|  |  | 

Жаңалықтар Шоу-бизнис

Алматы-Петропавл бағытына жаңа әуе рейсі ашылды.

WhatsApp Image 2020-03-13 at 8.46.30 PM

 

FlyArystan-ның 180 орындық Airbus A320 ұшағы Алматыдан Петропавлға алғаш рет ұшты. Бір жақты билет құны 9999 теңгеден басталатын рейстер аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері тұрақты орындалып тұрмақ

Алдағы уақытта облыстың барлық қалаларын отандық лоукостердің рейстерімен қамту жоспарланған. Airbus A320 ұшағы 12-наурыз күні Алматы-Көкшетау- Алматы және Алматы-Қостанай- Қостанай аралығында ұшуды бастады.

 

«Петропавлдан Алматы мен елордамыз Нұр-Сұлтанға орындалатын жаңа рейстер жергілікті тұрғындар мен халық арасында сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. Солай болған жағдайда, біз сапарлардың санын арттырып, Петропавлға қатынайтын бағыттардың көбеюін қарастыратын боламыз. Сонымен қатар бұл шараның өткізілуіне күш салған жергілікті әуежай мен әкімшіліктің еңбегін атап өткім келеді», – деді FlyArystan-ның басқарушы директоры Тим Джордан.

WhatsApp Image 2020-03-13 at 8.46.31 PM

13 наурыздан бастап Нұр-Сұлтаннан Петропавлға құны 3999 теңгеден басталатын билеттер сатылымға шықты. Ұшақтар 10 сәуірден бастап жұма және жексенбі күндері ұшатын болады.

«Біздің басты кеңесіміз – билетті ерте брондап, жолашуылардың ақшаны барынша аз төлеуіне мүмкіндік жасау. Біз ең біріншіден төмен бағадағы орындарды сатамыз, сондықтан солтүстікке немесе оңтүстікке ұшқыңыз келсе, саяхатыңызды алдын ала жоспарлаған жөн. Ұшақтар жаңа, яғни орташа алғанда 6 жыл ғана қолданыста болған. Кейде жолаушылар арзан билеттер аз деп кіналап жатады, арзан бағаға ұшқыңыз келесе билетті ерте брондау керек»,- деді аталған әуе компаниясының өкілі Ләззат Нәбиева.WhatsApp Image 2020-03-13 at 8.46.30 PM-2

Петропавл және Көкшетау қалаларына ашылған бағыттар бойынша әуекомпанияның флотына қосылған бесінші борт. Сәуір айында алынатын жаңа Airbus A320 ұшағы Қарағанды қаласына тұрақтамақ.WhatsApp Image 2020-03-14 at 3.46.21 PM WhatsApp Image 2020-03-14 at 3.46.44 PM

 

Related Articles

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: