Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді.
Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін әр қадамы мен жоспары нақты болуы тиіс. Яғни өндірістік процестен бастап, маркетинг пен дистрибуцияға, халықаралық кинонарыққа шығу жолдарына дейінгі іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуы шарт. Түсірілетін фильмдерде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін күшейту, отансүйгіштік пен мәдени мұраға деген құрметті насихаттау маңызды» - екендігін атап өтті.




Пікір қалдыру