|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат Тұлғалар

Томас Исидор Ноель Санкара..

65818320_2184315324999294_6216770624711294976_nБұл –Томас Исидор Ноель Санкара.., Буркина-Фасоның президенті. Ол ел басқарып тұрған шағында өзінің әскери шеніне сай берілетін 450$ айлықпен күнелткен. Ал, президенттігі үшін берілетін 2000$ жалақыны жетімдер үйіне аударып отырған. Оның билік басында жасаған елеулі өзгерісі – мемлекеттік шенеуніктердің жасырын табыстары мен ұрлықы есеп-шоттарын әшкерелеп, оларды халыққа шынайы қызмет етуге мәжбүрледі. Және, кейін өзінің осы ісі үшін тағынан да, басынан да айырылды…
Арам ниеттілер Санкараны тақтан тайдырып, табан астында өлтіріп тастағаннан соң, ел алдында ақталмақ боп оның бар байлығын қопарған екен.., сөйтсе, ол байғұс өзі билік құрған кезде президент болмай тұрып сатып алған ескі “Пежосы” мен мұздатқышы бұзылған ескі тоңазытқышы, 3 гитарасы мен 4 велосипедінен басқа дүние-мал жинамаған көрінеді…
Санкара президент боп тұрғанда кабинетіне желдеткіш орнатуға рұқсат бермеген дейді. “Мұндай мүмкіншілігі жоқ өзге отандастарымның бетіне ертең қалай қараймын?!” дейтін көрінеді. Одан бөлек, өзінің суретін көрнекі жерлерге, мемлекеттік басқару орындарындағы басшылық кабинеттерге жарқыратып іліп қоюға үзілді-кесілді қарсы болыпты. “Мен секілді жылтыр қара жігіт бұл елде 7 миллионнан асады, ілсеңдер – елге еңбегі сіңген қарапайым еңбек адамының суретін іліңдер!” дегенге ұқсайды…
Ол билікке келе сала мемлекеттік автопарктегі бүкіл қымбат “Мерседесті” сатқызып, шенеуніктерін сол кездегі ең арзан мәшине “Рено-5″ көлігіне отырғызды. Мемлекеттік қызметкерлердің айлығын қысқартып, оларға жеке жүргізуші ұстауға, ішкі-сыртқы сапарларда бірінші класс авиабилеттерін пайдалануға тыйым салды.
Сондай-ақ, барлық деңгейдегі шенеуніктерді батыстық қымбат кәстөм-шалбар киюін тиып, жергілікті тігіншілер мақтадан тіккен арзан бағалы ұлттық киімді киюге міндеттеді. Жаңа жыл қарсаңында барлық мем.қызметкер өздерінің айлық жалақысы көлемінде қаржыны отандық әлеуметтік қорларға аударуға мәжбүр болды.
Бір жолы ел есебінен бекерге ақша алып отырған мемлекеттік басқару кабинеттеріндегі тең жарты қызметкерді жұмыстан босатып, оларды ауылдық жерлердегі қара жұмысқа жіберіп тұрып “Бұлардан салқын кабинетте отырғаннан гөрі, плантацияларда жұмыс істесе елге көбірек пайда келеді!” деген екен…
Санкара билік басына келгеннен кейін 3 жыл толғанда Бүкіләлемдік Банк арнайы зерттеу жасай отырып, 1986 жылы “Санкара келгелі Буркина-Фасода сыбайлас жемқорлық мүлдем жойылды!” деп мәлімдеме жасапты.
Томас Санкара әуелде “Жоғарғы Вольта” деп аталатын мемлекеттің атауын билікке келе салысымен, жергілікті мооре және дьюла тайпаларының тілінде “Адал адамдар елі” немесе “Лайықтылар мемлекеті” деген мағына беретін “Буркина-Фасо” атауына өзгерткен.
… . …
…сөйткен Санкараны да айналдырған жау алып тынған…
44908301_1818282318269265_1139981193345761280_n
Антониу ди Салазар деген Португалияның диктаторы билік басында аттай 36 жыл отырған. Тағына таскенеше жабысқан бәле өле-өлгенше елдің премьер-министрі бола отырып, бүкіл билікті бір өзінің қолында ұстап, ойына келгенін істесе керек.
1968 жылы қақбас Салазар ваннадан шығып келе жатып, аяғы тайып құлайды. Содан миына қан құйылған. Билік маңындағы шенеуніктер оны “әні-міне өледі ғой” деп ойлайды. Ол ауруханада ес-түссіз жатқанында, ел президенті Америку Томаш.., бір кездері диктатордың қолбаласы болған Томаш Салазарды қызметінен босатып, оның орнына Марсел Каэтан деген шенеунікті тағайындауға үкім шығарып үлгереді.
Біршама уақыт өткеннен кейін жанысірі Салазар есін жияды. Биағалар оған енді биліктен кеткенін жеткізе алмай сасады. Әбден жалтақ боп қалған министрлер, амал жоқ, табан астында әртіске айналып, саяси-сахналық ойынға кіріседі.
Құдайдың құтты күні, пәпкесін қолтықтаған министрлер мен әкім-қаралар төсек тартып жатқан “ұлт лидерінің” палатасына кеп, “есеп” беретін болады. Елді қанқақсатқан диктатордың әлі де дәурені жүріп тұрғандай, барлық шенеунік алдамшы реформалар жөнінде ақылдасуға, тапсырма алуға келіп жүреді. Тіпті, бірнеше рет ауруханада, Салазардың төсегін қоршалай отырған министрлер кабинетінің мүшелері үкіметтік жиналыс та өткізеді.
Бейшара Салазар 1970 жылға дейін, жүрегі тоқтап, бақилық болғанша өзінің орнынан түсіп қалғанын, бір сөзбен айтқанда, «тірі өлік» екенін білмей кеткен көрінеді.
Ал, басшысын да, халқын да алдап дәніккен Марсел Каэтан мен Америку Томаш билік басында тағы да 4 жылдай отырып.., халық көтерлісінде тақтан тайдырылып, Бразилияға жер аударылғанша “әртістікпен” тышқаншылап күнелткен секілді…

Related Articles

  • Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық. Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды: 12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең. Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды. Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: