|  | 

Жаһан жаңалықтары

Байденмен кездесіп, Конгрессте сөз сөйледі. Зеленскийдің АҚШ-қа сапары қалай өтіп жатыр?


Украина президенті Владимир Зеленский Конгресстегі Өкілдер палатасының мінберінде. Вашингтон, 21 желтоқсан 2022 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский Конгресстегі Өкілдер палатасының мінберінде. Вашингтон, 21 желтоқсан 2022 жыл.

АҚ ҮЙДЕГІ КЕЗДЕСУ

Президенттердің кездесуі Ақ үйде өтті. Джо Байден Владимир Зеленскийді президент резиденциясына кіреберісте жылы қарсы алып, кездесу басында Америка халқы Украинаны “мақтанышпен” қолдайды және оның “әділетті әлемге” ұмтылысын қуаттайды деді. АҚШ президенті Ресейдің Украинадағы инфрақұрылымдарды атқылауын айыптап, Мәскеу қақаған аязды “қару ретінде пайдалануға тырысып жатыр” дем мәлімдеді. Украин халқы әлемді “рухтандырып жатыр” деген пікірін де жеткізді.

АҚШ президенті Джо Байден Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ үйде қарсы алып тұр. Вашингтон, 21 желтоқсан 2022 жыл.

АҚШ президенті Джо Байден Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ үйде қарсы алып тұр. Вашингтон, 21 желтоқсан 2022 жыл.

Зеленский АҚШ президенті, Конгресс және америкалықтарға Украинаға көмегі үшін алғыс білдірді.

Келіссөз екі сағатқа ұласып, артынан екі ел басшысы баспасөз жиынын өткізді. Байден Украинаға қосымша көмек ретінде 1,85 млрд доллар бөлетінін мәлімдеді. Бұл көмектің ішінде Patriot әуеден қорғану жүйесі де бар.

Сондай-ақ Ақ үй иесі украин халқы Ресей басқыншылығына төтеп беріп келеді және АҚШ украин халқының бостандық үшін күресін қолдай береді деп мәлімдеді. Байден осы тұста АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары мен Украинаға әскери техника мен қару-жарақ жеткізгенін және қаржылай қолдағанын да атап өтті. Украинаны қолдау арқылы АҚШ пен одақтастары азаттық, демократия және халықаралық құқықтың негізгі принциптеріне дем береді деді.

АҚШ президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский.

АҚШ президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский.

Зеленский баспасөз жиыны кезінде кездесуді “тарихи сәт” деп атап, басталғанына 300 күн болған соғыста АҚШ Украинаның нағыз әріптесі әрі одақтасы екенін дәлелдеді деді. Ол сондай-ақ Украинаның территориялық тұтастық және соғыс шығынын өтеу мәселесіне келгенде ешқандай шартқа көнбейтінін мәлімдеді.

“Путинге не айтқыңыз келеді?” деген сұраққа Зеленский “қазір әлемге не айтқысы келетінін Путиннің өзі ойлануы тиіс, ол өзін өркениетті адамдар қатарынан шығарып тастады” деді.

Байден болса, Patriot жүйесінің тек қорғану үшін беріліп жатқанын, жағдайды ушықтыруды көздемейтінін мәлімдеді.

“Оларды мүлдем пайдаланбаған да дұрыс болар еді, тек шабуылды тоқтату үшін ғана” деді ол.

Зеленский Patriot жүйелерін жаңа көмек топтамасының ішіндегі ең елеулісі деп атап өтіп, Киевке “жақсы жаңалықпен” баратын болдым деді. Оның сөзінше, бұл жүйелер Украина әуе кеңістігін қорғауда үлкен қадам болмақ.

Дәл қазір Ресей күштері Украина қалаларының, оны ішінде инфрақұрылым нысандарын зымыран және дрон көмегімен атқылап жатыр. Украина АҚШ-тың бұл қаруын осы инфрақұрылым нысандарын қорғау үшін қажет етіп отыр.

Алайда Patriot жүйелері бірден жіберілмейді. АҚШ әскері алдымен Украина күштеріне бұл жүйені қолдануды үйретуі тиіс.

Зеленский кездесуге әдеттегідей әскери үлгіде жасыл киіммен келді.

АҚШ-тың "Patriot" зымыран жүйесі.

КОНГРЕССТЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Конгресстің жалпы отырысында сөз сөйлеген Зеленский АҚШ заң шығарушыларын және америкалықтарды Украинаны Ресейдің басқыншылық соғысына қарсы күресінде қолдауды жалғастыра беруге шақырды. Бұл соғыста Украинаның жеңісінен басқасының бәрі еркін әлемге залал келтіреді деді.

“Күрес тек украиналықтардың қауіпсіздігі, еркіндігі және өмірі үшін ғана емес” деді ол ағылшын тілінде өкілдер палатасының төрінен сөйлей отырып. “[Бұл күрес] украиндар мен америкалықтарда демократия болар-болмасын шешеді”.

Зеленскийге АҚШ туын табыстау сәті. Оның алдында ол конгрессмендерге Украина туын сыйға тартқан.

Зеленскийге АҚШ туын табыстау сәті. Оның алдында ол конгрессмендерге Украина туын сыйға тартқан.

Конгресс пен АҚШ халқына арналған бұл үндеуінде Зеленский Украина жетік заманауи қару көмегімен жеңіске жете алатынын айтып, Украинаның әскери қуаты мықты деген Ресейге 10 ай төтеп бере алғанын еске салды.

“Сіздердің ақшаларыңыз қайырымдылық емес. Бұл ғаламдық қауіпсіздік пен демократияға салынған инвестиция” деді ол.

25 минутқа ұласқан сөзінде Зеленский Украинаның Ресейге қарсы соғысы мен АҚШ әскерінің Екінші дүниежүзілік соғысымен және Ұлыбританияға қарсы тәуелсіздік үшін күресімен салыстырды.

Конгресс осы аптада Украинаға 45 млрд доллар көлемінде көмек көрсетуді қамтитын құжатқа дауыс бермек.

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: