|  |  | 

Спорт Шоу-бизнис

Ғабит ТҰРСЫНБЕК: Қытайдың ақпараттарында «ұлтының мүддесін ойлап кетті» деп көп жазды

liuvtn-cha4

Ғабит ТҰРСЫНБЕК, Ережесіз жекпе-жектен WBK нұсқасы бойынша əлем чемпионы:

Ары қарай жекпе-жекке шығармауы мүмкін

Қазақ ұлтының абыройы мен намысының алдында бұл болмашы ғана іс

Ұлан: Ғабит, жақында ғана Қытайда өткен жекпе-жекте қандас бауырың Айбекпен ақтық айқасқа шықтың. Сол кездесуіңде бапкеріңнің «аямай ойна, жарыстың аты жарыс» деп нұсқау бергеніне қарамастан, бірде-бір соққы дарытпадың…

Ғабит: Шыны керек, Айбек екеуміз бір-бірімізбен қарсылас боламыз деп ойламадық. Алланың қалауымен солай болды. Айбекпен елімізге келген кезде бірге жаттыққанмын. Аз ғана уақыт бірге жаттықсақ та, бір-бірімізге деген бауырмашыл сезіміміз бар. Айбектің ақ ниетті жан, мелжемді спортшы екенін білемін. Шаршы алаңға шыққанда, Айбек бауырыма соққы жұмсаймын деген ой мүлдем болған жоқ. Жəне де бұл ойымды жекпе-жек барысында да өзгертпедім. Абай атамыздың «Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең істің бəрі бос» деген дана сөзі бар. Екі қазақ бір белбеу үшін бірін-бірі аямай соққының астына алуы сорақылықтың белгісі емес пе?! Əрине, кейбір адамдар спорттың ережесіне сай емес деп наразылығын білдіруі мүмкін. Десек те, тарихымызға көз жүгіртетін болсақ, қазақтың батырлары ешқашан бір-бірін соққыға жықпаған. Айбек екеуміздің бауырмашылдығымыз жəне қазақтың қанында бар тектілік қасиеті бір-бірімізге қол көтеруге жол бермеді. Бір жағынан артымыздан еріп келе жатқан жас спортшыларымызға үлгі-өнеге болсын деген мақсат та болды. Құр сөзбен емес, əр нəрсені іспен дəлелдеу керек деп ойлаймын. Қазақтардың бір-біріне деген бауырмашылдығын ешқашан жоймағанын қалаймын.

Ұлан: Дегенмен, жеңімпазға қомақты қаржы, сонымен қатар WBK тұжырымының алтын белбеуі тігілді емес пе?

Ғабит: Бұл додаға əр елдің беткеұстар, ең үздік сайыпқыран спортшылары келді. Бірақ шаршы алаңға шыққанда алтын белбеу не болмаса ұтыскерге берілетін қомақты қаржыны ойламадым. Дүние-мүлік, ақша адамға əсте жолдас болмайды. Өзі аз ғана қазақтардың барлығы бауырмал болса, содан асқан байлық жоқ шығар. Сондықтан қанша ақша тігілсе де, айқаста қандас бауырыма қол жұмсай алмадым. Өзім əр кездесуімде айқас алаңына Бекболат ағамыздың «Алаш ұраны» əнімен шығамын. Айбек жекпе-жекке қазақ əнімен шыққан кезде қатты тебірендім. «Əттеген-ай, екі қазақтың осындай жағдайда кездесіп қалғаны-ай» деген ойлар да болды.

Ұлан: Қызыл карточка көрсетіп, жарысты тоқтатып тастаған кезде, «Қап, бар мүмкіндігімді аямай пайдалану керек еді» деген өкініш болмады ма?

Ғабит: Жоқ, менде ешқандай да өкініш болған жоқ. Айбек екеуміздің жəне күллі қазақ ұлтының абыройы мен намысының алдында бұл болмашы ғана іс. Тіпті, өкінем деп айтудың өзі ұят. Одан бөлек жекпе-жек барысында Айбек бауырымның да көзінен маған деген бауырмашылдығы, мейірімі төгіліп тұрды. Бауырмашылдығымыздың арқасында бір-бірімізге ауыр əрекеттерімізді істей алмадық. Жарыс біткеннен кейін Айбек қандасымыз екеуміз қол алысып, құшақтастық.

Қытайдың ақпараттарында

«ұлтының мүддесін ойлап кетті» деп көп жазды

 

Ұлан: Бұл жайт сенің əрі қарай жекпе-жекке шығуыңа нұқсан келтірмей ме?

Ғабит: Нұқсан келтірмейді деп те айта алмаймын. Бұл жақтан маған өзімнің еңбегім мен жеткен жетістіктерімнің арқасында барлық жағдайымды жасап берді. Қазақсың, не болмаса басқасың деп мені көкірегімнен итермей, жекпе-жекке шығуыма қолдау көрсетті. Бірақ, Қытайдың ақпарат құралдарында мен жайлы «өзінің жеке басының, ұлтының мүддесін ойлап кетті» деген сияқты нəрселер көп жазылды. Айбек бауырыммен шаршы алаңда болған жайт біраз халықтың наразылығын тудырса керек. Соған байланысты алдымыздағы айда өтетін жекпе-жектерімді тоқтатты. Ары қарай жекпе-жекке шығармауы мүмкін деген сияқты алыпқашпа əңгімелер де бар. Бірақ, бұның бəрі өз уақытымен шешіледі деп ойлаймын. Алла қаласа, осы у-шудың барлығы басылғаннан кейін, жанкүйерлерімді қайтадан өз өнеріммен қуантамын.

Ұлан: Жергілікті ұлты қытай спортшыларымен жекпе-жекке шыққан кезде төрешілер жағынан қысым көрмейсің бе?

Ғабит: Жоқ, төрешілер тарапынан аса бір қатты қысым көрген емеспін, барлығы əділ өтеді. Талай қытайлық спортшылармен де кездестім. Төрешілердің ешқандай да жақтасып, қысым көрсеткені болған жоқ. Шаршы алаңда көрсеткен өнеріңе байланысты шешім қабылдайды. Өзіміздің біраз қазақ бауырларымыз көптеген жарыстарда атой салып жүр.

Елге шақырып жатқандар көп

Ұлан: Енді елге оралу ойыңда бар ма?

Ғабит: Ол жағын əлі ойламадым. Өзім Құлжа қаласына қарасты Мұңғұлкүре ауданында туып өстім. Əке-шешем, бауырларымның барлығы осы жақта тұрады. Сондықтан əзірше ол жайында ойламадым. Бірақ, болашақта еліме оралып, қазағымның абыройын асқақтатсам деген арман-мақсатым бар.

Қазір де сол жақтағы қандас бауырларым шақырып жатыр. «Елге кел, бауырым, қолдаймыз!» деген ізгі тілектерін айтып жүр. Қазақ бауырларымның осылай сыйлап, құрметтегені көңілге шуақ ұялатады.

Ұлан: Спорттың бұл түріне келуіңе не түрткі болды? Қандай жетістіктерге жеттің?

Ғабит: Жалпы, бала күнімнен спортқа қызығып өстім. Қазақтың көк туын желбіретіп жүрген ағаларыма еліктедім. Спорттың осы түрімен кəсіби түрде 16-17 жасымнан бастап шұғылдандым. Алғашқы жекпе-жегімді 20 жасымда өткіздім. Аллаға шүкір, жеткен жетістіктерім аз емес. Осы уақытқа дейін кəсіби алаңда 18 жекпе-жек өткізіп, соның 15-ін өз пайдама шештім. 2015 жылы Құлжа қаласында халықаралық дүбірлі дода өтті. Сол турнирде 70 келі салмақ дəрежесінде WBK тұжырымы бойынша əлем чемпионы атандым. Бұл менің кəсіби тұрғыда жеткен ең үлкен жетістігім болды.

Ұлан: Кезекті бір жекпе-жегіңде Ресей чемпионын сұлатып, шаршы алаңға анаңды шақыртып алғыс айтқан едің. Бұл əрекетің де күллі жұртты сүйсіндірді.

Ғабит: Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерім əуелі Алланың, сосын ата-анамның тəрбиесінің арқасында деп білемін. Сол жарыста əке-шешемді шаршы алаңға шығарып алғыс айтқым келді. Негізі, қарапайым отбасынан шыққан жанмын. Əкем Тұрсынбек мектепте мұғалім болып істейді. Анам Кəтірхан үй шаруасындағы адам. Мен үйдің кенжесімін, алдымда төрт ағам, екі əпкем бар. Барлығы осы Қытай елінде қызмет істейді.

Ұлан: Əңгімеңе көп рахмет, алар асу, шығар биігің көп болсын! Қазақтың өздеріңдей бауырмал, мықты ұл-қыздары көбейсін!

Сұхбаттарды жүргізген

Дəурен ДОСБОЛҰЛЫ

«Ұлан», №12

(29.03.2016)

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: