тұсына келгенде, не сайтан түртті екен, алдыңғысын көздеп масаны басып қалады. Бастаушысы қанаты далбырап жерге құлағанда, қаз-қатар қалықтап бара жатқан тырналар ұйма-жұйма, бірінің үстіне бірі құлайды. Бүкіл ауыл шу-шұрқан болып, құстың шуылы зәремізді алды. Үлкендер жағы имандарын үйіріп, мылтық кезеген тентектің жағасына жармасты. Ақыры мал айтып сойып, Тәңірге тасаттық беріп құстарды әзер ұзатып салдық. Сол жылы қар қалың жауды. Көктем шыға үдіре көшкен ауылдың алдынан қытай әскері лап қойып, көш кері бұрылды. Өмірдің біз ойлап көрмеген тарғалаң жолы басталды…». Әкеміз үнемі қайталап айтып отыратын осы әңгімені ести-ести есейген жүрек еді бұл. Шымырлап, сыздап қоятыны бар. Тым әсершіл. Құстарды жақсы көреді…
Ауылдағы күйбең тіршілікке жегілген әкейдің жұмыстарына қолғабыс тигізуге жараған шақта, елбектеп сол кісінің қасында жүруші едік. Жұмахан дейтін досы бар. Егістігіміз бір жерде. Темекіні шеккенде барлық дүние есінен көтеріліп кететін. Бірде «Жұмахан, сен осы темекіні қалай шегіп кеттің» деп әкем де құтқыуырлап қоймап еді, Жүкең темекісін ширатып, ұзақ әңгімесін бастап кетті.
«Жайлауда отырғанымызда қар суымен кеткен біреудің қыл құйрығы біздің үйірге қосылып, көздің құртын оятты. Бір күні екі кештің арасында жануарды ақыры алып соқтым. Басын кесіп, жәркемдеп жатқаным сол еді, тасырлаған ат тұяғының дүбірі естілді де, суыт жүрісті ақ сақал қасыма келді. Сәлем беріп, атын ұстап үйге түсірдім. Ұрлығымның үстінен түскен қарияны не деп алдаусыратарымды білмей аңтарылып тұрып қалдым. Шал да жеңіл қимылдап, қонышынан кездігін суырып, көмектесуге ниет танытты. Ақыры бірге жәркемдедік жануарды. Бәйбішем де өрістен қайтқан малды жайғап болып, қазан көтерді. Тамақ піскенше шалдың жөн-жайымен таныстым. Жылқы жоғалтыпты. Бөгенайынан жаңағы өзі сойған қыл құйрық екендігін сезіп, қылпылдап отырмын. Шалым үндемейді, ештеме сезбегендей сыңай танытады. Сезбеді десем, жылқының басына, ен-таңбасына сұқтана қараған қырағы көзді қалай ұмытам. Төре табақ жал мен жая алдымзға келіп, ықылас білдіргенде де жүзінен титтей өзгешелік байқалмады. Қиялай турап, құмайдай соғады. Тас шайнағандай боп мен отырмын. Түні бойы асқазанымды түйреген мазасыздықтан арыла алмай, тұрып кеттім. Шал да оянып намазын оқып, аттануға қам жасады. Кетерінде аты-жөнін, тұратын ауылын тағы бір қайталап айтып, кете барды. Аңырып мен қалдым. Жанымды иектеген беймазалықтан арыла алмаған соң, бір жорғаны жетекке алып, шалдың ауылына тарттым. Жетекті белдеуге байлап, сәлем беріп үйге кірдім. Ақ сақал ширақ қимылдап, бәйек боп жатыр. Шай ішілді, әңгіме айтылды. Бірақ сойылған жылқы туралы мен де, шал да жақкірісін ашпадық. Аттанып кеттім. Жол бойы кеңсірігім ашып, өмірі шекпеген темекі деген пәле ойымды бөле берді. Тауып шектім. Ішім кеңігендей сезіндім. Сол күйі қалтадан тастамайтын болдық қой бұл боқты. Әй, сол шалдың кісілігі есіме түссе өзімнен өзім ұялам…».
Осыны жазып отырған мен де темекі шегіп отырмын. Қашан, қайда, не үшін шеккенімді есіме түсіре алмадым. Біздікі сол асқынған нәпсінің желігі билеген жаман ғадетімізге тыйым сала алмайтын әлсіздік екенін мойындауға мойнымыз жар бермейтін құлықсыздық қой. Ортам да солай. Несін жасырайын. Нәпсіні бағындыруға, кешірімге үйренбегенбіз. Шырылдаған қазақ жанының сұлулығы өмірге келіп-кеткенін ешкім сезбейтін қарапайым жандардың кеудесінде бұлқынып жүреді екен ғой. Мен оны атағы шыққан жазушы немесе ақын, басқа да тұлғаларда ғана болатын асыл қасиет шығар деп ойлайтынмын. Оңбай қателескенімді кейде сезем. Қазақтың тоң жүрмеген даласында бір-біріне қаламдарынан қарғыс жаудырып, кісілік танытуға жүректері дауаламайтын соларды қойшы дегің келеді. Олардікі де көркем шығармада ғана өмір сүретін, ойдан жасап алған әдемі кейіпкерлермен жұртты алдайтын сауатты қулық секілді.
Шалдан тізерлеп тұрып кешірім сұрағым келеді. Кешіре алса…

10513363_299843246850419_7197423861041647902_n

 

 

 

              Ырысбек Дәбей, ақын

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: