Қызылорда облысында әкімдердің дауы бітер емес.
Бұл жол адвокат Ләззат Ахатова Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың тапсырмаен қамалғаны туралы пікірін білдіріп, тағы бір ақпаратты таратты. Оның сөзінше, сот қарама қайшылықтарға толы. Адвокаттың айтуынша, қорға 80 млн теңгені аударуға құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы тапсырма берген.
“Абдолла Дастанов мырза, өткенде желі бетінде: Ысқақовтың қорғаушылары қорға аударуға тапсырма бергенді емес, сол ақшаның жұмсалуына кім тапсырма бергенін анықтау керек қой”-деп, “кәсіби” ақыл-кеңес айтқан екенсіз. Жауап жазуға мүмкіндік енді болып отыр, айыпқа бұйырмассыз. Оның үстіне іс материалдарынан бөлек, кешегі сот отырысында өзім де сұрақтарымды тиісті тұлғаларға тағы да қойып, бекітіп, нақтылап алайын дегем. Ал кім тапсырма бергенін тыңдаңыз:
10.12.2020 ж. Қызылорда қалалық 2-ші сотының айыптау үкімінің 3-ші бетінде 80 млн. ақшаны төрт құрылыс компанияға аударауға Абдрахимоваға тапсырманы құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Алсериковтың бергені көрсетілген. Ал қызметкерлердің бір күндік жалақысын Қорға аударуға тапсырманы сол кездегі облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов бергенін Сапура ханым соттағы кешегі жауабымен тағы да бекітіп берді. 80 млн-ды монша құрылысына қордан алып, жұмсау туралы идеяның да Алсериков мырзаға тиесілі болғанын, сондай-ақ ол тапсырма Қор басшысына құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Алсериков мырза тарапынан берілгендігі де кешегі сотта нақты анықталып, расталды», – деді адвокат Л.Ахатова.
Апелляциялық сот отырыстарының кезекті тергеуінде “Бақ-береке” ЖШС-ның (төрт құрылыс компанияның бірі) директоры А.Ерназаров (кешегі сотқа куә ретінде қатысты) 80 млн-ды қолма-қол ақшаға айналдыруға тапсырманы Алсериков мырзадан алғанын сот отырысында өз жауабымен тағы бір бекіткен.
«Бұл эпизод жайлы бөлек жазба болады. Бір оқиғамен екінші оқиғаны араластырып, ұзын-сонар жазба боп кетсе, қабылдауға қиын болар. Кешегі сот отырысына куә ретінде Алсериков те, Рүстемов мырза да қатысты. Алсериков Мұхамедиса мырза жауаптарынан өзі де шатасып, елді де шатастырып біткен сияқты..Істегі материалдарға көз салсақ, әр тергеуде берген жауабы әр қилы. Мысалы, 11 наурыз күнгі көрсетпесінде 80 млн-ды “Шығыс моншасы” құрылысына жұмсауға тапсырманы Делмұханов берді деген. 29-наурыздағы тергеуге берген жауабында ондай тапсырманы Имандосовтан алғанын көрсеткен. Ал 7 сәуірде тергеуге берген жауаптарында Имандосов пен Делмұхановты шатастырып алғанын айтқан», -деді адвокат.
Кешегі сотта түрлі жауап берумен елді шатастырған Алсериковке адвокат тарапынан қойлыған сұрақтар аз болмаған. Куәгер, басында «жаңылысқанын», соңында «шындықты» айтқанын жасырмады.
“Әр кезде әр басшыға қарсы көрсетпе беруіңіздің себебі-тергеу органы тарапынан көрсетілген ықпалдың, атап айтқанда қысымның нәтижесі ме, әлде өз өтіріктеріңізден өзіңіз жаңылысып, шатасып біткеніңіздің көрінісі ме?”- деген сұраққа “енді басында былай неғыла ма деген едім, сосын аяғында шындықты айттық қой”-дейді. Сонда Сіздің қай сөзіңіз өтірік, қай сөзіңіз шындық?”- деген сұрағымызға мардымды жауап ала алмадық. Сот тарапынан куәға жалған жауап берген жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны ескертілген. Бірінші сатыдағы сотта да сол заң нормасы ескертіледі. Соған қарамастан, бір адамның мың құбылып, сан түрлі жалған жауаптарының салдарынан қанша адам темір тордың артында отыр?», -деді Ысқақовтың адвокаты.
Ахатова, алдағы уақытта өзгеде куәлардың жауаптары туралы жарияламақ…
Пікір қалдыру