|  |  |  | 

kerey.kz TV Жаһан жаңалықтары Көз қарас

Энергетиканың болашақ жолдары

DSC01701

Украина астанасы Киев қаласында, 2018 жылдың 16-19 қазанының
аралығында «Орталық және шығыс Еуропаның тұрақты энергетикасы» атты
10-шы Халықаралық форумы мен көрмесі (Sustainable Energy Forum and
Trade Show, SEF 2018 Kyiv) өтуде. Осы жиынға 35 астам елдердің шамамен
500 өкілдері қатысуда. 80 астам мамандар баяндамаларын оқиды, 100-ге
жуық компаниялар өз жетістіктерін көрсетуде. Бұндай шараның шеңберінде,
«Әлем жел энергетикасы қауымдастығы»-ның Бас хатшысы Стефан Ксангер
(Stefan Gsänger) бізге сұхбат берді. Неміс қайраткерінің жауаптарына назар
аударайық.

Тұрақты энергетикада Қазақстанның мүмкіншіліктері туралы: күн, жел
энергетикасында. Мысалы, еліміздің оңтүстік-шығысында таулы аймағы
Жоңғар Қақпасы жел энергетикасы үшін өте тиімді. Осы тақырып
жайында сіздің пікірлеріңіз қандай?

Қазақстан жел энергетикасының болашағы – зор! Теориялық түрде, еліңіз
бүткіл әлемді жел энергетикасымен қамтамасыз етпекші. Бірақ, қазіргі таңда
сіздер ойлануға тиіссіздер: қалай күн мен жел қуат мүмкіншіліктерін тиісті
дәрежеде пайдалануға болады? Тек қана өздеріңіз үшін емес, сыртқа шығару
жолдарын пайымдауын жөн. Өте қызық жоспарлардың бірі – жел газын
өндіруі. Жерден алынатын табиғи газдың өндіруі орнына, сіздер сутегіні
желден өндіре аласыздар, одан метан жасай аласыздар. Қазіргі газ
құбырларыңызды пайдаланып, жаңа газ өнімдерін тапсырыс берушілерге
тасымалдауыңызға болады. Қоры шектелген қазба газдың орнына,
жаңғырмалы газды пайдалана аласыздар. Тапсырыс берушілер үшін де бұл
тиімді ұсыныс. Оны жүзеге асыруы үшін инфрақұрылымы да баршылық. Тек
қана, жел газдың өндірісін дамыту керек.

Сіз Қазақстанға бірнеше рет бардыңыз. Сіздің пікіріңізше, неге елімізде
тұрақты энергетиканың көздері тиісті дәрежеде дамыған жоқ? Мүмкін,
кейбір қателіктеріміз жоқ емес. Құлағымыз сізде.

Ең алдымен, осы саланы реттейтін мекемелер маңызды. Үкіметіңіз тұрақты
энергетиканың дамуына мүдделі, бірақ осы салаға одан да көп ден
қойылғаны дұрыс болар еді. Әрине, еліңізде мұнай мен газдан түсетін пайда
мол болса, онда осы жағдайды өзгерту үшін жетекшілік керек. Саясаттың
ықпалы өте күшті, онсыз бұл саланың дамытуы – екіталай. Әрине, сіздер
қысқа мерзім ішінде мұнай мен газдың тәуелділігінен құтыла алмайсыздар.
Бірақ, тұрақты энергетиканың он-жиырма жылдық стратегиясын
қарастырсаңыздар – артық болмас.

Енді, соңғы сұрағым. Сіздің пікіріңізше, қазақтарға не істеу керек?
Қандай компаниялардың құрал-жабдықтарын сатып алғаны жөн?
Жаңғырмалы және тұрақты энергетиканың саласында, қандай
мемлекеттермен ынтымақтастықты орнату қажет? Нені ойлайсыз?
Қандай мемлекеттер жақсы?

Менің ойымша, тәжірибелі мемлекеттермен байланыс орнатыңыздар.
Олардың саны көп емес. Шығыс бағытында, Қытайдың үлесі зор. Батыс
бағытына қарасаңыздар, менің елім – Алмания бай тәжірибенің иесі. Бірақ,
менің пайымдауымша, сіздерге бір ғана әріптес керек жоқ. Нарығыңызды
ашыңыздар. Осы адамдарды шақырыңыздар. Сосын, сіздер кімнің кім екені
көре аласыздар – қандай фирмалар тиімді істейді, қандай ұйымдар
сенімдірек. Бірнеше ойыншыларға бәсеке түсуге жағдай жасаңыздар.
Олардың кейбіреуі жеңбек, кейбіреуі ұтылмақ.

Бір сөзбен айтқанда – әртараптандыру.

Иә, әртараптандыру.

Расында, еліміздің энергетика саласы жаңа серпіліске зәру. Беларусь пен
Өзбекстан сынды көршілеріміз атом электр станцияларын салуда. Әзірше,
атом энергетикасы – ең арзан әрі қауіпсіз қуат көздерінің бірі болып
табылады. Нидерланды секілді дамыған мемлекет жел энергетикасы
саласында бізден көш ілгері тұр. Әйтеуір, әлем бойынша үлгі аларлық
дүниелер – жетерлік. Адамзаттың алдыңғы қатарындағы елдердің арасында
көрінуі үшін – қазіргі заманға сай технологияларды дер кезінде игергені
құба-құп болар еді.

Данияр НАУРЫЗ

Украина

Киев

Kerey.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Фруд БЕЖАН Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл. Соғыстың алғашқы күні Иран Израиль мен АҚШ-тың ракетаға қарсы жүйелерін қирату үшін жүздеген баллистикалық ракета жіберген. Көп ракета құлатылды. Ал қазір Иран ракета атуды азайтып, күніне ондаған ракета жібере бастады. Ашық дереккөздерге сүйенген әскери сарапшылар Иранның ракета атуы азайғанымен дәл тиюі жоғарылған дейді. Мұның себебіне үңіліп көрдік. “АҚШ пен Израильдің соққылары Иранның ракета жіберу қондырғыларына айтарлықтай зиян келтіргені анық. Мұны атылатын ракеталардың азаюынан байқауға болады. Бірақ Иран ракеталарын үнемдеуге үшін кіші, бірақ маңызды деп шешкен нақты нысандарды дәл ата бастады” дейді Вашингтондағы Stimson Center сараптама институтының ғылым қызметкері Келли Грико. Қазір Иран АҚШ-тың Таяу шығыстағы маңызды әскери нысандары мен радиолокация

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: