«Қазақ едім дегенше» киік едім десеңші…
«Қазақ едім дегенше» киік едім десеңші,
Әзер-әзер есімді жиып едім десеңші…
Құлағына Құдайдың жетер ме екен зарымыз,
Құзғын шоқып қуартқан, қу басыңды көтерші!
Қу басыңды көтерші!..
Құлазыды қу дала,
Үзілмейтін тамыры бұл не деген мұң, нала…
«Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз…» – дерт еміп,
«Ұлы достың» қолынан татар зәрлі у ғана…
Ырысбек ДӘБЕЙ

Пікір қалдыру