|  | 

Тарих

Көктоғай көтерілісі

dsc01455

Көктоғай көтерілісіАлтай аймағы қазақтарының Қытайбилеушілеріне қарсы 20 ғ-дың 30 – 40-жылдарындағы қарулы көтерілісі. Шыңжаң өлкесінің генерал-губернаторы Шың Шысай өз үстемдігін бекемдеу үшін ел ішіндегі көзі ашық, оқыған азаматтарға, дін басыларына құрық салды. 1938 ж. қыркүйекте Алтай аймағының Көктоғай ауданындағы қарақас руының тәйжісі Қалел Нұртазаұлын, аймақтық өкіметтің бас хатшысы Мәнкей Мәмиұлын тұтқындады. Желтоқсан айында дінбасы Ақыт қажыны тұтқындап, кітаптарын тәркіледі. 1939 ж. қыркүйекте “Қазақ, қырғыз құрылтайын ашамыз” деген сылтаумен Алтай аймағынан 50-ге тарта адамды Үрімжіге шақырып апарып, қамады. Халық қолындағы қару-жарақты өкіметке алу үшін аймақ, аудандарға құрал жию комиссиясын жіберді. Сарсүмбе қаласына 700 адамды шақыртып, ел ішіндегі қаруды түгел тапсыруға шақырды. Бастартқандарды қамауға алып, қинап мойындатты. Көктоғай ауд-ның әкімі Шүй Ерлин аудан халқына қысым көрсетті. 60 адамды қамау туралы шешім шығарды. 1940 ж. ақпан айының бірінші жұлдызында Айтуған үкірдайы Есімхан Иманбайұлы бастаған Айтеке би, Сайып Қалелұлы қатарлы 30-дай жігіт бір түннің ішінде Шүй әкімін қасындағы 7 адамымен қоса өлтіріп, қарулы көтеріліске аттанды. Көктоғай көтерілісіне Ырысхан Ноғайбайұлы бастаған Шіңгіл ауданы тұрғындары қосылды. Екі ауданның 1000-ға жуық азаматы Қараағаштағы Көксеген ауылында бас қосып, көк қасқа тай сойып, қолдарын қанға матырып, ант ішісті. Шың Шысай өкіметі көтерілісшілерді жаныштау үшін Сарсүмбе дивизиясының үстіне Үрімжіден тағы бір дивизия әскер, 3 ұшақ, 3 бронды машина, бір зеңбірек батареясын және Кеңес Одағының Құмылдағы атты әскер полкінен бір батальон солдат жіберді. Алғашқы ұрыс Шіңгілдің Үшқыз, Күмістің құйғаны деген жерлерде болды. Кеңес солдаттары батальонының командирі Ақтеке бидің сойылынан мерт болып, көтерілісшілер жеңіске жетті, көп қару-жарақты олжалады. Елді паналатуғаМоңғолия өкіметінен баспана сұралды. Алайда моңғол әскерлері Бұлғын деген жерге көшіп барған бала-шағаны оқпен қарсы алды. Көтерілген ел-жұрт Бәйтік, Қаптық тауына барып, жан сауғалады. Бұл жерден маусым айында қайтып, Арал жайлауындағы елге барып қосылды. Жаз бойы Қытай өкіметінің бірнеше дивизия әскеріне бірнеше рет күйрете соққы берді. Қыркүйек айында өкімет делегация жіберіп, көтерілісшілерді бейбіт келісім жасауға шақырды. Көтерілісшілер мынадай 7 түрлі шарт қойды: дін бостандығы, тұтқындарды босату; сақшы бастықтарын қазақтан қою; өкіметтің тыңшы ұстамауы; аудандарда әскер тұрғызбау; өкімет жұмысына қазақтарды молынан қатыстыру; алым-салықты жеңілдету. Бұл келісімге 1940 ж. 18 қазанда қол қойылды. Бірақ өкімет бұл келісімді орындамады. 1941жылдың басында “алтын қазушы” атын жамылған қытай әскерлерінің саны 1100-ге жетті. Тұтқындағылар қайтарылмады. Маусым айында қарақас руының басшысы Қалел Нұртазаұлы және оның ұлы Рақат бастаған ел тағы да көтеріліске шықты. Көтерілісшілер тағы да басымдылық танытты. Бірақ қазан айында Алтай тауына қар жауып кетті де, он мыңдаған көтерілісшілерді артынан қар мен мұз, алдынан жау қысты. Көтерілісшілер ақыры амалсыз қаруларын тапсырды. Өкімет көтеріліс басшыларынан “Қалел Нұртазаұлы бастаған 16 адамды Үрімжіде келісімге қол қояды” деген сылтаумен алып кетті де, сол бойы абақтыда өлтірді. Оспан Сіләмұлы қаруын тапсырмай, Құбының құмына қашып кеткен болатын. Кейін өкіметтен қорлық-зорлық көргендер соның төңірегіне ұйысты. 1943 жылдың маусым айында олардың саны 400 адамға, қару-жарағы 150-ге жетті. Тамыз, қыркүйек айларында оларға Моңғолия және Кеңес Одағы көмек беретіндіктерін білдірді. Қазан, қараша айында Моңғолия өкіметі оларға Үшқыз, Майқантас өңірінен қоныс берді. 1944 ж. 23 ақпанда Моңғолияның премьер-министрі маршал Чойбалсан барып кездесті. 1943 жылдан Алтай баурайындағы көтерілісшілер қосынының күші Шыңжаң өлкелік, Қытай орталық армиясының бірнеше жүз мың жауынгерін ұстап тұрды. 1945 ж. 6 қыркүйекте Қытай билеушілері Алтай аймағынан қуып шығарылды. Кеңес өкіметі 1944 ж. қарашадан Құлжа қ-нда Шығыс Түркістан Республикасын құруға кіріскен. Алайда ұзамай оны коммунистік Қытайға қосуды мақұл көрді. Қан төгіп жүріп алған жеңістің большевиктердің шылауына түсіп кеткеніне көтерілісшілер наразы болды. 1946 ж. жазда көтеріліс басшысы Оспан Сіләмұлы Алтай аймағының қуыршақ ген.-губернаторлығынан бас тартып, жаңа жасақ дайындады. Кеңес Одағы көтерілісшілерді жаныштау үшін генералА.Полинов, Ф.Лескин басқарған он мыңдаған солдатты Шығыс Түркістан формасын кигізіп, шекарадан өткізді. 1948 ж. қыркүйек айында Оспан батырға кездескен америкалық профессор А.Док Барнеттің айтуынша: “ол кезде Оспан батырдың қасында 15 мың қазақ түркісі бар еді….”. 1949 ж. қыркүйек айынан бастап Алтай көтерілісшілерінің алдынан тағы бір алып күш Қытай Қызыл Армиясы шықты. Сөйтіп, Алтай көтерілісшілері Қытай билеушілеріне, Кеңестік Ресей мен коммунистік Қытайға қарсы 12 жыл соғысты. 1951 ж. ақпанда Қытай Қызыл Армиясы Көктоғай көтерілісін біржолата басты.

Оспан батыр

Оспан батыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

1 пікір

  1. Ербол Долдайұлы

    Тарихымыздан көптеген жаңалықтарды оқыдым негізгі мағлұматты болдым. Сіздерге Аллаһ разы болсын. Жұмыстарыңыздан табыс. Мен МОНГОЛИЯДАН

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: