|  |  |  | 

Спорт Шоу-бизнис Әлеумет

Түркістан облысының Түлкібас ауданында жаңа спорт кешені ашылды.

01a47c1a-5940-4cca-bfb8-ec34903b9ded

«Ер Жәнібек» атындағы 240 адамға арналған шынықтыру-сауықтыру орталығы  Састөбе кентінде пайдалануға берілді.  Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асты. Құны 454 млн теңге болатын спорт кешенінде бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілерге ыңғайлы болуы үшін киім ауыстырып, душ қабылдауға болады. Бұдан бөлек, бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған.

63211781_458804968030885_5134032721126883328_nТүркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе елдімекенінде өткен “Ер Жәнібек” атындағы спорт кешенінің ашылу мерей тойына “Tuǵurul han” Halyqaralyq Qoǵamdyq Birlestıgınıń атынан:

Қаржаубай Сартқожа – Президиум Басқармасының Төрағасы (құрылтайшы);
Мамырбаев Рахимбек – Президиум Басқармасының мүшесі (құрылтайшы);
Игбаев Нұржан – “Tuǵurul han” Halyqaralyq Qoǵamdyq Birlestıgınıń Президенті қатарлы азаматтар арнайы қатысып қайтты.

 

WhatsApp Image 2019-08-20 at 11.10.29 AM

Салтанатты жиынның ашылуына дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Болат Қырықбаев, КСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Махамбет Сапарбаев қатысып, кент тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ спорт кешенінің ашылу салтанатына орай бокстан облыс біріншілігі ұйымдастырылды.

kerey.kz

Related Articles

  • Жұрттың баласы мен оның ақшасы. Тұрақтылық пен тұрақсыздық құны туралы бірер сөз

    Жұрттың баласы мен оның ақшасы. Тұрақтылық пен тұрақсыздық құны туралы бірер сөз

    Тура біз сияқты мұнай сататын Әзірбайжан 2015 жылдан бері бір АҚШ доллары 1,7 манатқа тең бағамды ұстап келеді. Және The Economist Group болжауынша осы паритет 2029 жылға дейін тұрақты сақталуы тиіс. Яғни манаттың долларға шаққандағы бағамы 14 жыл бойы өзгермейді. Экономика мен экспорт құрылымы бізге ұқсас Әзірбайжан қалайша ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз етті? Және осы тұрақтылықтың бағасы қандай? Теңге неге манат сияқты болмады? Және неге бола алмайды? Неге біздің теңге кез-келген әлемдегі жағдайға тым сезімтал? Осыған асықпай жауап іздесек, көп процесс сізге түсінікті бола бастайды. Ашық мойындау керек, өз валютамызға қиянат көрсеткен кездеріміз аз болмады. Сондықтан барлығын әлемдік нарықтар мен сыртқы құбылыстарға ғана байланыстырып оқырманды алдағым келмейді. Теңге тамырына жеке

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: