|  | 

Әлеумет

Алматыда балалар балабақшаға қажетті құралдарды қақпақтан жасап алды

WhatsApp Image 2020-03-05 at 7.47.57 PM-3

Алматыдағы №37 бөбекжай-балабақшасындағы балалар қажетті ойыншықтарды тәрбиешілермен бірігіп өздері жасап алған. 4-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер оқуға қажетті заттарды көбінесе пластмассаның қақпағынан жасап келеді деп хабарлайды kerey.kz ақпараттық танымдық порталы. Олардың соңғы рет жасап шығарған ең үлкен жетістігі қазақтың қошқармүйізі бейнеленген қақпақ кілем. 15 күндей уақыт кеткен қақпақ кілемге 7 мыңнан астам тығын қолданылған екен.

Массаж үйін қолданып жүрген қақпақ кілемнің ұзындығы 4, ені 3 метр. Ең қызығы, бүлдіршіндер мен тәрбиешілер тек қажетсіз тұрмыстық қалдықтарды ғана қолданады. Тәрбиешілер оюдың орнын белгілеп, бағыт-бағдар берсе, қатты материалдың үстіне балалар қақпақты желіммен жабыстырады

Балалар бұған дейін төсеніштер және кішкентай кілемшелерді де жасап көрген. Тек оюсыз. Алыстан қарғанда бірыңғай жасыл немесе сары түсті төсеніштердің қақпақтан жасалғаны білінбейді. Мемлекеттік балабақшаның меңгерушісі бұл әдістерді шетелге қысқа мерзімді оқу курсына барғанда үйренген екен.
«Мен Оңтүсік Корея мемлекетіне, сосын Германия мен Мәскеуге де барып білімімді жетілдірдім. Сол кезде ол жақтан қажетсіз қалдықтарды кәдеге жаратуды үйрендім. Тығын арқылы әр түрлі моторикалық бұйымдар жасаймыз. Бұл балалардың денсаулығына да өте пайдалы. Осындай заттар арқылы олардың қызығушылығын оята отырып, әрі ысырапқа жол бермеуге үйретеміз. Балалар болмашы дүниелерден өмірге қажетті заттарды жасай алатындарын көргенде өздеріне сенім пайда болады»,- деді Алматы қаласы Алатау ауданындағы №37 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Айнұр Әлімбекова.WhatsApp Image 2020-03-05 at 7.47.57 PM-2

Осы технологияларды қолданудағы ұжымның негізгі мақсаты – бала бойындағы шығармашылық қабілет пен терең ойлауды, қоршаған әлемді түсінуге, ақпараттық маңызды мәселелерді шешуге, қабілетті тұлға қалыптарсыруға жасалып жатқан мүмкіндіктер. Ең бастысы, мәдиниетті тұлға қалыптастыра отырып, олардың бойына ұлттық рухани құндылықтарды дарыту. Балабақша тәрбиешілері жаңашылдықты ұстана отырып, қолданыстан шыққан заттарды іске асырып отыр. Соның жарқын көрінісі – түрлі қақпақтардан әр түрлі ойын әрекеттері үшін заттар жасағаны.Осы ойыншықтар арқылы бала ең алдымен ысырапшылыққа жол бермейді. Әрі еңбекке деген қызығушылығы артады деп санайды ұжымның тәрбиешілері.

«Табанда, саусақтың ұшында жүйкемен баланысты көптеген нүктелер бар. Массаж қақпағымен тығынды бұрап, бекіту арқылы саусақ моторикасы, яғни саусақ қимылы іске қосылады. Тәрбиеленушілер мидың ойлануы мен дене қимылын да жұмыс істетеді. Баланың ой- өрісі кеңіп, сана сезімі, есте сақтау қабілетті артады. Мәселен, есептеуге арналған, түрлі дыбыстарды айыруға, түсті тануға арналған заттарымыз бар. Ұйқыдан оянған соң балалардың қақпақтан жасалған кілем үстімен баяу жүріп өтуінің өзі оларды белсенділікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, табандылыққа баулиды», -деді аталған балабақшаның психологі Әйгерім Бәйімбетова.WhatsApp Image 2020-03-05 at 7.47.58 PM
Балабақшада 480-нен астам қақпақтан жасалған ойыншықтар мен құралдар бар. Балабақшадағы босаған шырын, сүттердің қақпақтары жетпеген соң балақайлар тығын, құмыраны үйлерінен тасиды екен. Осылайша, бір жыл көлемінде елу мыңға жуық қақпақты ата-аналар жинап берген. Бабақшада асықтан жасалған арнайы бөлмеде бар. Ұлттық бұйымдарда тәрбиеге таптырмас құрал.
«Асықтерапиясы бар. Оны біз күнделікті денсаулық сақтау мен қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру үшін қолданамыз. Қатты матаға желімдеп жапсырылған асықтың үстінен балаларды жүргіземіз. Табанға, аяққа, арқаға жақсы. Бала сергек болады. Қан айналымы жақсарады. Ұлттық ойын түрлерінен бөлек балалар асық арқылы сандарды қосып-алу, түстерді ажырату сынды әдістер арқылы өз ойын дамытады», – деді балабақшаның әдіскері Жазира Шыныбаева.WhatsApp Image 2020-03-05 at 7.47.59 PM
Қәзіргі таңдағы балабақшалар қызметінде «М. Монтессори технологиясы», «Жобалау технологиясы», «Ойын технологиясы», «Құм терапиясы», «Денсаулық сақтау» технологияларымен қатар, тағы да басқа жаңаша технологияларды кеңінен қолданылуда әрбір балабақшаның өзіндік қолданып жатқан тың технологиялары бар. Әрбір шара «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық», «Коммуникация», «Әлеумет» салаларын қамтып, жаңа технологиямен байланыстырған. Осы ретте педагогтардың шығармашылық қабілеттері, ізденістері мен мүмкіндіктері, балалармен тіл табысуы, жаңашылдықты орынды қолдана білуі және оны ұйымдастыра білгендігімен ерекшеленеді. 360-тан астам бала тәрбиеленіп жатқан балабақшада қуыршақ бөлмесі мен арнайы адалдық алаңы да бар. Бала тәрбиелеудің өзгеше әдісін тапқан ұжымдағы қырықтан астам қызметкер жуырда қалдық құмыраларды да іске жаратпақ.

Related Articles

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • Әйелдің бағы бес елі екен. Өйткені ол АҚШ-та тұрады…

    Полицейдің жуан білегіне қолын сүйеп, басын иіп шексіз ризашылықтың ишарасын білдіріп тұрған мына әйел күн бұрын дүкеннен бес жұмыртқа ұрлап, қолға түседі. Оқиға орнына жеткен Уильям Стейси ұрының қолына кісен салып, қамаудың орнына бес жұмыртқаға бола басын қатерге тіккен бейбақты сөзге тартады. Сұрай келе үйінде төрт баласы ашқұрсақ отырғанын, екі тәуліктен бері нәр татпағанын біледі. Шиеттей бала-шағамен айына 120 долларға ғана жан бағатынын, оның өзін біреуге ұрлатып алғанын естиді. Мән-жайға қаныққан офицер сол жерде әйелді босатып, үйіне жеткізіп салады. Күдігін сейілту үшін отбасының жағдайымен танысып, байғұс ананың алдамағанына көз жеткізеді. Кетерінде ұрлық жасау – тығырықтан шығар жол еместігін айтып, бұдан былай заң бұзбауын ескертеді. Бие сауым уақыт өткен соң ашқұрсақ

  • Талдықорғанда дәрігерлерге ескерткіш ашылды

    Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Аяулы алақан» аллеясы ашылды. Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай, қаланың көркіне-көрік қосатын тағы бір жер орын тепті. Бұл мекенде ақ халатты абзал жандарға деген алғыстың нышаны ретінде «Аяулы алақан» мүсіні қойылған. Жоба авторы, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. Мүсінде адамзаттың қос алақаны бейнеленген. Ал екі уыстың арасында жапырағы жайқалған жас ағаш өсіп тұр. Бұл жан жылуының әр тіршілік иесіне өмір сыйлай алатынын бейнелеп тұрған ерекше сәулет өнері. «Пандемияның алғашқы күндерінен-ақ Елбасы үндеуімен еліміз бірігіп, індетті жеңуге жұмылды. Қиын жағдайда алдыңғы қатарда күрескен – медицина қызметкерлері болды. Бүгінгі ашылған «Аяулы алақан» ескерткіш – аса қауіпті індетпен бетпе-бет келген

  • Жетісуда 60 жуық жанұя баспаналы болды

    Талдықорғанда алпысқа жуық отбасы баспаналы болды. “Болашақ” шағын ауданында берілген көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асады. “Талдықорғанда соңғы 20 жылда аймақтағы барлық салалар бойынша өсу қарқыны орын алды. Қала жан-жақты дамыды. Жаңадан шағын аудандар ашылып, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұның барлығын жасау үшін, қазынаға түсетін салықтың көлемі де артуы керек. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 860 млрд. теңгені құрап отыр. Осының арқасында бүгінгі деңгейге жетіп отырмыз. Елбасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауы да қазіргі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн”,- деді облыс әкімі Амандық Баталов. Жаңа пәтер кілтін алғандардың арасында қартаналар, көп балалы және әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасылар да бар. “Балам

  • Талдықорғанда жаңа эко-автобустар қолданысқа берілді

    Бүгін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс орталығының Талдықорғанға қоныс аударуының 20 жылдығы аясында айтулы оқиға өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды. “Жетісу” ӘКК арқылы жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеден асатын газбен жүретін 55 экологиялық автобус сатып алынады, олар тасымалдаушыларға 7 жылға лизингке беріледі (жылдық 4% – бен). Оның 32-сі қала тұрғындарына пайдалануға берілді. Мереке қарсаңында орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен “Ютонг” маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын-тапсыру салтанаты өтті. Қалған 23 автобус (14 ПАЗ және 9 “Ютонг”) жыл соңына дейін Талдықорған көшелерімен жүреді. “Бірнеше күн бойы жаңа автобустар қалалық бағыттар бойынша сыналды. Жалпы, олар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Олардың кейбіреулері – 10 метр, басқалары-8,5

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: