|  |  | 

Көз қарас Сұхбаттар

«Нью-Йоркке келгелі мақсатыма бір табан жақындағанымды сеземін»


Нью-Йоркте тұратын қазақ Жолдас Өрісбаев.

Нью-Йоркте тұратын қазақ Жолдас Өрісбаев.

АҚШ-тағы басылымдардың бірінде тәжірибеден өтіп жүрген қазақ жігіті ол елдегі журналистика туралы, Нью-Йорктегі отандастары жайлы айтты.

Университетті Алматыда бітірген 25 жастағы Жолдас Өрісбаев АҚШ-қа білім бағдарламасымен барған. Қазір Нью-Йорк қаласындағы жергілікті басылымда тəжірибеден өтіп жүрген ол сол елде көрген-түйгенін әңгімеледі.

Азаттық: – АҚШ-қа қалай және қашан бардыңыз?

Жолдас Өрісбаев: – АҚШ-қа осыдан үш жыл бұрын Work and travel бағдарламасы бойынша келген едім. Ол кезде жаздық демалысымды осында өткізіп қайтқанмын. Содан кейін «осы жаққа жолым түссе екен, тәжірибе арттырып, кәсіби деңгейде білім алсам екен» деп біраз іздендім. Сосын университеттің соңғы курсында оқып жүрген шағымда интернет арқылы көптеген бағдарламаларды іздей бастадым. Коммерциялық емес ұйымның ұйымдастыруымен АҚШ-та өтетін «Журналистерге арналған тәжірибе арттыру» бағдарламасына қатыстым. Сол бағдарлама арқылы өткен жылдың сәуір айында Нью-Йоркке екінші қайтара келген едім. Қазір IFERS бағдарламасы бойынша жергілікті Red Hook басылымында тəжірибеден өтіп жатырмын.

Азаттық: – Қазақстанда жергілікті сайттарда жұмыс істепсіз. Қазір АҚШ басылымында тәжірибеден өтіп жүрсіз. Екі ел журналистикасында қандай айырмашылық бар?

Жолдас Өрісбаев: – Бұл жерден ең бірінші байқағаным – кез келген ақпаратты кем дегенде екі-үш дерек көзінен нақтылап беруге күш салатынын аңғардым. Нақтыланбаған ақпарат ешқашан жарияланбайды. Сосын өте жылдам жұмыс істейді. Мәселен, маңызды іс-шара өтіп жатқан болса, соған қатысты деректі кез келген жағдайда тауып, соған сәйкес ақпарат беруге тырысады. Үшіншіден, Қазақстанда әрбір басылымның тұрақты журналистері жұмыс істейді. Ал бұл жақта негізінен фрилансерлер жұмыс істейді екен. Әрі бұл өте тиімді екенін аңғаруға болады.

Азаттық: – Басылымға фрилансер болудың тұрақты тілшіліктен артықшылығы бар ма?

Жолдас Өрісбаев: – Бұл жерде фрилансерлер тәуелсіз. Саяси-әлеуметтік шараларға өздері барып, сол жерден өтімді сараптама жасауға тырысады. Сол жолда ізденеді. Материалдарын әртүрлі басылымдарға ұсынады. Бұл газет-журналдарда жарық көрген сараптама материалдардың өтімді болуына септігін тигізеді.

Жолдас Өрісбаевтың АҚШ-та тұратын қазақ боксшысы Қанат Исламмен түскен суреті.

Жолдас Өрісбаевтың АҚШ-та тұратын қазақ боксшысы Қанат Исламмен түскен суреті.

 

Ал Қазақстанда керісінше штаттағы журналист болуға тырысады. Әрине, жақсы сараптама жасайтын журналистер бар. Бірақ бір басылымға ғана тұрақты жұмыс істегеннен кейін ол ізденуді жоғалтады. Уақытын көп бөліп, қиналып сараптама дайындамайды. Бір жағы бұл бәсекенің жоқтығынан болса, екінші жағынан адам табиғаты тек өзіне қажет екенін сезген кезде ғана шынайы жұмыс істейді. Ал сақтандыруы бар кезде, мәселен, штатта жұмыс істеп тұрса, жақсы сараптама жасаса да, нашар сараптама жасаса да сол белгіленген көлемдегі қаламақыны алады. Яғни тұрақты жалақы басылымдағы жарияланатын сараптама материалдардың сапасына кері әсерін тигізеді.

Азаттық: – Тәжірибеден өту уақытыңыз аяқталған соң қандай жоспарыңыз бар?

Жолдас Өрісбаев: – Тәжірибемнің уақыты аяқталған соң елге қайтуға тиіспін. Бірақ о баста Lost немесе Bloomberg басылымдарында жұмыс істеу басты мақсатым болған. Негізгі қызығушылығым экономика, қаржы салаларындағы сараптамаларға қатысты. Яғни сол саладағы жаңалықтарға көбірек басымдық беремін. Өйткені қазіргі өте маңызды сараптамалар – сол салада. Мен атаған басылымдар тек осы салада жазады. Маған әзірге ондай мүмкіндік туған жоқ. Әйтсе де әлі сол мақсатта еңбек етіп жүрмін. Ол үшін өте мықты маман болу керек. Бірақ Нью-Йоркке келгелі мақсатыма бір табан жақындағанымды сеземін.

Азаттық: – АҚШ-та өзіңіз сияқты қанша қазақ бар? Олардың кәсіптері не?

Жолдас Өрісбаев: – АҚШ-та қазақтар Хьюстон, Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Чикаго және Сан-Францискода. Олардың әрқайсысында қазақ мәдени орталықтары бар. Қазақтардың ең көп шоғырланған жері ретінде Техас штаты айтылады. Бірақ менің есебім бойынша, Америкадағы қазақтар көп тұратын қала – Нью-Йорк. Қала өте үлкен. Бірақ кей кездері көшеден серуендеп жүрсең, қазақша сөйлесіп бара жатқандарды көріп қаласың. Мұндай жағдайларды бірнеше мәрте байқадым. Шамамен 8 мыңға жуық қазақ бар деп есептелінеді. Олардың бір бөлігі – Green card арқылы тұрақты тұруға келгендер, екіншілері – жұмыс визасымен келгендер. Одан басқа түрлі жолдармен келген қазақтарды көруге болады. Өздерінің Нью-Йоркке келу мақсаттарына байланысты кәсіптері де әртүрлі. Бірақ Қазақстанға, қазақтарға қатысты өтіп жатқан шараларға жиналып, бас қосып тұрады.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: