|  | 

Тарих

Тәуелсіздік күрескерлеріне мың алғыс!

Jeltoqsan

1986 жылы желтоқсан айының ортасында Алматы қаласындағы Брежнев
(қазіргі Республика) алаңы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Ол кезде
қазіргідей интернет, әлеуметтік желілер жоқ болса да, жергілікті жастардың
демократиялық бас көтеруі туралы ақпарат дүниежүзіне тарап үлгерген еді.
Компартияның Д.Қонаевты қызметінен тайдырып, оның орнына бұған дейін
Қазақстан үшін беймәлім болған Г.Колбинді тағайындауы наразылық туғызып,
қаладағы орталық алаңға он мыңдаған жастар жиналды. Қарсы келгенді қан
қақсатып үйренген кеңес өкіметі бұл жолы да ешкімді аямады. Бейбіт сипатта
басталған шеру ақыр соңында күшпен басылып, оған қатысқандардың біразы
қаза тапты, көбі қуғынға ұшырады. Осы бір тарихи сәтті жастардың жадында
мәңгі сақтау үшін, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы
Ішкі саясат басқармасының қолдауымен шаһардағы бірқатар мекемелерде арнайы
кездесулер өткізді.IMG_3310
Алматы көпсалалы колледжінде өткен кездесуге қонақ ретінде қатысқан
«Желтоқсан жұлдыздары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Мұстафина
мен режиссер Жаңабек Жетіруов студенттерге желтоқсан көтерілісі кезінде
көзбен көргендерін баяндап берді. Іс-шара басталмас бұрын жиналғандарға
Ж.Жетіруов түсірген желтоқсан көтерілісі хақындағы қысқаметражды фильм
көрсетілді.IMG_9840
Сәтбаев университетінде өткен кездесуге «Желтоқсан Республикалық
халықтық патриоттар қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы Кенжебай
Отарбаев, оның орынбасары Ерлан Декелбаев, осы ұйымның мүшелері Әлібек
Мұзаффар мен Бақтығали Таубаев қатысты. Кездесу кезінде қонақтарға «Сіздер
патриот екендіктеріңізді көрсету үшін алаңға шықтыңыздар, біз патриот
екенімізді көрсету үшін не істеуіміз керек?» деген сұрақ қойылды. Желтоқсан
қайраткерлері «Бүгінгі заманда патриотизм деген тәуелсіздіктің қадірін түсіну,
салт-дәстүріңді құрметтеу, еліңе адал қызмет ету. Қазір еліміздегі жағдай 1986
жылғыдан мүлдем басқаша. Сондықтан алаңға шығу еш өзекті мәселе емес» деп
жауап берді.IMG_9963
Қазақстан Жазушылар кітапханасындағы кездесу де желтоқсан көтерілісіне
арналды. Бірінші болып сөз алған желтоқсан көтерілісі туралы бірнеше кітаптың
авторы, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филлиалының Саяси жұмыстар
бөлімінің меңгерушісі Қайым-Мұнар Табеев көтерілістің тарихи рөліне тоқталды.
Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға шыққаны үшін, қуғын-сүргінге ұшырап,
түрменің азабын тартқан Гүлнәр Әбілқайырова сол жылдары көрген
қиындықтарын еске алды. Кітапханадағы кездесу желтоқсан көтерілісінің тағы бір
қатысушысы Халелхан Әділхановтың орындауында «Желтоқсан желі» әнімен
қорытындыланды.

Б.Молдаш

Kerey.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: