|  | 

Тарих

Серік Мұратхан. Алашорда үкіметі және Шығыс Түркістан Қазақтары

Alashorda 2

Қазақ осы заманғы тарихында өз орнын ойып тұрып алған, алты Алаштың арманын бөліп-жармай, ортақ көтерген, тұтас Алаш ұранды Қазақтың басын біріктіргісі келген бірден-бір қозғалыс – Алаш Орда қозғалысы. Бірден-бір үкімет ол – Алаш-Орда үкіметі. Алаш  партиясы мен Алаш орда үкіметі, Алаш қайраткерлері туралы аға буын,  орта буын құлшына еңбектеніп жүр. Тіпті саясат сахынасына енді қадам басқан орта-жаңа буын саясаткерлерде өз имидждерін қалыптастырып, халық алдындағы бет-беделін көтеру үшін Алашордашыларды қалқан ететін кезге жеттік. Бір есептен бұл да жетістік. Біздің бүгінгі Қазақстан қоғамында кеше ауызға алу қылмыс болып саналған Алашордашыларды зерттеу, мадақтау, таныту аброй, мәртебе болса одан артық бақыт бар ма? Бұл да болса тәңір берген тәуелсіздіктің  баға жетпес тартуы болса керек.

Бірақ, Алаш партиясы, Алаш орда үкіметі, Алаш қайраткерлері туралы айтылымда, зерттеулерде елеусіз қалып жатқан жақтарда жоқ емес. Соның бірі Алаш орда қайраткерлерінің ШығысТүркістанды мекен еткен  Қазақтармен болған қарым-қатынасы, барыс-келісі болса керек.

Шығыс Түркістанды мекен еткен Абақ Керей елі 1857 жылғы Жоңғардың соңғы қонтайшысы Әмір-Сананың Қытайды билеп отырған Мәнжу империясының қалың қолынан жеңіліс тауып, Жоңғар ордасының толық күйреуімен бірге көштің басын қазіргі Шығыс Қазақстанға, содан кейін  Қалба тауын ендей өтіп, Ертісті өрлеп, қазіргі Қытайдағы Алтай аймағына қоныс теуіп, орныққан кезі 1890 жылдарға тура келіп еді. Абақ Керей көшін бастаған Ер Жәнібек батырдың Жоңғар  ордасы күйрей салуымен, елін Шығысқа бастап көшу себебі – кемеңгер  жырау айтқандай, рулар арасындағы тойдан шыққан төбелес емес, қайта «Өзеннің басын алмай, өзегі сенікі болмайды!» деген Абылайдың көреген стратегиялық шешімі болса керек.

Абылай тапсырмасын  құп алған Ер Жәнібек  қайтсе де  Жоңғардан босаған Ертіс өзеннің басын алуды мақсат тұтып, қазіргі Алтай аймағының қиыр шығысы болып келетін, бұл күндері «Өр Алтай» аталатын Көктоғай, Шіңгілге дейін жер шалып барып, көштің басын Өр Алтайға дейін жеткізіп, Ертістің басын алуды жас батырларға бұйырған. Ер Жәнібектің бұйрғын екі етпеген Қотырақ, Байқан батырлар елін бастап, Ертісті кешіп өтіп, бүгінгі Алтай аймағына кереге жайды. Сол тарихтың куәсіндей  «Қотырақ өткелі, Байқан өткелі»  атанған өткелдер әлі тарих куәсі болып, ел жадында сақталуда. «Өзеннің басын алмай, өзегі сенікі болмайды!» деген данышпан Абылайдың стратегиялық байламы Қазақтың екі батыры Ер Жәнібек пен Райымбекке жүктелген сияқты.

Ер Жәнібек елін бастап Ертістің басын алғанда Райымбек батыр Іленің басын алуға қол бастап шығып, жауды түре қуып, Абылай әмірін орындаған деседі. Алайда, Абылай көрегендік танытып, Ер Жәнібек пен Райымбек ерлік көрсетіп, елді Ертіс пен Іленің басына жеткізіп, екі өзеннің басын алғанмен, бұл күндері іргелі ел болып, жан саны жарты милионнан асып, Алтайдың Абақ Керейі атанып, Алтайдың өр басының күнгейі мен теріскейін жайлап, Ертісті иелеп жатқанымен Абақ елі мен Іленің басын алған, жансаны милионға жеткен Албан-Қызай елі жат қолында қалып қоймай, Ертіспен Іленің басы да қолдан кетіп,бұл күндері Ертіс пен Балқаш бас ауруымызға айналып отырған жоқ па?

Alashorda 1

Тарихтың ширына түсіп, өткенді айтып кеткеніміздің жалғыз ғана себебі бар, ол сонау Абылай заманы болсын, кешегі Кенесары заманы болсын, алты Алашты біріктіріп, Алашорда үкіметін құрған Алаш-Орда заманы болсын бәрін де Қазақ даласы шет-шекараға бөлінбей, бір ниетте, бір ұранның астында болғанын айтқымыз келеді. 1913-1921 жылдары шыққан Алаш-Орда қайраткерлері бас болған «Сарыарқа», «Иртиш илі», «Айқап», «Қазақ» гезеттерінің бүгінге жетіп сақталған сарғайған парақтарын ақтарсаң бұл күні Қытай, Моңғол шегінде қалған Алтайдың Абақ Керейлерімен бірде үзілмеген қарым-қатынас, хат-хабарларын, ортақ күреске деген адал ниеттерін білеміз.

Алаш партиясы құрылып, Алаш-Орда үкіметі  алғаш жұмысын бастағанда-ақ сол кез Қытай елін билеп тұрған Мәнжу империясы қарауындағы  Алтай-Тарбағатайдың Керей-Наймандары жат елдің қарауында отырса да өздерінің игі тілектерін айтып, жаңа құрылған Алаш үкіметіне рухани жане қаржылай қолдау көрсеткенін төмендегі хаттан көруге болады. Хаттың «газеттен оқуымызша» деген сөзбен басталуына қарағанда Алтай Керейлері Алаш газеттерін үзбей оқып тұрса керек.

Тілеулестік

 Қытай жұртына қараған Алаш ұранды Абақ Керейінен:

Газеттен көруіміз бойынша, Россия жұртына қарған Қазақ-Қырғыз бірігіп, өз алдына жұрт болып, Алашордасын тігіп, Алаш туын көтерді дегенді естіп, Патшамыз басқа болса да ұранымыз-Алаш, нәсіліміз-Қазақ болғандықтан, Алаш баласының басы қосылып, жұрт қатарына кіруіне тілектестігімізді білдіреміз. Ойлағандары ойынан шығып, іске сәт берсін!

Ұлт қазынасына жәрдем беруші: Қытай Қазақтары.

Хат соңына сол кез Алтай Абақ керейлерінің игі-жақсылары қол қойып,өздерінің атаған көмек қаражаттарын жазып, қол қойған.

Хат 1918 жылы Семейден шыққан “Сарыарқа” газетінде жарияланған

Осы  тектес хатты қазіргі Қытайға қарасты Тарбағатайдың Керей-Наймандары да жазған.

Басқармаға:

«Қазақ» гезетінің 237 нөмерінің босқын Қазақ-Қырғыз халын Өтежан Жаралақ жазғанын көріп, Шәуешек мұсылмандары арасынан төменде аты жазылған адамдардан 2200 сом ақша жинап, «Қазақ» басқармасына 12 январда жіберіп қойдым. Қолымда 17  және 13-январда  Шәуешек поштаханасынан алған квитанциям бар. Соңғы кезде білдік, Орынборды 18- январда болшевиктер алғаннан кейін «Қазақ» газетін шығарушы Ахмет пен Міржақып Орынбордан шығып кетіпті. Сондықтан жоғарда жиналған ақша олардың қолына тапсырылмаған көрінеді. Сөйтсе де,  «Қазақты» одан кейін басқарып қалғандар ақшаны алған шығар, мүмкін, тиісті орнына жіберген шығар деп ойлаймын. Бірақ, бұл күнге дейін газет жүзінде еш хабар болмады. «Сарыарқа» басқармасынан өтінерім: осы хатымды бассаңыздар екен. Мына қайрлы іске ақша бергендердің алдында есеп бергенім болсын, һәм басқаларға үлгі болсын. Жоғардағы ақшаны алған-алмағандығын, тиісті орынға  тапсырған-тапсырмағанын «Қазақты» осы күні басқарып отырған азаматтар газет жүзінде жауап қайтарса екен.

Хат соңына сол кезде Тарбағатай бетіндегі игі-жақсы ел азаматтарының аты жане олардың «Қазақ» басқармасына жіберген қаржылық көмектері жазылған.

Мысал үшін келтірген екі хаттың мазмұнына қарасақта Алтай-Тарбағатайды мекен еткен Керей-Найман жұртының Алашорда үкіметінен де, олар шығаратын газеттен де ешқашан қол үзбей, рухани-қаржылық жақтан қолдау көрсетіп, орыс шегінде жатқан Қазақ-Қырғыз елінің тәуелсіз ел болуына деген үлкен тілегін, адал ниетін көреміз. Қай заманда болмасын, қандай жағдайда болсын, қай елде өмір сүрсе де  «Нәсілім-Қазақ,Ұраным-Алаш» деген  Алтайдың теріскейі мен күнбетіндегі Қазақ жұрты осы тәуелсіздікті аңсап, қолдап өтті. Олардың жүрегі бірде-бір минут Қазақ еліндегі бауырластарынан бөлек соғып көрген жоқ.

Бұл күндері тәуелсіздік алып, көк байрақты көкке көтерген ел болып, есімізді жиған кезде сонау қиын-қыстау кездерде ерлерімізге тілекші, көмекші болған, жалпы, Алаш жұртының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрескен ерлерге алыстан күш беріп, көмек қолын созған ерлерімізді, сол ерлерді тудырған, бұл күнде шекараның сыртында қалған іргелі елді ұмытпағанымыз әруақ алдында да, Алаш алдында да өтелмек парыз болмақ.

Жоғардағы екі хат тек интернет бетінде жарияланған, тарих әуескерлерінің қолына түскен кездейсоқ деректер. Ал 1913-1921 жылға дейінгі аралықта Алаш орда қайраткерлері мен Алтай Тарбағатайды мекендеген іргелі елдің ел бастаған ерлері арасында қаншама сырға толы, бүгінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге боларлық өнегелі тарихы қалғанын тек Тәңір мен бұл күндері сарғайып архивте жатқан Алаш қайраткерлері шығарған Қазақ газеттері ғана біледі.

Алаш-Орда тарихын зерттеуде, зерделеуде жауапсыз сұрақтар әлі де көп. Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш қайраткерлері Шәуешекке неге барды? Қандай мақсатпен барды? Қандай нәтижелерге жетті? Алаш үкіметі бұл күнде Қытай шегінде жатқан Қазақтар мен Қазақ жеріне қандай көзқарас ұстанды? Міне, осы сұрақтардың жауабын Алаш-Орда қайраткерлерінің жазған еңбектері мен шығарған газеттерінен зерделеп, Қазақ тарихын бүгінгі Қазақстан мемлекетінің шекарасымен ғана шектемей, кеше ғана өткен ұлы Алаш-Орда қайраткерлері мен соған тілектес, ниеттес болған Қазақ жұртының тарихы ескерусіз қалмаса деген тілек бар.

Халел Досмұхамбетұлы тергеушіге берген жауабында “Біздің мақсатымыз барлық Қазақтың басын қосу болатын. Сондықтан Қытайдағы Қазақтарды да қосып алуды қарастырдық. Әрине, ондағы Қазақтар өздері мекендеп отырған территориясымен Алаш-Орда құрамына кіру керек деп есептедік”, – деп мойындама жазыпты. Олай болса, тарихын толықтап, жоғын жоқтаған Қазақ елі де шетте қалған тарихын бүгінгі ұрпағына жеткізу міндетін үстіне алу керек деген ойдамыз.

Алаш арыстарының арман-тілегі бізді әрдайым жебеп жүрсін!

Серік Мұратхан

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: