|  | 

Тарих

«ОТАРШЫЛДАРДЫҢ МӘДЕНИ ҚАРУЫ» НЕМЕСЕ СТАЛИН ПУШКИНДІ НЕГЕ УАҒЫЗДАДЫ?

PicMonkey Collage

Көптен бері кеңес баспасөзі беттерінен түспей келе жатқан бір есім бар. Ол – Пушкин есімі, «Пушкиннің өмірбаяны», «Пушкин дәуірі», «Пушкин және декабристер», «Пушкин және бостандық», «Пушкиннің туған жері», «өлген жері», Пушкин… Пушкин…

Міне, осылайша Пушкиннің атына байланысты жазылған материалдар бүкіл орыс баспасөзі беттерін ғана емес, орыс емес халықтар баспасөзі беттерін, сол қатарда біздің Түркістан басылымдары беттерін де жауып жатыр. Ол кім? Оның Қазан төңкерісіне, Кеңес үкіметіне сіңірген қандай еңбегі бар?

Пушкиннің атасы африкалық қара нәсіл­ден шыққан. Кейбіреулердің айтуларына қа­­рағанда, хабаш (Эфиопия) болса керек. Ұлы атасы Анибалды бірінші Петр патша сатып алып, бір орыс ақсүйегінің қызына үй­лендіреді. Сол себепті Пушкин ақсүйектер қауымына енеді…

Пушкиннің Қазан төңкерісі мен Кеңес үкіметіне ешқандай қатысы жоқ. Ол тек орыстың ұлы ақыны болғандықтан, большевиктер оның атын өз мақсаттары үшін пайдалануды көздейді…

Ұлтшыл, ақсүйек болғаны себепті осы­дан небәрі бірнеше жыл бұрын кеңес баспасөзі Пушкиннің атын ауызға алудан қорқатын. Енді, міне, «жел басқа жақ­тан есе бастады». «Кеңес патриотизмі» же­леуі астында орыс патриотизмін, орыс ұлт­шылдығын дәріптеу бағыты үстемдік алды. Сонымен, кеңестік патриотизмге қызмет ету үшін жегілген бас тұлғалардың бірі – орыс ұлтшылдарының серкесі – Пушкин болып отыр («Декабристер» деп 1825 жылғы 14 желтоқсанда Ресейде Патша үкіметіне қарсы көтеріліске шыққан орыс ақсүйек офицерлері мен зиялыларын айтады).

Үстіміздегі 1937 жылы Пушкиннің өлі­мі­не 100 жыл толуына орай Кеңес үкіметі Пуш­кин мерекесін өткізуге жарлық шығарды. Пушкинді тек орыстардың ғана емес, Кеңес Одағындағы барлық халықтардың ақыны деп мәлімдеді. Сонымен, барлық баспасөз Пушкин туралы жабыла жазуда. Барлық халықтар оны өздерінің «ең сүйікті халық ақыны» деп марапаттауда.

Орыс емес халықтардың барлық ақын, жазушылары Пушкин шығармаларын өз халықтарының тілдеріне аударып бас­тыруға міндеттелді. Олар бірден іске кі­рісіп те кетті. Біздің түркістандық бір ақын «тіліміз тек Пушкин шығармалары арқасында байып, ажарлана түсті» деп көкіді. «Мәдени бодандықтың» бұдан өт­кен сорақы түрі, сірә, бола қоймас! Пуш­кин шынында талантты, бостандық сүй­гіш ақын. Алайда, ол – орыс ақыны. Осы күнге дейін еуропалықтарға жат саналып келген ол біздің түркістандықтар үшін де жат еді және бұдан кейін де солай болып қала береді. Пушкин өзінің болмысы мен рухы жағынан Кеңес үкіметі мен большевизмге де жат. Романовтар әулетінен шыққандар арасында бостандықтың барып тұрған жауы бірінші Николай патша бостандық сүйгіштігіне және осы жолдағы іс-қимылдарына қарамастан, Пушкинді жақсы көруінің себебі – оның ұлы орыс ақыны, славян ұлтшылы болғандығынан еді. Цензуралардың әлегінен құтқару үшін бірінші Николай патша Пушкиннің жазғандарын өзі қарап отырған. Ол Пуш­­­киннің өзіне «Сенің цензураң мен­мін» деп ашық айтқан да болатын. Енді, міне, бостандықтың Николай патшадан да өткен қас жауы, орыс пролетариат диктатурасының диктаторы Сталин Пушкинді уағыздауда алдына жан салмай отыр.

Тегінде, жазушылар мен ақындар әлем­ге атын жаю үшін ешқандай бір күш­теуге мұқтаж емес. Мәселен, Фердауси, Омар Хайам, Сиғадилар бұған үлгі бола алады. Бұл күнде осы данышпан ақындардың өлеңдерін білмейтін, оны өз тілдеріне ау­дармаған халықтар кемде-кем.

Орыс халқы Пушкинімен мақтануға хақылы. Пушкин де оған тұратын тұлға. Алайда, Пушкин мұралары біздің хал­қымыздың таным-түсінігіне, рухани болмысына ешбір жанаспайды. Сол себепті оның шығармаларын күштеп аудартып, оның есімін балиғатқа толмаған жас ұр­пақтарымыздың санасына зорлап сі­ңі­ру­ге бағытталған большевиктік іс-әре­кет­тер біздің халқымыздың басына ор­­на­­ған мәдени және ұлттық бодандықтың ең жарқын белгілерінен басқа ештеңе де емес.

Орыстың ұлы ақыны Пушкиннің тамаша поэзиясы, міне, осылайша орыс пролетариаты диктатурасының біздің халыққа қарсы жұмсайтын мәдени қаруына айналып отыр.

Мұстафа Шоқай

1937 ж., №88

ult.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: