|  | 

Шоу-бизнис

Мейрамбек Беспаев:Көп әйел алуға қарсы емеспін!!!

Мейрамбек Беспаев:Көп әйел алуға қарсы емеспін!!!

Көп әйел алуды мен, яғни Аманта аталарың ғана қалап отыр десем, әншілеріміз де мені қолдайды екен-ау!!! Мені қыздар жеп қоя жаздады ғой, өтірікшксің, сіздікі дұрыс емес деп. Мына Мейрамбектің әңгімесінен кейін көңілім бір орнына түскендей болды-деп жазды massaget.kz те.

Мейрамбек жарайсың!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Оның қоңыр үнін тыңдамайтын қазақ кемде-кем. Қазақ эстардасындағы шоқтығы биік нағыз әнші. Кейде сырт көз «көкірек көрінеді» дейді. Алайда, ол өзін жұлдыз емес, қазақы қоңыр тіршілікті аңсайтын қара баланың бірімін деп қана санайды. Шындығында, біз сахнадан ғана таныған Мейрамбек Беспаев қандай адам?

– Мейрамбек, тілеулес тыңдармандарыңызды ауырып бір қорқытып алдыңыз. «Мейрамбектің денсаулығы әлі сыр беріп жүрген жоқ па?» дейді ел. Жалпы денсаулығыңыз қалай?

– Енді ауырып-ауырып болдық қой, екі жылдай уақыт өтті. Қазір дәрігерлердің қарауындамын, берген дәрілерін ішудемін. «Ауру айтып келмейді» дейді. Адам ет пен сүйектен жаралғаннан кейін, бұл да қалыпты жағдай шығар. Адамның адамнан айырмашылығы жоқ, тек діні мен тілі, дәстүрінен басқа.

–   Балалық шағыңыз несімен ерекшеленеді?

– Кішкентайымнан әр түрлі өнер иелерімен араластым, ел көрдім, жер көрдім. Бір сөзбен айтқанда, балалық шағыма айтар шағымым жоқ, өте қызықты өтті. Кептер асырағанымды білетін шығарсыз. Кептерге қырғидай тиетін болған соң мысықты ұнатпадым. Ол дәурен тәтті естеліктерге толы келмеске кеткен күндер ғой. Ата мен әженің еркесі болдым. Олар өз ауыздарынан жырып, бар дәмдісін маған берді. Адамның әр жастағы кезеңі өз қызықтарымен ерекшеленіп тұрады.

–   Отбасында неше жансыздар?

–   Менен кейін екі қарындасым бар. Мен үйдің тұңғышымын.

– Ұлдан жалғызсыз, яғни, қара шаңырақтың иесісіз. Ата-анаңызбен бірге тұрасыз ба?

– Мен қаладамын, әке-шешем Алматының іргесіндегі «Жаңа тұрмыс» деген ауылда тұрады. Себебі, мен іссапарда жиі боламын. Бала кезімнен бөлек тұрып, өз бетімше өмір сүруге үйренгенмін. 1989 жылы Алматыға біржолата көшіп келдім десем де болады. Күләш Байсейітова атындағы музыка мектеп-интернатында оқыдым. Интернат – мен үшін үлкен өмір мектебі болды. Нәтижесінде, өз басымды өзім алыпкеле жатырмын. Жалғыз ұл деп, мені өбектей бергенде, кім біледі, мен өмірдің қыспағына шыдас бермес пе едім?! Өнер – мені жастайымнан қайыспауға, мұқалмауға үйретті. Әлбетте, ата-анамның жандарында көбірек болуға тырысамын. Кеше түнде Пекиннен келдім. Тап қазір ата-анамның амандық-саулығын біліпкеле жатқан бетім.

– Сізді қазақтың намысты жігіттерінің бірі деп білеміз. Жалпы сізді қандай ой қатты мазалайды?

– Жалғыз мені емес, көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген адамды қазіргі қоғамымыздың түйткілді мәселелері толғандырмай қоймайды. Тәуелсіздік алған жиырма жылға жуық уақыт ішінде өзіміздің қазақша музыкалық теле-радиомызды жасай алмағынымызға, тіліміздің жетім баланың күйін кешіп келе жатқандығына қынжыламын. Басылымдарымыздың барлығы бір-біріне ұқсайды, ешқандай ерекшелік жоқ. Құдайға шүкір, өсіп келе жатырмыз, бірақ, өте баяу. Кеше ғана Монғолияға, Пекинге барып келдік. Монғолияда қазақтар көпекен, алақандарына салып күтті. Онда қазақтарға ешқандай қысым байқамадым. Керісінше, біздің елімізде қазақтарымыз өгейсініп жүреді. Монғолияда жиырмаға жуық телеарна бар екен, өздерінің тілін, өнерін, салт-дәстүрін насихаттайтын. Ал, Қытайда қателеспесем қазақ тілінде 3 телеарна бар екенін жақсы білесіз. Қараңызшы, ұлтқа, ұлттың өнеріне  деген керемет жанашырлық. Біздің Қазақстандағы қазақтардың халі аянышты.

– Сіздіңше, қазақ тілінің, қазақ өнерінің осындай халге жетуіне кім кінәлі?

– Билігіміздің әлсіздігінің жемісі. Биліктегілердің жеріне, тіліне, ең бастысы ұлтына жанашымастығының салдары бұл. Қарапайым халық мүддесін ойлап жатқан ешкім жоқ. Билік басындағылардың басым көпшілігі қазақ тілін білмейді. Өз тілін білмегендерден не үміт, не қайыр болады?

– Көп әріптестеріңіз сізді «жүрекпен орындайды» дейді. Сонда жүрекпен орындау дегеніміз не? Әнші жүрекпен орындамаса да, әнші бола бере ме?

– Жүрекпен орындамау дегенді түсінбеймін. Мен әнді қалай түсінемін, солай орындаймын. Мына жерінде осы жұртты жылатайыншы деген ой жоқ менде. Алайда, қазіргі қазақ эстрадасында менен де мықты жақсы әншілер бар деп ойлаймын.

– Кезінде көптеген жас қыздар «Мейрамбек Беспаев» деген аурумен ауырды. Қазір де сізді қыздар жиі мазалай ма?

– Әр нәрсе өз уақытысымен жүреді. Бір кездері менің өнерімді бағалаушы қыздар «Мейрамбек, Мейрамбек» десе, қазір «Аға, аға» деп жатады. Мазаны жиі алатын қыздар әлі де бар. Сондықтан телефон нөмірін жиі ауыстырамын.

– Әзірге бір ғана қызыңыз бар. Ал болашақта неше баланың әкесі болғанды қалайсыз?

– Мүмкіндігінше ұрпағым көп болса екен деп тілеймін. Баламыз көп болса, қазақ та көп болады.

– Кейбіреулер «көпбалалы отбасы болу үшін – көп әйел алу керек» дейді. Сіз көп әйел алуға қалай қарайсыз?

– Шама жетсе, неге алмасқа? Ұрпақтың көптігі үшін, Алла разылығы үшін алуға болады. Ал жай мақтан, дақбырт болса, ондай тірлік ер жігітке жараспайды. Дінімізде, салтымызда бар нәрсе ғой екі немесе одан да көп әйел алу. Тек деген жақсы ұғым бар қазақта. Тектіден текті туады. Мысалы, кезінде Құнанбай атамыз Ұлжан апамызды екінші әйел етіп алмаса, онда дана Абай туылмас еді ғой. Адам тағдырға, өткен ата-бабаларымыздың ісінің дұрыстығына сену керек. Көп әйел алуға қарсы емеспін.

massaget.kz

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: