|  |  | 

Көз қарас Әлеумет

«Директор қуып шықпасын!». Мұғалім қыз жұмысының сансыз кемшіліктерін айтып салды (фото)

b603dd23b29ff1d7872a68ec6d1789a9_resize_w_520_h_

Ұстаздық ету балаларға сабақ берумен шектелмейді екен. Бұл кісілердің бір басына қыруар жұмыс жүктеп қойыпты-деп жазды kaz.365info.kz.

Роксалана Цой есімді қарындасымыздың жазбасын оқып көз жеткіздік бұған. Роксалана өз кәсібінің жақсы жағы мен кемшілігін айтып беріпті. Ойлантып тастады. Мұғалімнің жұмысы машақат екен ғой. Сонымен, ол не дейді?

Мен өз кәсібім туралы айтқым келеді. Мен мұғаліммін.

Кемшілігі:
1. Жалақы. 50-55 мың айлықпен ұзаққа шаппайсың. Шамаң белгілі. Мүмкіндігің шектеулі. Қарызға өмір сүресің. Қарыз аласың, қарыз қайтарасың. Жолымның өзіне жалақымның тең жартысы кетеді.

2. Жұмыс кестесі. Жұмысты қай уақытта бастайтының маңызды емес. Таңертең келсең де, түсте келсең де бәрібір сен жұмыста өмір сүресің. Мәселен мен 8-ден түскі сағат 1-ге дейін жұмыс істесем де, тыныш отырғызбайтынын білем. Түскі асымды апыл-ғұпыл ішем де біреудің орнына сабақ берем. Себебі, мұғалім мүлдем жетіспейді. Сенің 12 сағат бойы тікеңнен тік тұрып жұмыс істегенің ешкімді қызықтырмайды. Мектеп сенің үйіңе айналады. Көзіңнің асты ісіп кеткен түріңмен жүргенің. Мұндайда өз-өзіңді күтуге шамаң да, құлқың да болмайды. Үзіп-жұлып ішкен тамағың денсаулыққа әсер етеді.

3. Қағазбастылық. Бітпейтін есеп. Жоспарлар. Кестелер. Ешкімге керек емес, бір құшақ папкі құшақтап жүргенің. Бұл папкідегі ақпар комиссияға арналған. Ал комиссияға қарасаң, олар осы мектепте өмір сүретін сияқты.Таусылмайтын тексеріс. Біздің комиссияға дайын екенімізді тағы бір комиссия тексереді. Тексерушілер сенің сыныбыңдағы балалардың санынан көп. Бір құжатың толық болмады екен, комиссия шашыңды жұлады. Сені ақымақ қып көрсетуге тырысады.  Сосын дәптер…Көтеруден шаршайсың. Құшағыңа сыймайды. Сыныбыңда 37 бала бар болса, осы 37-ні 4-ке көбейтіңіз. Көбейттіңіз бе, міне осынша дәптерді арқалап жүресің, онысы өз алдына бұларды тексеру керек. 

4. Пәтер аралау. Жылына екі рет жазда және жаңа жылдан кейін сақылдаған сары аязда пәтер аралап жасы 0-ден 18-ге дейінгі балаларды санақтан өткіземіз. Қашан, қайда туды. Қайда оқиды. Егер біздің мектепте оқымаса, оның мектебіне барып, анықтама аламыз. Әрқайсымызға 100-200 пәтерден беріп қойған. Біздің адамдар да долы ғой. Есігін ашпайды, тарс жауып алады. Боқтап тастайды. Тиісетіндер де табылады. Осының бәріне төзу керек. Анықтама жинамадың, саған тиісті пәтерге кірмедің екен ескерту аласың. 3 рет ескерту алсаң жұмыстан қуып шығады. 

5. Сыртқы келбетің мен жеке өмірің… туралы жазып та керегі жоқ. Үстің бор-бор, сия-сия, тіпті әжең де кимейтін киіммен жүргенің. Жұмыстағы жұрттың дені әйел. Әйел болғанда да шетінен долы, ашуланшақ күйеуге шықпаған немесе жалғызбасты қатындар. Өмірден қажыған физрук. Иә, сені де сондай тағдыр күтіп тұр, Роксолана. Бір-екі жыл күт. Сен де солардың кебін киесің. Мектептің отымен кіріп, күлімен шығып зомбиға айналған қызды кім алады? Кәне, кім бар? Ешкім үндемейді ғой!  Жігіттер де қызық. «Қыдырмайтын, үйде отыратын қыз керек» дегенде сондайсыңдар. Мен клубтың атын естігенім болмаса, затын көрген адам емеспін. Таңғы сағат 6-да тұрсам қайдағы клуб. Бұл уақытта менің құрдастарым өмірдің қызығын көріп жүр. Кигендері керемет көйлек, опа-далап, жасанды қас…Ал мен болсам, бұл уақытта балалардың бақылау жұмыстарын тексеріп отырам. Иә, еркектер күтімді қызды жақсы көреді, мойындауым керек. Сонда менде жеке өмір жоқ па? Ол қашан пайда болады? 

6. Енді жұмысымның жақсы жағы туралы айтсам. Ол біреу ғана. Балалар. Олар сені шын көңілмен жақсы көреді. Әрине, бұл үшін олардың махаббатына лайықты ұстаз болуың керек. Мысалға, мен сияқты. Мен мектепке келгенде, олар алдымнан шығады. Құшақтайды. Сағынып қалғанын айтады. Міне, сол кезде бұл кәсіпті неге таңдағаныңды түсінесің. Кейбір қошақандар қателесіп мені мама деп қояды. Күндерінің қалай өткенін әңгімелеп береді. Сен олардың ең жақын досысың. Солай. 

 P.s. Егер мені осы жазба үшін жұмыстан шығарып тастаса, мені жұмысқа алыңыздаршы.

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: