|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

Трамп Украинаны Ресеймен Түркияда кездесуге үндеді. Зеленский “Путинді күтетінін” айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаны Ресеймен 15 мамыр күні Стамбұлда келіссөз өткізуге”дереу” келісуге шақырды.

“Ресей президенті Владимир Путин Украинамен атысты доғару туралы келісімге қол қоюға ұмтылып отырған жоқ – оның орнына бейсенбі күні Түркияда осы қанды қасапты тоқтатуға қатысты келіссөз өткізуді ұсынды. Украина ол кездесуге дереу келіскені жөн”, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Трамптың жазбасынан Украина ұсынған және Еуропа одағының жетекші елдері қолдаған басты шарт – әуелі майдан шебінде 30 күнге атысты тоқтатуды талап етіп отырмағаны аңғарылады.

“Кем дегенде, қандай да бір мәмілеге келу мүмкін бе, соны айқындауға болады. Ал егер мүмкін болмаса – Еуропа елдерінің басшылары мен АҚШ жағдайды толық түсініп, тиісті әрекет жасай алады”, – деді Трамп.

Бұған қоса ол “Украинаның Путинмен келіссөз жүргізе алатынына күмәндана бастағанын” айтқан. Оның сөзінше, Путин “Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс мерекесін тойлаумен аса әбігер болып отыр”.

“Айтпақшы АҚШ қатыспағанда бұл соғыс ешқашан жеңіспен аяқталмас еді (тіпті маңайламайды да!)” деп жазған Трамп.

Украина президенті Владимир Зеленский Трамптың жазбасынан кейін Telegram-парағына Украина “дипломатия үшін қажетті жағдай жасау” үшін ертеңнен бастап “атыс толық әрі ұзақ мерзімге тоқтайды” деп күтетінін айтты.

Бұған қоса ол Түркияда Ресей президенті Владимир Путинмен бетпе-бет жеке келіссөз өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

“Бейсенбіде Путинді жеке кездесу үшін Түркияда күтемін. Бұл жолы ресейліктер келмеуге сылтау іздемес деп үміттенемін”, – деді Зеленский. Ол Трамптың мәлімдемесіне байланысты тікелей түсініктеме берген жоқ.

Кейінірек Зеленский бейнеүндеу жариялап, бейсенбіде Түркияда болатынын және сол жерде Путинмен жүздесем деп үміттенетінін растады. Зеленский Түркияда нақты қай жерде болатынын айтқан жоқ – ал Путин өз ұсынысында нақты Стамбұлда деп айтқан. Зеленскийдің сөзіне қарағанда, Ресей атысты тоқтатпаса да ол Түркияға баруға ниетті сияқты.

Путин Киевке тіке келіссөзді жалғастыруды ұсынды. Атысты бір айға тоқтату үндеуіне жауап бермеді

Украинаға Стамбұлда келіссөз өткізуге ұсыныс жасаған Ресей президенті Владимир Путин оған өзі қатысатыны жөнінде ештеңе айтпаған.

Ресей мен Еуроодақ өкілдері Трамп пен Зеленскийдің кейінгі мәлімдемелеріне байланысты әзірге реакция білдірген жоқ.

Бұған дейін жексенбі күні Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог алдымен атысты тоқтатып, содан кейін келіссөз басталу керек екенін және “басқа жол жоқ” екенін жазған.

Жексенбі күні Ресей мен Түркия президенттері телефонмен сөйлескені туралы хабар тараған. TRT Haber мәліметі бойынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның диалог үшін алаң ұсынуға әзір екенін растаған және “бейбітшілікке қол жеткізу үшін мүмкіндік терезесі ашық” деп мәлімдеген. Түркия президенті сондай-ақ “жан-жақты атысты тоқтату келіссөздер үшін жағдай жасайды” деп атап өткен. Сонымен қатар, келіссөздер алдында Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен телефонмен сөйлескен. “Соғысты тоқтатуға қарай тарихи бетбұрыс сәті туды – оны пайдалану керек. Түркия атысты тоқтатып, тұрақты бейбітшілік орнату үшін келіссөз ұйымдастыруды қоса алғанда кез келген үлес қосуға дайын”, – деген Ердоған.

Ресей сыртқы істер министрлігі Ердоғанның Путиннің бастамасын толық қолдағанын хабарлады, бірақ атысты тоқтату туралы министрлік мәлімдемесінде ештеңе айтылмаған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: