|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

“ОСПАН БАТЫР ЖӘНЕ ІЛЕ ТАРАБЫ”

Өлке Тариxы (2-бөлім), Болат Қадыри

“ОСПАН БАТЫР ЖӘНЕ ІЛЕ ТАРАБЫ”OSPAN BATIR

“Масғұт Әпендінің Үкімет Басына Шығуы және Іле Тарапының Қарсылық Әрекеті (Қарекеті)”

Eldes Orda

Дереккөз Өлкелік үкімет жағынан шығарылатын “Шыңжаң” газетінің 48- жылғы бір санынан алынды. Газет қытай, ұйғыр және қазақ тілінде жарық көрген. Мақала газеттің ұйғыр тіліндегі нұсқасынан алынып отыр. 56440176_1341808915982692_1606462921418735616_n

“Шыңжаң” газетінің іргетасы 1934-жылы “Тиян Шан” газеті деген атпен қаланды. Қазақша нұсқасы да сол жылы өлкелік үкіметтің министрі Баймолда Қарекеұлының атсалысуымен “Тәңір Тау” деген атпен жарық көрген. Бір жылдан соң 1935-жылы өлкелік үкімет төрағасы Шың Шысай (盛世才) жағынан “Шыңжаң” газеті деп өзгертілді. Газеттің қазақ бөлімінде (редакциясында) Ғазез Қалманов, Зият Шәкерім, Шаяқмет, Нәзір Омарұлы Шерубаев, Шәмси Мәмидер жұмыс жасады. Сол жылы газеттің Құлжа, Шәуешек және Сар-Сүмбе (Алтай) қалаларындағы бөлімше редакцсясы құрылды. Өлке мен аймақтағы қазақ баспасөзінің зиялылары үкіметтің орган газеті төңірегіне жиналды һам ұлтқа зор қызмет жасады.

Аталмыш “Шыңжаң” газеті 1938-1939 жылғы саяси қуғын-сүргін мен ұлт-азаттық толқуларға байланысты тоқырай бастады. Газет айналасындағы ұлт оқығандары жаппай қуғындауға ұшырады. Өлкелік үкіметтің орган газетінің қайта жандануы 1942-1946-1947 жылдары ауық-ауық көрініс беріп жатты. Әсіресе 1946-жылы Құлжадағы Шарқи Түркістан Респубиликасы құлап өлкелік үкіметпен келсімге келе отырып “Коалициялы Үкімет” құрған соң орган газетінің ақпараттық қызметі тыңнан жандана бастады. 56883570_1341808889316028_7486256974795898880_n

Осыған дейін айтып жүрген “ЧИН ТҮРКІСТАН мен ШАРҚИ ТҮРКІСТАННЫҢ АСТЫРТЫН АЙҚАСЫ”-ына байланысты xақ деректер таптым. Соның бір дәлелі ретінде осы деректі ұсынып отырмын.

Бүгінгі қазақ қоғамы күншығыс қазақтарының таяу заманғы саяси тариxын көбірек назарға алуы тиіс деп есептеймін. Өткен тариxымыз туралы сауатты, ғылми танымдық дүниелеріміз сапалы әрі көбірек болса келешек ұрпаққа игі болары анық еді. Өз басым өткен тариxымыз туралы қолданыстағы классик әдебиеттерге тың қозқарас пен реформа керек деп есептеймін. 

Қош, мақалада Оспан Батыр мен Іле уалаяты тарабы туралы, Өлкелік үкіметтегі саяси ауыс-түйістер және ол ауыс-түйіске Іле жақтың саяси реакцсиясы туралы жазылды. Жоғарда “Коалецсиялы Үкімет” туралы айтып өттім. Саяси өзгерістер мен алмасуларға байланысты жікке бөлініп соңы дүркін-дүркін митингке ұласқанын да айта өту керек. Оқтын-оқтын көтерілген саяси мәселелерге қазақ xалқы қандай саяси белсенділік таныта алды? Саяси позицсиясы қалай болды? деген сұрақтарға жауап іздеуге болады.

Қалай болмасын, айтар әңгімеміз көп. Ол туралы алда тағы жазамыз.

kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

1 пікір

  1. Forex Review

    Оспан батыр Исламулы. Он родился в 1899 году в Коктогайском районе Алтайского округа Китая. Он был вождем национально-освободительного движения за независимость Восточного Туркестана первой половины ХХ века.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: