|  | 

Көз қарас

ҚЫЗЫЛБАСҚА ӨТЕ АЛМАЙ ҚАЛҒАН “ОРАЛМАНДАР”

Namys-1000x700

Олар – менің ата-бабаларым еді.
Тама, алшын, тарақтыдан құралған, кілең ығай мен сығай, кеңес үкіметімен келіспейміз, орыстың мизамына кірмейміз деген 300-400 түтін.., кезінде Абылайдың өзі қасиетті Арқа жеріне қоныстандырған текті әулеттер, қарақшыны қақыратып жіберетін қорғауыл жігіт-желеңі бар, кез-келген көрші елдің хан-сұлтанына тіке кіретін би-төбесі бар, мыңғырған мал, жүк-жүк алтын-күміс қоры бар бақуатты топ Қызылбас-Иранға бет түзеген екен.
Бұл топтың үдере көшкенінен зәре-құты қалмаған кеңес үкіметі жергілікті Қазақ комиссариатына арнайы тапсырма беріп, ауа көшкен Арқа қазақтарын алдарқату үшін жері шүйгін, ауасы саф Мерке жеріне отырықшы етуге барын салыпты.
Ақсақалын жерге қаратпайтын, ақ анасының ақ сүті жолында жанын пида ететін кілең марғасқа жігіттер бастаған қалың көшті күн-түн деп тоқтамай, жетегінде бірнеше аты бар шағын топпен, Бетпақтың құс ұшпас шөлін басып өткенде, комиссар Ораз Жандосов қуып жеткен екен. Жеткен бетте, әдеттегі қызыл кеңес, үгіт-насихатпен қалың жұртқа тоқтау болған үкімет адамдары көшті аялдатып, бірнеше күн қоңсы болған. Сол жолы.., сол кездесуде көшкен елге басшы болған Қордаш атам (небары 28 жаста) белгісіз жағдайда дөңбекшіп жатып, бақилық болған. Бет алған жұртты тоқтату үшін басалқа биіне не басқосшы батырына у беру деген жымысқы саясат…
Жолбасшы ұлы оң босағасында ақ кебінге оранып жатса, дағдарған ел не істейді? Аңырап, түйе шөгереді. Боздап жүріп, бағытынан алжасады…
Қордаш атам көз жұмған соң, текті жібімізді үзбейміз деген тілекпен бабаларым екінші ұл – Жақанға әмеңгерлікпен әжем Бәлкенді қосады. Сол Жақан атамнан қазақ-қырғыздың мәдениетін тел емген, белгілі композитор, өнертанушы Ілия Жақанов, қазақтың Гүлфайруз Исмаиловадан кейінгі дүния таныған суретші қызы Зейнеп Түсіпова туды.
1927-29 жылдарда көбе бұзған сол көш қасиетті Жамбыл топырағының Бетпақпен астасқан тұсында кілт үзілді. Біз Қызылбас-Иранда емес, киелі Әулиеата топырағында дүниеге келдік…
Нағашы жұртымда Қордаш, Жақан, Жақып деген үш ұл, Бапан деген бір қыз болған. Бапан апамыздың күйеуі Тоқта деген мілитсаны қазақ-өзбек жақсы білетін. Тоқта жездеміздің тұқымы Сарағаштағы Алай базарға иелік еткен, өзбек ағайындар тік тұрып құрметтейтін үлкен әулет. Ұлы жүздің ішіндегі Қаңлысы.
“Қызыл үкіметке қауіп төндірген, көшуші жұрт, Арқа қазақтарына ешқашан мемлекеттік қызмет берілмесін” деген жасырын бұйрық әлі күнге күшін жоймай келеді. Қасиетті Әулиеата жерінің Сарысу топырағы Қазақ қоғамына толассыз қазына берді. Қазақтың мемлекеттілігіне түуу Абылайдың заманынан бері танбай үлес қосып келеді. Екі ортада қанша мұңлықтарымызды ұстап әкетті, құрбанға шалды…
Ақын Ғалым Жайлыбай ағам кездескен сайын айтатыны бар, «Әй, сенің аталарың біздің Сарысу деген мөрімізді алып кеткен» деп. Сол кездің қазақтары неткен текті еді десеңізші?! “Сендерден жеткен хабардың растығына сенімді болуымыз керек!” деп, Арқа бойындағы Арғындар өздерінің мөрін көшкен жұрттың туына байлаған. Ол көштің өне бойында кімдер болмады? Абылайдың қолынан ту алған батырлардың, Хан ордасын қарауылдап, Абылай ханның оққағарлары болған жекебатырлардың тұқымдары, Қарнақтағы әйгілі діни медресенің білімін тауысқан ілімдар молдалар, Алаштың асыл ұлдарымен тікелей байланысып, Ұлттық мемлекетті қаржыландырған бай-бағландар.., Құдай-ау, мойныңа бұршақ байласаң, Тәңірің бере салмайтын кілең текті-төре, асыл сүйектер еді ғой!..

Киелі Сарысу топырағынан кімдер шықты?
Қорқыттың жалғыз жоқтаушысы, қобызшы-абыз Ықылас Дүкенұлы, Қажымұқанды қаржыландырған өз атам Ескендір молда, соғыс кезінде сәмөлөт жасатқан шіріген бай Құрмансейіт қария, баласы басын бәйгеге тіккен, кеңес заманында қазақылығы үшін қудалауға ұшыраған, “Бұл тұқыммен жақын болғандар шеттетілсін!” деген клеймосы бар тұқымның басшысы, дәулетті бай Құлмырза Ерсейіт, Билік саласында қазақтың үні басым болу үшін бүкіл ғұмырын арнаған қоғам қайраткері Айтбай Назарбеков, қоғам қайраткері, жазушы Адамбаев, жарқ еткен жарық жұлдыз, қазақ поэзиясының тұмша баласы Артығали, Колбинге “кет!” деп Орталық комитеттің сьезінде тіке айтқан жазушы, дипломат Бейбіт Қойшыбаев, Тәуелсіздіктің таңында сырттағы қазаққа ыстық құшағын ашқан, елдің әні “Алтайдың ар жағынан келген Ару”-дың авторы Тынышбай Рахимов, Қазақ киносының паспорты Аснәлі Әшімов, Қазақ ССР-нен шыққан тұңғыш химик академик Қосылған Күзембаев, қазақтан шыққан тұңғыш аргонист Ғабит Несіпбаевтің әкесі академик Төкен Несіпбаев. Классик жазушы Пернебай Дүйсенбин. Эстет-жазушы, атабел журналист Қали Сәрсенбай. Қазақ әдебиетінің жаңа тынысын ашқан жаңа буынның жарқын өкілі, ақын Маралтай Райымбекұлы, бокстан аса ауыр салмақтағы Еуропа чемпионы Серік Өмірбеков, Қазақтан шыққан таеквондодан тұңғыш әлем чемпионы Мұстафа Өзтүріктің төл шәкірті, таеквондодан тұңғыш қазақстандық әлем чемпионы Қайрат Қырғызбаев, Қырғыз-Қазақтың құрметті азаматы, композитор Ілия Жақанов, Ла-Скалада тұңғыш рет ән салған опера әншісі, тарихи тұлға, корифей Амангелді Сембин, ұлттың жоғын жоқтап жүрген ғалым, саясаткер Берік Әбдіғали, Мәскеудің төрін бермейтін Жарқын Өтешова және оның мықты математик інілері, Қазақ әнінің бозторғайлары – әйгілі Сәуле Жанпейісова, Айгүл Мақашева, Ардақ Исатаева, Америкадағы боксер Бейбіт Шүменов, Алматының әр трубасын жатқа білетін бывший зам.аким һәм депутат Серік Сейдуманов, кино саласының жарық жұлдыздары – Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов. Шертпе күйдің шебері, қобызшы Саян Ақмолда. Алматы мен Астанадағы тарихи құрлыстардың архитекторлары Қанатбек Аманжолов және басқа да құрлысшылар. “Бой без правилдің” тегеурінді жауынгерлері (аттарын айтуға рұқсат жоқ). Жас ғалым, белгілі журналист Дәурен Дариябек. Ауылшаруашылығы саласының жас ғалымы Біржан Сұлтанұлы.., басқа да аты аталмаған бай ұрықтарды берді. Әлі де береді, ин шаа Алла!

Кеңес дүниесінен қудалау көріп келген бір буын, үркердей боп көшкен бір жұрт осыны берді, Қазақ милләтіне. Ин шаа Алла, әлі де береді!
Қазақстанның қожасы – Қазақ дегенге сенейікші! Дүние айналады, тұқым көбейеді. Ұлтты ұлттың ұлдары қорғайды, сақтап қалады.
Көбейейік, Қазақ!
Қожа екенімізді біліп қана қоймай, білдіріп те тұрайық!!!

Қанат Ескендірдің facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: