|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Тарих

Тарихта айрықша қатыгездігімен ерекшеленген тайпалар

Барша адамзат тарихы жаратылғаннан бері жер, байлық, атақ-даңқ және басқа да игіліктер үшін болған бірталай қанды қырғын соғыстарды басынан кешіріп келеді. Осы орайда NUR.KZ  назарларыңызға тарихта бері айрықша қатыгездігімен ерекшеленген тайпалар тізімін ұсынады.

Тарихта айрықша қатыгездігімен ерекшеленген тайпалар

ФОТО: RAMBLER.RU

Маорилер

Маорилер жер бетіндегі жауынгер халықтардың бірі болған. Бұл тайпа қарсыластарымен төбелесуді көңіл-күй мен беделді көтеретін ең керемет тәсіл деп санаған. Жауына есе жібермеу үшін олар жалмауыздыққа дейін барудан тайынбаған. Өзге ұлт өкілдеріне қарағанда маорилер ешқашан біреуге тәуелді болмаған. Ал, олардың қанішерлерге арналған “хака” деп аталатын билерін әлі күнге дейін маорилердің регбиден ұлттық құрамасы орындайды.

Тарихта айрықша қатыгездігімен ерекшеленген тайпалар

МАОРИЛЕР. ФОТО: ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНҒАН

Гуркхтар

Көптеген халықтың әлі келмеген Британ империясының отарлық шабуылдарын тыюға Непалдық гуркхтардың күші жеткен. Олармен соғысқан ағылшындықтардың пайымдауынша, гуркхтардың тым жоғары агрессивтілігі мен ештеңеден қорықпауы оларды өзгелерден айрықша етіп тұрған. Сол себепті де Англия тіпті ескі қарсыластарын әскери қызметкерлерінің қатарына қосқысы келген.

Тарихта айрықша қатыгездігімен ерекшеленген тайпалар

ГУРКХТАР. ФОТО: ҒАЛАМТОР ЖЕЛІСІНЕН АЛЫНҒАН

Даяктар

Бұл тайпада көсемдеріне жауының басын әкелген жасөспірімдер ғана еркек деген атқа ие болған. Осы бір дәстүрлеріне қарап-ақ даяктардың қаншалықты қатыгез халық екенін байқауға болады. Қуанышымызға орай, олар бізге тым алыста орналасқан Калимантан аралында өмір сүреді. Бірақ, сол жерде жүріп-ақ даяктар әлдеқашан дамып кеткен өркениетті мемлекеттерді қорқытқысы келеді.

Тарихта айрықша қатыгездігімен ерекшеленген тайпалар

ДАЯКТАР. ФОТО: ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНҒАН

Қалмақтар

Таңғалатын түгі жоқ: қалмақтар шын мәнінде әлемдегі ең ержүрек халықтардың бірі болып табылады. Олардың түпкі аталары ойраттар кезінде ислам дінін қабылдаудан бас тартып, кейін Шыңғысханың тайпасымен туыс боп кеткен. Қазіргі таңда қалмақтардың көбісі өздерін күллі ғаламды жаулап алғысы келген ұлы билеушінің ұрпақтарымыз деп мақтанады.

Тарихта айрықша қатыгездігімен ерекшеленген тайпалар

ҚАЛМАҚТАР. ФОТО: ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНҒАН

Апачилар

Бұл тайпа жүздеген жылдар бойы мексикалық үндістермен жер үшін күрескен. Кейінірек, олар бар айла-тәсілдерін пайдаланып ақ нәсілділерді жеңіп, ұзақ уақыт өз шекараларын қорғап тұрған. Апачилар бір кездері АҚШ-тың оңтүстік-батыс өңірлеріне қарсы соғыс ашып, алпауыт мемлекетке әскерлерінің бар күшін тек осы тайпаға бағыттауға тура келген.

Тарихта айрықша қатыгездігімен ерекшеленген тайпалар

АПАЧИЛАР. ФОТО: ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНҒАН

Ниндзя жауынгерлері

Шамамен XV ғасырларда жалдамалы кісі өлтірушілер – ниндзялардың аты шыққан болатын. Неше түрлі тәсілдерді жақсы білетін әрі үнемі жасырын түрде жүретін жауынгерлер ортағасырлық Жапония елінің нағыз аңызына айналған. Кейбір тарихшылардың зерттеуінше ниндзяларды өз алдына бөлек халық ретінде де қарастыруға болады екен.

Тарихта айрықша қатыгездігімен ерекшеленген тайпалар

НИНДЗЯ ЖАУЫНГЕРЛЕРІ. ФОТО ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНҒАН

nur.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық. Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды: 12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең. Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды. Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: