|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

Оспан батырға соғыс өнерін үйреткен Зуқа батыр

Zuqa batir 1866-1929  kerey.kz1Годфрей Лиас атты ағылшын дипломаты және журналисті 1956 жылы Лондонда басылып шыққан “Kazakh Exodus” яғный “Қазақ босуы” атты кітабында Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына Бөке батырдың баулығанын келтіреді.

OSPAN BATIRkazak-exodus-frontcover

 

Кітапта Оспан батыр туралы жан жақты мәлімет беріледі. Бұл кітапты Оспан батыр туралы шетелдерде көлемді мәлімет берген алғашқы еңбек деп айтуға болады. Онда сонымен қатар Түркиялық көш жетекшілері Қалибек әкім, Хамза Шөмішбайұлы, Сұлтан Шәріп Тәйжі, Құсайын Тәйжі туралы көптеген мәліметтер келтіріледі.Sultansharip tayji

Оспан батырды есімін алғаш рет Түркия қазақтарынан естіп білгенін айта келіп Годфрей Лиас Оспан батырдың Түркияның Қайсары қаласына орналасқан Құсайын Тәйжі аулына барғанда ақын Қарамолла Сейітханұлының әңгімелеп бергенін мәлімдейді. Қарамолланың осы кездесуден аз алдын ғана Оспан батыр жайында бір дастан жазып шыққанын атап өтеді. Осы дастанды магнетофонға да жазып алған автор Оспан батыр шәйіт болғанына жаңа ғана бес жыл толса да ол туралы аңыз-әңгіме шежірелердің бұл қазақтар арасында айтыла бастағанын келтіреді.

 

1987 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында қайтыс болған Қарамолланың отбасына хабарласып осы дастанды сұрадық. Өкінішке орай, Қарамолланың үлкен ұлы Сұлтан ол дастан қол жазбаның болғанын, бірақ 1990 жылы Баркөлден келген нағашысының қадала сұрап оны кітап қып Үрімшіде шығаратынын айтып алып кеткенін айтты.

kazak-exodus-26kazak-exodus-28

 

Годфрей 1956 жылы басылып шыққан еңбегінде Оспан батырдың балалық шағынан тұтқынға түскен 1951 ақпан айына дейінгі өмірі мен күресін жан жақты баяндайды. Әрине кітап ол кездің, яғни бұдан 60 жылдан аса уақыт алдыңғы мәліметтері тұрғысынан алып қарағанда құнды кітап. Ал бұгінгі мәліметтер тұрғысынан онда бір қатар кемшіліктер мен қателіктердің болғаны байқалады.

Мәселен автор, Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына Бөке батырдың баулығанын келтіреді. Оның бұл пікірін түрік зерттеушілері арасында да тараған. Өйткені бұл кітап 1960 жылдары Түрік тіліне аударылып басылады. Сол себептен түрік ғалымдары арасында Оспан батырдың соғыс өнерін Бөке батырдан үйренгені жайында ұғым қалыптасқан. Біздіңше бұл мүмкін емес, өйткені Бөке батыр Тибетте 1904 жылы ыстан қайтыс болғанда Оспан батыр небары бес-ақ жаста еді. Бұл жастағы баланың соғыс өнерін үйрене алмасы анық. Сондықтан қазақ тілін білмейтін кітап авторының Бөке батыр мен Зуқа батырды шатастырған болуы керек. Өйткені екі есім айтылу тұрғысынан ұқсас келеді. Екі батыр арасындағы байланыстарды қарастырғанымызда ойымыздың негізсіз емес екенін байқадық.

Zuqa batir

Зуқа батыр

Қолда бар мәліметтер Оспан батырды соғысқа үйреткен, немесе батырлық тұлғасына елігіп өскен көтерілісшінің Зуқа батыр болуының әбден ықтимал екенін көрсетеді. Өйткені олар 1929 жылы қытайлар айлакерлікпен қолға түсіріп шәйіт еткен Зуқа батыр мен Оспан батыр арасында байланыс болғанын айғақтайды. Бай-манаптар мен өктем әкімдерден алып кедейлер мен жетім-жесірлерге үлестіріп берген, сондықтан қазақтың Робин Гуды деп атауға болатын Зуқа батырдың жас кезінен Оспанның тегін жігіт емес, кейін үлкен батыр болатынын болжағаны жөнінде де деректер баршылық.

cokaydin-beyitin-algash-tapkan-arslan-tosun-bekey-irisbayСонымен бірге Зуқа батыр Оспан батыр ауылымен құдандалы болып келеді. Зуқа батырдың Оспан батырдың руы молқыдан бес келін түсірген. Тіпті біреуі, атап айтқанда төртінші ұлы және бүгіндері Алматыда Райымбек аулында тұратын Арслан Тосын ағамыздың әкесі Шәдетке құда түскен келіні Салиха Оспан батырға немерелес болып келеді. Сондықтан, Зуқа немересі Пазила Сұлтаншәріпқызы Жаналтайдың бізге берген мәліметіне қарағанда, Оспан батыр Салиха апайына барып келіп Зуқа ауылымен араласып жүреді екен. Әсіресе Шәдет балдызым деп Оспанмен әзілдесіп күресіп жүреді екен.

Ospan batyr

Оспан батыр

Бір күні Зуқа батыр Көктоғай Күреде тары торбалап жатқанда жас Оспанды көреді. Оның мықтылығын ұлы Шәдеттен естіп жүрген Зуқа батыр оны сынау мақсатында бір дорба тарыны арқасына салуды сұрайды. Сонда 100 кг тарыны Оспан батыр көтерген екен. Мұны көрген Зуқа бұл жігіт тегін емес, кейін үлкен батыр болады деген. Осыдан кейін арада бір неше жыл өткеннен кейін Зуқаның жігіттері Оспан ауылының жылқыларын алып кетеді. Оспан арттарынан қуып жетіп Зуқанын үш – төрт жігітін жығып жылқыларды алып қалады. Мұны естіген Зуқа батыр бұрынғы айтқан сөзін еске алып “Мен сіздерге баяғыда айтып едім, бұл мықты жігіт болады деп. Оны шақырыңдар” деп шақыртып шай береді. Шайдан соң Оспанға батасын берген Зуқа ауыл адамдарына “бұл жігітті құрметтеп жүріңдер” депті.

kazak-exodus-10

A Communist delegation at Hami, November, 1949 to demand the surrender of Osman Batur (third from right)

Зуқа батырдын Алматыда тұратын тағы бір немересі Арслан Шәдетұлы Тосұнмен әңгімелескенімізде Оспан батыр мен Зуқа батыр арасындағы қатнастар туралы мәліметтер айтып берді. Зуқа 1929 жылы ұсталып шәйіт етілгеннен кейін Сұлтан Шәріп бастаған Зуқа ұрпақтары Шынқай жаққа ауып кетіп қалады. Арада он бес жылдай уақыт өткеннен кейін, атап айтқанда 1946 жылы Оспан батыр Алтайға уәли болғанда оларға хат жіберіп “Қайтыңдар ел тынышталды” деп Алтайға шақырады. Сұлтан Шәріп мұны хабар алады, бірақ өздерің шақырған Оспанның қай Оспан екенін білмейді. Сонда жездесі Шәдет “Бұл тақ менің балдызым Оспан болу керек” деп қасына үш жігіт ертіп Алтайға аттанады. Бұлар Оспан ауылына жақындағанда, Оспан бір төбеде отыр екен. Алыстан үш – төрт атты кісінің қарасы көрінгенде “Алдында келе жатқан Зуқаның төртінші ұлы Шөден болуы керек” дейді. Адам жақындағанда расында алдағы кісі Шәдет болып шығады. Сонда қасындағылар “Оның Шәдет екенін сонау алыстан қайтып біліп қойдыңыз?” деп сұрағанда Оспан: “Өйткені ол менің жақын жездем, атқа мінгенде бір аяғын алдына салып отырады.” деген.Сөйтіп 15 жылдан кейін жездесін қарасынан танып қойған екен. Оспан оларға бес атар мылтық, ат беріп еліне қайтарады.doug&pegMackiernan

Сонымен қорыта айтқанда, ағылшын дипломаты және журналисті Годфрей Лиастың 1956 жылы Лондонда басылып шыққан “Kazakh Exodus” атты кітабында айтқанындай, Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына баулыған Бөке батыр емес, Зуқа батыр. Жоғарыда біз айтқан фактилерді еске алатын болсақ, Зуқа батыр, Оспан батырға бәлкім әдейі соғыс өнері туралы тәлім-тәрбие бермеген болуы да мүмкін. Бірақ, Оспан батырдың жастайынан Зуқа батырдан бата алғаны және оған еліктеп өзіне үлгі (роль модель) етіп өскені ақиқат. Сондықтан 1940 жылы бүкіл халық қаруларын тапсырып Шың Шы Сайға беріліп жатқанда, ол қаруын алып өзі жеке дара да болса мүдірмей тауға шығып күреске бекініп отыр. Міне сондықтан биыл оннан аса мемлекетте 150 жылдығы тойланып жатқан Зуқа батыр тек халқын зорлық-зомбылықтан, әділетсіздіктен қорғаған мықты батыр емес, сонымен қатар батыстық тарихшылар “қазақтың алтын анызы” деп жоғары баға берген Оспан батырға соғыс өнерін үйреткен немесе оған халқының ұлттық мүдделерін қорғау жолында күреске ұмтылуында үлгі болған ұлы тұлға да. Жаны жаннатта болсын!

logo-photo

Әбдіуақап Қара

Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы

kerey.kz  ақпараттық-танымдық порталы

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: