|  |  | 

Тарих Тұлғалар

Сексен жыл бұрын шабылған бәйтеректер

Alash1-1000x700
Былтыр және биыл «үлкен террор» деп атаған қанды саяси қуғын-
сүргіндерге 80 жыл толады. Сонымен қатар, Алаш үкіметінің құруына, Алаш
мемлекетінің туының көтеруіне де, Қазан төңкерісі мен кеңес үкіметінің
орналастыруына да бір ғасыр толды. Сталиндік қызыл террор Алаш
зиялыларын да, кеңес үкіметті орналастырғандарды да аяған жоқ.
Екі-үш жылдың ішінде қазақтан шыққан білгендер қызыл қырғынға ұшырды,
көбісі атылды, атылмағандары абақтыда, лагерьде темір тордың ар жағында
азап тартып дүниеден өтті.
«37-ші жыл» деген сөз саяси қуғын-сүргіндерді білдіретін қанатты сөзіне
айналып кетті. Шынымен, Шәкәрімдей, Жүсіпбек Аймауытовтай Алаш
азаматтары одан жеті бұрын атылса дағы, Жақып Ақпаев абақты мен
айдаудардан кешіп ауру халде қайтып дүниеден озса, Алаш көсемі ақын
Міржақып Дулатов 1935 жылы лагерьде қайтыс болса, зиялы қауымның
көбісі 1937 жылында қамалды. Кейбіреулері саяси қуғын-сүргіннің бірінші
толқыны кезінде ұлтшыл, Алашшыл ретінде сотталып, лагерьлерден
бостандыққа шығып, айдаудан қайтып келіп, енді қайтадан қамауға алынды.
Сонымен қатар революцияға үлесін қосқан, республиканың басшылығында
жүріп коммунистік идеясына бірінші күннен берік болған адамдар да «халық
жауларына» айналды. Қысқасы, «байшыл», «ұлтшыл», «пантүрікшіл»,
«Алашшыл», «троцкист», «бухариншыл», «тыншы (шпион)», «фашист»,
«халық жауы», «Отан сатқыны» деген сияқты нақақтан жала айып тағылып
қазақтың талай оқығандары, ұлттың мүддесін көздегендері, тілеуін
тілегендері құрбан болды.
1938 жылының ақпан айының 25-і мен 26-і аса қайғылы күндер еді.
Бір күнде халқымыз Сәкен Сейфуллин мен Ілияс Жансүгіровтей
ақындарынан, Құдайбереген Жұбановтай тілтанушыдан, Санжар
Асфендияровтай дәрігерінен, Темірбек Жүргенев, Сейітқали Меңдешевтей
мемлекеттік қайраткерлерінен айрылды. Жалпы Алматыда 80 жыл бұрын бір
күнде 39 зиялы атылды.
Бұдан жарты жыл бұрын Мәскеуде Алаштың Әлиханы мен Нығмет
Нұрмақов атылды. Жарты жыл кейін Жаһанша Досмұхаметов та құрбан
болды. 1937 жылғы желтоқсан айы Мұхаметхан Сейітқұлов,
Елдес Омаров, Асылбек Сейітовтың атылуымен басталды. Сәкен, Ілияс,
Бейімбет үш бәйтерек болса, солардың екеуі сұрапыл ақпанның аяғында бір
күнде атылса, үшіншісі кейін олардың тағдырын қайталады. Ахмет
Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов, Мұхаметжан

Тынышпаев, Ораз Жандосов, Ораз Исаев, Ұзақбай Құлымбетов, Тұрар
Рысқұлов…сұм ажал, қанды қуғын-сүргін ешкімді аямады.
Бірақ арыстардың аттары, ақындардың шығармалары, ғалымдардың
еңбектері тарихтан өшірілмеді. Боздақтардың есімдері ел есінде.
Жақында «Тар заман» фильмін экрандарға шығуын – ұрпақтардың құрбан
болған зиялы ата-бабаларымызға алғыс, тағзым ретінде түсінуге болады.
Асқар Дайырбек

kerey.kz

Related Articles

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: