|  |  | 

Спорт Шоу-бизнис

Англия жанкүйерінің күйінішке толы күнделігі

1134636807Galym Bokash

22.06.1986 ӘЧ 1/8 финал Англия – Аргентина 1:2 (Марадона қолмен гол соғып, арамдық қылды. Ұялмай “Құдайдың қолы” деді ғой. Үштөбедегі нағашы әпкемнің үйінде отырып, фанат жездем екеуміз “күйіп кеттік” :) ) Линекер бастаған ең күшті құрамдардың бірі чемпион болуға лайық еді.

1988 жылдың жазы. Кировкадағы “Орленок” пионер лагерінде средний отрядтың “жігіттері” Англияның ЕЧ топтық кезеңінде үш рет ұтылғанын көріп тағы “күйдік”.

04.07.1990 ӘЧ Англия жартылай финалға шықты. Англия-Германия 1:1 (пенальтиден 3:4) Алматыда Нархозда оқитын студент ағама қонаққа кеп жатып көріп отырғамыз, қарғанып-сіленіп қалдық. Қола жүлде Италияға бұйырды.

1992 жылдың жазы. ЕЧ топтық кезеңі. Англия елдің бәрімен тең ойнап топтан шыға алмай қалды. Үржардағы бөлеме қонаққа кеп жатып көріп едім. Нервничать етіп, көзім тарта бастады:)

1994 жылы Англия ӘЧ-на мүлдем шыға алмай қалды. Студент кезімізде Алматыдағы “Тамостың” офисін күзететін курстас досым екеуміз жаз бойы түнімен дә-ә-әу телевизорлардан АҚШ-та тұңғыш өткен турнирді көріп рахаттандық. Бірақ Англиясыз қызықсыз болды.

26.06.1996 ЕЧ жартылай финалы. Англия-Германия 1:1 (пенальтиден 5-6). КазГУ-градтағы шығыстанудың жатақханасында күңіреніп жаттым. Ширерден күдер үздім. Саутгейтті әбден сыбадық.

30.06.1998 ӘЧ 1/8 финал. Англия – Аргентина 2:2 (пенальтиден 3-4). Диплом қорғап жанталасып жүріп көрген ойын еді. Бір жағынан өтпей қалғаны дұрыс болды ма дедім. Қорғауға алаңсыз дайындалдым. Бірақ жүйкемді әбден жұқартты. Өзімді Ширердің орнын басар Оуэн пайда болды деп жұбаттым.

2000 жылғы ЕЧ туралы үндемей-ақ қояйын. КАТАСТРОФА. Әйтеуір өз тобында Германия Англиядан да төмен 4-орында қалғаны ғана сәл “ләззат” берді.

21.06.2002 ӘЧ 1/4 финал Англия – Бразилия 1:2. Әйтеуір чемпиондардан ұтылды ғой деп Шагабутдиновтегі пәтерде жалғыз өзім шай ішіп отырдым.

24.06.2004 ЕЧ 1/4 финал Англия – Португалия 2:2 (пенальтиден 5-6). 11 метрден гол соға алмаған Бекхэмге не айтуға болады. “Іш киімнің рекламасына түскенше пенальти теуіп жаттықпадың ба?” деп Стокгольмдегі қонақ үйде түнгі бірде шығып кететін күнге қарап қайран қап отырдым.

01.07.2006 ӘЧ 1/4 финал Англия – Португалия 0:0 (пенальтиден 1-3). Кембридждің Арбери ауданында жергілікті жанкүйерлерге арнап орнатылған алып экранды қарап отырып еріксіз бас шайқадым. Төңірегімдегі ағылшындар көздеріне жас алды. Бірақ ешкім төбелеспейді екен. Бейбіт жұрт:) Бәрі “Руни бара алмай қалды. Екі жылдан соң Руни разы қылады бәрімізді. Мега жұлдыз өсіп келе жатыр” десті.

21.11.2007 Іріктеу кезеңі. Уэмбли. Англия – Хорватия 2:3. Еуроға мүлдем шыға алмай қалды. Қолынан келгеннің бәрін жасаған Бекхэм жасын сорғалатып жылады. Қартайып бара жатқанын, бұл ойын соңғы ресми матчы екенін сөйтіп сездірді. Оксфордтағы докторанттар жатақханасындағы пәтерімде отырып, BBC-дің комментаторларының үнсіз пыш-пыш еткенін естіп жүрегім сазып кетті:) Англияда официант боп күн көріп жүрген хорваттар стадионның жартысын толтырған екен. Лондонда түні бойы емін-еркін, емен-жарқын көшеде ән салып, кафелерде тойлап жатты. Ішімнен былай деп ойладым. Егер Ресей Тәжікстаннан Мәскеуде өте маңызды матчта ұтылса, бүкіл гастарбайтер тәжік Қызыл алаңға шығып алып тойласа, не болар еді деп:)

27.07.2010 ӘЧ 1/8 финал. Англия – Германия 1:4. Руниден түк шықпайтынын түсінген матч. Есеп 1:2 болып тұрғанда Лэмпардтың алыстан теуіп кіргізген анық голын судья есептемей тастады. Астанада Есілдің бойындағы әзірбайжан ресторанында кешкі ас батпай көріп отырғам. Бақсам, қасымдағы Үндістанның елшісі бал-бұл жайнайды. Сөйтсем, Германияға болысып мәз боп отыр екен. “Ештеңе етпейді, екі жылдан соң көрерміз Германияны” дедім ішімнен.

24.06.2012 ЕЧ 1/4 Англия – Италия 0:0 (пенальтиден 2:4) Есіме де түсіргім келмейді  :(  Сәл ес жиып алайын. Бірақ Италияның жеңгені әділ болды. “Еһ, шіркін, 21-ғасырдың Боб Чарльтоны қашан туар екен?” деп қиялдадым Прагада.

24.06.2014 ӘЧ Англия – Коста Рика 0:0. Топтық кезеңде Италия мен Уругвайдан (әлдеқайда басым ойнаса да) жеңіліп үлгерген ағылшындар бастары салбырап үйлеріне қайтты.

27.06.2016 ЕЧ 1/8 финал Англия – Исландия 1:2. Шағын аралдың шақар жігіттері сенсацияға айналды. Еріксіз қол соқтым. Бас бапкер Рой Ходжсон отставкаға кетті. Терри-Джерард-Лэмпард-Руни дәуірі аяқталды.

2018 жылғы чемпионатқа өте жас әрі жаңа құраммен келген Англия әдеттегідей іріктеу кезінде бір жеңілмей, жүгіріп-желіп өтті. Топтық кезеңнің алғашқы екі матчында сегіз гол соғып, екі жеңіске жетті де, Бельгиямен ойынға қосалқы құрамын шығарып, оңайырақ жеребе жолын таңдап, өтірік жеңілді. Жас бапкер Саутгейттің оңай деп таңдап алған жеребе жолы былай болып тұр: 1/8 финалда Колумбиядан өтсе, Швеция/Швейцарияның біреуімен, одан ары ұзаса, жартылай финалда не Хорватия, не Ресеймен. Соңғы һәм жалғыз мәрте 1966 жылы өздері ойлап тапқан спорт түрінен әлем чемпионы атанған Англия құрамасы мен жанкүйерлерінің арманы Ресейде орындалар ма екен? Бүгін кешке білеміз.

facebook парақшавсынан алынды

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: