|  | 

Тұлғалар

«БАБАҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ»

Тігілген киіз үйлер

Қазақ халқының ұлт-азаттығы жолында бар өмірін сарп еткен қазақтың батыр
ұлдарының бірі Дәуіт Асауұлының туғанына биыл 230 жыл. Осыған орай, баһадүрдің
ұрпақтары бабамызды еске алып, Алматы облысының Қарасай ауданында ас берген
болатын.Дәуіт Асауұлы туралы жаңа кітап
Түрлі себептермен бара алмай қалған бір топ маңғыстаулық ағайындарға, асты
ұйымдастыру комитеті естелік медальдары, құрмет грамоталары мен бағалы
сыйлықтарын беріп жіберген. Ал аманатты орындаған Ақтаулық Сали Абдуллаев пен
Қоңыратбай Испанов бастаған ел ағалары, есімдері ұмыт қалмаған батырдың
ұрпақтарына шаһардағы мейрамхананың бірінде тиісті марапаттарын табыстады.
Айта кету керек, асқа еліміздің Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Атырау, Алматы, Астана,
Қызылорда, Шымкент, Қарағанды, көршілес Өзбекстан, Түркменстан, Ресейден келген
ағайын-туыстар бас қосты. Асқа қатысқан адам санының есебі жоқ.
Сонымен қатар, Қаскелең қалалық үйінде ғылыми-әдістемелік конференция
өткізілді. Алыс жақыннан келген ағайындарға өздерінің жылы лебіздерін білдіргендер
қатарында белгілі жазушы, кинодраматург, профессор, ҚР Жазушылар Одағының
хатшысы, ҚР еңбек сіңірген қайреткері Смағұл Елубай, бокстан олимпиада чемпионы
Ермахан Ыбрайымов, әуесқой бокстан әлем чемионы Ердос Жаңабергенов, қазақ
күресінен «Әлем барысы – 2017» турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров, «Тамаша»
әзіл-сықақ театрының актері Марат Көккөзов, танымал жазушы-журналистар,
профессор-академиктер, қоғам қайраткерлері, өнер саласының тарландары сөз сөйледі.Орталық алаң
Конференция аяқталысымен батырдың өмірі мен ерлігі жайлы жарыққа шыққан
«Қазақ батыры Дәуіт Асауұлы» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болды.
Жас ақындардың айтысы мен жыршы-термешілер байқауы өткізіліп, концерттік
бағдарлама ұсынылды. Ұлықпан Жолдасов бастаған «Самал» тобы сахна төріне
көтеріліп, ән шырқады. Орталық алаңда қазақ күресі, кір көтеру, қол күресінен мықтылар
анықталды. Сонымен қатар, аламан бәйге ұйымдастырылып, жеңімпазға «Шевроле
Нива» автокөлігінің кілті табысталып, түйе палуанға «түйе» берілді.
Алыстан келген ағайын «Лабақ ата» мешітінде болып, батырдың рухына құран
бағыштады. Ақшаңқан киіз үйлер тігілді. Құран хатым жасалды. Айта кету керек, ас -
халықтың өз қаражатына өткізілді.
Батырлығы мен батылдығы, ерлік пен қайсарлығының арқасында көзге түскен, туған
жердің азаттығы үшін қас қақпай жауға қарсы қаруын сілтеген қаһарман, қазақтың батыр
ұлдарының бірі Дәуіт Асауұлының 230 жылдығы жоғары деңгейде өткізілгенін тілге тиек
етті, асқа жиналған қауым.
«Бұл астың өтуіне барша ағайын аянып қалған жоқ. Мәселен, Маңғыстау облысы
бойынша Қайрат Өтенов бастаған Жаңаөзеннің азаматтары қол ұшын созды. Сол
сияқты Ақтау қаласы, Бейнеу ауданынан да жігіттер болды. Батыс-Қазақстан
облысынан Шыңғырлау ауданы, Ақтөбе аймағынан Байғанин, Алға, Қобда аудандары,Дәуіт ата кесенесі, (Қоңырат қаласы Қарақалрпақстан Респуболикасы)
Сыр өңірінен Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Алиев бастаған
топ, сондай-ақ Сырдария мен Қармақшы аудандыран ағайындар болды. Астаналық
Қоныс Жүсіпов пен Ақтөбелік Мырзағұл Жұмағалиев жыршы-термешілердің өнеріне
тәнті болды. Алматы облысы мен шырайлы Шымкенттен келгендерде аз болмады.
Барлығы бір кісідей атсалысты. Нәтижесінде батыр бабамыздың 230 жылдығы
жоғары деңгейде өтті деп толықтай айта аламыз», – дейді Ақтау қаласының
тұрғыны Сали Абдуллаев.
Айта кету керек, Дәуіт батыр Үстіртте дүниеге келген, күллі қазаққа танылған кіші
жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі Барақ әулетінен тарайды.
Шыққан тегіне тоқталсақ, кіші жүздің Шөмішті Табын руы – Қарақойлы-Лабақ бөлігінен.
Дәуіт Асауұлы батыр қазақ халқының азаттығы үшін күрескен тарихи тұлға. Елдің
тыныштығы мен бірлігін сақтауға елеулі үлес қосқан би. Дәуіт батырдың жатқан жері -
«Дәуіт ата» деген үлкен қойымшылыққа айналғанын халық жақсы біледі. Басына барып,
құран бағыштап, медет сұрап, ауруына ем іздейтіндер әлі де көп. Дәуіт атамыз көптеген
әйгілі батырлармен сыйлас – сырлас, азаттық жолында серіктес бола білген. Ежелден
Маңғыстаудың Сам өңірі мен Жем-Сағыз бойында өмір сүрген. Дәуіт батырдың әкесі

Асау мен атасы Барақ та, аты шыққан батырлар. Олар Маңғыстау облысы, Бейнеу
ауданы, Сам құмында Тұрыш ауылынан 15 шақырым жерде жерленген. Ал Дәуіт батыр
Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында «Хорезм» деп аталатын жерде мәңгілікке жай
тапқан.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты
мақаласында «Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес» екендігі, «Мәдени
мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен
нысандарды жаңғыртып, «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең
белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап,
зерттелгендігі туралы айтылады. Ал төр тарихымыз батыр бабаларымыздың ерліктерін
ұмытпау, керісінше дәріптеу, еске алу, құрметтеу дегенді білдіреді. Қазақ – азаттық
жолында артқа шегінбеген өзінің батыр бабаларына құрметпен қарап келе жатқан халық.
Бұл ретте, Дәуіт Асауұлы өз заманының қаһарман тұлғаларының бірі ретінде тұтас
бір тарихи дәуірді басынан өткізген тарихи тұлға. Оның өмірі отарлыққа қарсы күреске
де, шапқыншылыққа да, ел ішіндегі қым-қуыт оқиғаларға да толы болғанын бүгінгі ұрпақ
ұмытқан емес, ұмытпайды да.
Бабалар әруағы әр қазақ баласын қолдап жүргей!
Дайындаған Нұрбол Оқуов,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Тел. 8 (701) 570-09- 10
E-mail: nur81oku@mail.ru

Related Articles

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: