Алматылықтар әйгілі швейцариялық Bernhard H. Mayer® сағатымен танысты
Сағаттың 150 жылдық тарихы бар.
ТМД-ның Алматы қаласындағы QNET компаниясының PR маркетинг бойынша жетекшісі Ирина Полякова алматылықтарды швейцариялық Bernhard H. Mayer® сағатымен таныстырды. Швейцариялық люкс сауда белгісінің Bernhard H. Mayer® сағатын таныстыру рәсімі Есік көлде өтті. Бұл үшін Ресейден Қазақстанға ТМД-ның Халықаралық QNET тікелей сауда компаниясының PR мен маркетинг бойынша жетекшісі Ирина Полякова келді. QNET компаниясы әлем бойынша Bernhard H. Mayer® сағатын сатумен айналысады. ТМД елдерінің арасында Қазақстан осы сауда белгісімен таныстыру үшін кездейсоқ таңдалып алынған жоқ: республиканың биік таулары мен мөлдір көлдері көз алдыңа Швейцарияның табиғатын елестетеді.
QNET өнімдері жөнінен маман Денис Большаков тілшілерге Bernhard H. Mayer® сауда белгісінің жұмыс істеп жатқанына шамамен 150 жыл болғанын айтты, ол шебердің хронография сапасы қалай тексерілетіні және топтаманың асқан шеберлікпен дизайнын қалай әзірленетінін түсіндірді.
«Bernhard H. Mayer® шеберлері сағаттың ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз ететін ең үздік материалдарды қолданады. Кейбір топтамаларда бағалы металдарды пайдаланады – ақ, қызғылт алтын, бриллианттар. Швейцариялық шеберлердің зергерлік өнердің нағыз өнімін жасап шығару қолынан келеді», – деп атап өтті Денис Большаков.
Тілшілер маманға Есік көлің таңғажайып жағасында сұрақтар қойды, сондай-ақ швейцариялық дәстүрмен дайындалған ірімшіктерден ауыз тиді.
«Мен Қазақстанға бірінші рет келген жоқпын, әр сапарымда жоспарлаған істерімді жүзеге асырып қана қоймай, табиғ
атының сұлулығын да тамашалап үлгеремін. Сондықтан менің іс сапарым экотуризмді еске түсіреді. Керемет сұлулықты көргенде, үздік швейцариялық Bernhard H. Mayer® сағатын қолыңа тағып жүрсең де, уақытты ұмытасың.
Есік көлдің жағасындағы серуен қазақстандық Пархач көлін еске түсіреді, мұнда біз өткен жылы күзде QNET компаниясының СЕО маманы Малу Калуза және Тәуелсіз Өкілдерімен бірге жағалауды қоқыстан тазарттық. Экологияға қамқорлық көрсету – QNET компаниясының қайырымдылық істерінің маңызды бөлігі», – деп айтты Ирина Полякова.
Пікір қалдыру