|  |  | 

Спорт Шоу-бизнис

ЭКСКЛЮЗИВ: Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваның біз білмейтін құпиялары

Elyzabet Tursinbay

Жақында қызылордалық он бес жасар Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Канаданың Барри қаласында өткен халықаралық Skate Canada Autumn Classic турнирінде ересектер арасында үздік атанса, АҚШ-тағы «ISU GP 2015 Progressive Skate America» мәнерлеп сырғанау Гран-при додасында төртінші орынға табан тіреп, қазақ елінің мерейін бір көтеріп тастаған болатын.

Спорттың бұл асау түрі анау-мынау спортшыларға құрық салдыра бермейтінін ескерсек, қазақтың қаршадай қызының көрсеткен жетістігі барша Алаш жұртының мақтанышы екені анық.

Бүгін болашағынан зор үміт күттіріп, жас та болса, жасындай жарқырап келе жатқан Элизабет Тұрсынбаеваның әкесі Байтақ Тұрсынбаев ҚазАқпарат ХАА-де қонақта болып, қызының спорт әлеміне қалай келгені туралы әңгімесімен бөлісіп, тілшілеріміздің сұрағына жауап берді.

- Мәнерлеп сырғанау спорты елімізде кенже дамыған спорт түрлерінің бірі. Қызыңызға бұл спорт түрін таңдауға не түрткі болды?

- Менің үш балам бар. Элизабет ең кішісі. Кішкентай кезінде денсаулығы нашар болды. Өте көп ауыра беретін. Алдында Арман, Тимур деген екі ағасы бар. Ең әуелі спорттың бұл түрімен екінші ағасы Тимур айналысты. Біз ол кезде Ресейде тұратынбыз. Тимур көптеген жарыстарға қатысып жүлде алып жүрді. Біраз биіктерді бағындырды. Сосын, Элизабетті де ағасының қасында жүрсін, бір жағы спортпен айналысса, денсаулығына пайдасы тиер деген мақсатпен спорттың осы түріне алып бардық.

- Ол кезде қызыңыздан болашақ чемпион шығады деп ойладыңыз ба?

- Жасырары жоқ, ол кезде ондай ой болған жоқ. Сол кездегі анасы екеуміздің басты мақсатымыз қызымыздың денсаулығын уақытша спортқа беру арқылы қалпына келтіру болатын. Ары қарай спортты жалғастырады деген ойда болған жоқ.

- Спортқа неше жасынан бастап барды?

- Бес жасынан бастады. Негізі төрт жаста болғанда ағасымен еріп, мұз айдында алғаш сырғанап үйрене бастады. Кейін, өзінің де қызығушылығы артып, бос уақыты болса мұз айдынға барып жаттығу жасайтын болды. Сосын, біз арнайы жас жеткіншектерді тәрбиелейтін үйірмелерге жаздырып, тәрбиешілерге тапсырдық.

- Қай спорт түрі болсын, балаларды қабылдағанда бейіміне қарай, ерекшеліктеріне қарай сынақтан өткізіп, сосын барып, талдап алып жатады. Ал Элизабет бұл басқыштардан сүрінбей өтті ме?

- Иә, оңай еш нәрсе жоқ. Қызымды бірінші ағасы жаттығатын үйірмеге алып бардым. Олар қабылдамады. Сосын, қызымды екі-үш айға айран-сүт ішіп, кішкене қуаттанып келсін деп ауылға ата-әжелерінің қолына жібердім. Келген соң тағы бір үйірмеге алып бардым. Олар да алғашында ауылдан келген ештеңе білмейтін бала деп алмай қойды. Сонда да қайта-қайта барып жүріп, үш ай бойы хат жазып, кіргіздім. Олар «үш ай сынап көреміз, осы уақытта еш нәтиже болмаса бізге ренжімейсіз», – деді. Бірден келістім. Үш ай өтті. Қызым ұстаздарының көңілінен шығып, әрі қарай қалды. Тіпті, сол үйірмедегі ең үздік балалардың бірі атанды. Өз құрбылары арасындағы Ресейдің ішкі біріншіліктерінде ешкімді шақ келтірмей, биіктерден көріне бастады.

- Ал Қазақстанға қашан келдіңіздер? Қай жылдан бері қазақ елі атынан сынға түсіп жүр?

- Мен өзім Қызылорда облысының тумасымын. Белгілі бір себептерге байланысты 1992 жылы Мәскеуге көшіп бардық. Үлкен ұлым осы  Қазақстанда туды. Ал екінші ұлым мен Элизабет Ресейде дүниеге келді. Сосын, 2013 жылы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың тікелей шақыруымен ата-жұртымызға қайта көшіп келдік. Осы жылдан бастап қызым қазақ елінің атынан сынға түсе бастады. Міне, қазір айналдырған екі жыл ішінде өз елінің туын жамылып, намысын қорғап, биік белестерге қол жеткізіп, еліміздің мәртебесін көтеріп жатыр.

- Ресейде бұл спорт түрі кең ауқымда дамығанын, жаттығуға барлық жағдайлар жасалғанын жақсы білеміз. Сондай ортадан шығып, облысқа келгенде Элизабеттің жаттығуына кері әсері болған жоқ па?

- Ондай болған жоқ, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың көмегінің арқасында қызым ештеңеден таршылық көріп жатқан жоқ. Оның жаттығуына, жарыстарға баруына барынша қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ, Қызылорда облысының «ҚазГермұнай» компаниясы да әркез бізге көмектесіп келеді. Оларға алғыстан басқа айтарым жоқ.

- Қызыңызды қаржы тапшылығынан жарыстарға апара алмай қалған кезіңіз болды ма?

- Жоқ, ондай болған емес. Әйтеуір шақырған жарыстардан қалып көрген емес. Бірақ, бұл қаржыны көп талап ететін спорт түрі. Қызым әлі кішкентай, бір жағы бұл спорт түрі оқыстан тайып, құлап қалатын болса, аса қауіпті спорт түріне жатады. Сол үшін шетелдерде өтетін жарыстарға жеке бапкерінен бөлек не мен, не анасы еріп баруына тура келеді. Оның барлығы көп қаржыны талап етеді. Бірақ, осы өз еліміздің, Қызылорда облысының қолдауымен бәрі ойдағыдай болып жатыр. Болашақта қызымды бұдан да биік белестерден көру үшін басқа да жолдар қарастырып, барымды салып жатырмын.

- Элизабеттің Қазақстанда қарсыластары бар ма? Бар болса кімдерді атар едіңіз?

- Дәл бүгінгі таңда ешкім жоқ. Бірнеше рет Қазақстан біріншілігінде құрбылары мен Элизабеттің жарыстағы көрсеткіші арасындағы бал 40-50 балл айырмашылығын көрсетті. Бұл үлкен алшақтық. Бірақ, елімізде спорттың бұл түріне деген қызығушылық өте жақсы. Әлі талай жастар жарқырап шығады. Мен оған сенемін.

null

- Спорттан басқа қандай ерекшеліктері бар? Бос уақыттарында немен айналысады?

- Қазір мүлдем бос уақыты жоқ десем де болады. Спорттың сыртында музыкаға қызығады. Екінші сыныптан бастап, музыкалық мектепке барды. Сегіз жыл мұз айдынға барып жүріп музыкалық мектепті де бітірді. Мұз айдында сырғанап жүріп, скрипка да ойнай береді. Ал үйде қолы қалт ете қалса болды сурет салғанды ұнатады. Суретті де керемет салады. Сондай-ақ, тамақ пісіргенді де өте жақсы көреді. Кейде ол үйде болып, біз жұмыстан кеш келгенде тамақтың неше түрін дайындап қояды.

- Әңгіме басында кіші ұлыңыз Тимур да осы спорт түрімен айналысқаны туралы айттыңыз. Ол кейін спортпен айналыспай кеткен сияқты…

- Иә, шетелге бір жарысқа барып жүріп, ауыр жарақат алып қалды. Содан кейін, қазір ем қабылдап жүр. Бірақ, арасында жаттығуын тастамайды. Егер денсаулығы қалпына келіп жатса, мұз айдынға қайта шығуға дайын.

- Әңгімеңізге көп рахмет! Алла ұл-қызыңызға қуат беріп, қазақтың көкбайрағын Олимпиада тұғырында желбіретуге нәсіп етсін…

- Әумин! Сіздердің ұжымдарыңызға да үлкен шығармашылық табыстар тілеймін…

 

      null                                                                                                                         Сұхбаттасқан Күнсұлтан Отарбай

inform.kz

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: