|  |  | 

kerey.kz TV Әдеби әлем

Ақын Ырысбек Дәбей кітаптарының тұсаукесері өтті

 

Өзіндік қолтаңбасы бар дарынды ақындардың алдыңғы қатарындағы Ырысбек Дәбейдің кеше ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Шық тұнған жолдар» атты поэтикалық кітабы мен «Әкелеріміз айтатын әңгіме» атты эсселер жинағының тұсаукесері өтті.

IMG_7684.JPG

Ақын Ырысбек Дәбейұлының жаңадан жарық көрген екі кітабының тұсауын кескен Бекен Қайрат, Талғат Кеңесбайұлы, Мақсұт Үзімұлы қатарлы белгілі қаламгерлер ақынның еңбектеріне жоғары баға беріп, шығармашылығына шалқар шабыт тіледі. Күмбірлі күй әсем әнмен өрілген тұсаукесер рәсімінде Ырысбек Дәбейдің өнердегі достары Қалқаман Сарин, Бауыржан Қарақызұлы, Ұларбек Нұрғалым, Ербол Бейілхан және Маржан Ершу, Жанар Айлашова қатарлы ақындар ақжарма тілектерін білдіріп, жырдан шашу шашты. Қарымды қаламгердің қарапайымдылығына тоқталған рухани ағалары Ауыт Мұқибек, Омар Темірбеков және әдебиет сыншысы Анар Қабдоллина автор шығармасын тартымды талдады.

IMG_7757.JPG

«Мен Ырысбек інімнің бұл кітаптарын оқып шықтым. Әрбір сөзі мірдің оғындай. «Ондыққа» дәл тиіп отырады. Меніңше, Ырысбек Дәбейдің өзін де, сөзін де қазақы қалыпта сақтап қалған арғы беттегі Алтайдың қойнауындағы шағын ғана Шағанқол деп есептеймін. Сол шағын ғана ауылында кісіліктің, қазақ болудың, адам болудың мектебінен өткен автордың бүкіл әңгімелері Абайдың қара сөздері сияқты басталады. Терең ой өреді»,-дейді абайтанушы Омар Жәлелұлы.

Бұдан сырт жазушы Жұмабай Шаштайұлы кітап жайлы ойын оқырманға: «Ырысбек Дәбейдің жазу мәнерінің нақышында ұлттық бояу мол. Баяндау әдісінде автор әстінде үстемдік етпестен кішік қалпын сақтайды. Әңгімелеуші еленбей қалтарыста тұрса да айнала құбылысты қапысыз бағып, айнытпай жеткізуші міндетін мінсіз атқарды. Автордың әлеуметтік зердесі ұлттық нақыш арқылы өзгеше рең алып, өрбиді. Көшпелі өмір салтының өзгешеліктерін көкіректе жаңғыртып, сезіне түсуге итермелейтін қуатқа ие. Жалпы жазудың мың-сан формасының арасынан қазаққа жақын түріне бейім Ырысбек Дәбей сезіну мен жеткізудің далалық табиғатының бояуын дәл тапқандай көрінеді. Ол бұл жағынан шиырлаған іздерден аулақ – қансонар мезгілдің тап-таза сәтін елестетеді»,-деп жеткізген екен.

Айта кетейік, Ырысбек Дәбей 1979 жылы 2 қазанда Қытайдың Алтай аймағына қарасты Шағанқол ауылында дүниеге келген. Жастайынан қолына қалам ұстаған ол 2001 жылы атажұртына біржолата қоныс аударады. Республикалық және халықаралық мүшәйралардың жүлдегері Ырысбектің бұдан бұрын «Мәңгі Мәжнүн» жыр жинағы өз оқырманымен қауышқан болатын. «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшы болған ақын бұл күнде елордасы Астанаға қоныс аударып, «Астана ақшамы» газетінде аға тілші болып қызмет атқаруда.

Тұсаукесер кешінен арнайы фоторепортаж

 
Фото: Ғабит Мадалиев

adebiportal.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: