|  | 

Әдеби әлем

ПЭЗИЯ КЕРБҰҒЫСЫ

 

Aqilbek DalelulyАқылбек Дәлелбекұлы 1974жылы ҚХР-дағы

Алтай аймағы Көктоғай ауданында дүниеге келген.

оны Қытай қазақтары <<ПЭЗИЯ КЕРБҰҒЫСЫ>> деп атауға

дағдыланып кеткен.

қансонарда басылған іздің өзі байырғы

сүрендермен келісе бермейді,

Ақылбектің ізі жаңаша сүрен ретінде қаралады,

бөрі соқпақты боз даладағы <<Поэзия кербұғысының>>

сезім шырпысына тамдырған алау оты бүкіл шығыс алқабынан шұбатыла жетіп мінеки Атырауға дейін дамыл таппақшы.

 

 

 

 

 

 

ІҢКӘРЛЫҚ

 

Кең кеудеме керуен тартқан нұрлары ,

Мен өмірге інкар едім …

өзімше !

Қытығы мол қыиял дейтін қырдағы ,

…Қыиыламын ,

қыршын үміт көз ілсе…

 

Ентелетіп жан- ділімді бір бақыт ,

Ертегідей !

ерте , ерте , ертеден ,

Жалғыз сәуле бар жалғанда , жырлатып -

Жанарымен жүрегімді өртеген .

 

Бал мойнына мың бояулар асылып ,

Қызыл- жасыл жапырағына қонған нәр.

О, дариға !

мың жүрекке жол алып ,

Ол туралы ән салатын ормандар .

 

Самал ескен сахараның түнінен ,

Кісінесе аңсап арман – арғымақ ,

Таудың таза нілін сорған тілімен ,

Ол жәйінда жыр оқыитын бал бұлақ .

 

Бір ғажап наз мыиығында кілкіген ,

Сол бейне үшін өзегімді от қарып…

Жанартаудай қайта – қайта сілкінем ,

Ұшқындарым аспан жаққа аттанып…

 

Жанға шеккен жазымыштың жазуын ,

Мен – қызғыш құс !

…інкар ,

өмір ,

сәулеге …

Сен – жалынсың ,

нәркес бейне- нәзігім ,

Салқын тартпай сала бер сан әуреге !!

 

СІБЕРЛЕ ЖАҢБЫР

 

Ағыл да тегіл оқылған ойлы жыр ма едің ,

Сіберле , жәңбір !

жанымның жушы кірбеңін .

Тыныштық- кіие тұмарын тағып мойныма ,

Тыңдағым келіп тұр менің…

 

Шымшылап түндер ,

шыирықтырып қысқа күн өткен ,

Кеудеме кермек тамшыны  , жәңбір , түнетпен !

Жаураған сезім жапырақтарын жылытып ,

Ұшыршы кептер жүректен .

 

Бұлттарың сенің – жұлдыздың бұйра жолағы ,

Бұлттарым менің – бұрқанған мұңның бораны .

Құлазып кеттім ғұмырлар үшін қаңбақтай ,

Белгісіз қайда қонары .

 

Жатырқап көңіл жәндіктерінен нарықтың ,

Қалғандай құмда , қаталап қанша талықтым .

Сіберле , жәңбір !

сілкініп алып қағайын ,

Қаймана шаңын халықтың !!

 

СӘУЛЕ

 

Ойға батып … о , батысым- шығысым !

Тосыт көтер , тосын туған жыр үшін .

Аңыздағы алып қара көлеңке ,

Күн нұрына суарып тұр қылышын .

 

Жер !

тіршілік !

керуен көшіп , ит үрген ,

Күрсінемін , күңіренсе күйкі інген .

Сүрені көп , сүйкімі жоқ пенденің ,

Сұр көкекке ұқсатамын сыиқын мен .

 

Кермалдасқан күдік және тоты – үміт ,

Кеңістікке зауал болып оқылып .

Дала жатыр аңсап аспан дауысын ,

Бара жатыр керім сәуле кетіліп .

 

Жер- ұжымақ !

өзегінде өмір бар ,

Өмір үшін өртене қол соғыңдар .

Ғаламатын қайдан ұқсын ғарыштың ,

Топыраққа тамыр тартпас төбірләр .

 

Шаншып найза – кірпігімді көкке мен ,

Күн көзінен күреңіткен от көрем …

Соңғы шуақ мың жүрекке төкті арай ,

О, дариға !

ернін тістеп еппенен .

 

Жапырақтар айып тағып аңғалға ,

Қараңғылық жәйлап …

қалдым арманда !

Сәуле шашып кету керек – ау ,

Маржан- ғұмыр үзілгенше …

бар маңға !

 

Рухындай оқыс сөнген сәуленің ,

Егіз жұлдыз жанды… жалғап дәуренін .

Айхай ,жалған !

кеудеме енген әлемнің ,

Кереметін жырлай алмай әуремін…

 

———————————————–

kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: