|  |  |  |  |  |  |  |  | 

Көз қарас Мәдениет Руханият Саясат Суреттер сөйлейді Тарих Қазақ шежіресі Әлеумет

Тек тілге байланысты…

625527919_3573614719468756_8044985420513617038_n
Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін!
Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны, қазақы орта мен қазақша ақпараттық контент тб.-ға сұраныс еселеп көбейеді де соңы түрлі әлеуметтік мәселелердің тосыннае шығуына түрткі болады. Неге? Себебі қазақтардың саны көп, мектеп, бала-бақша, жаңа микро аудан, тұрғын үй кешендері, ауыз суы, тб өте көп себептер өздігінен пайда болады. Конституцияда тіл туралы бапты толықтырғанда демографиялық жағдаятты ерекше ескермесе және байырғы тұрғын қазақтардың ұлттық мүддесін қанағаттандырмаса кез-келген сәтте әлеуметтік теңсіздік көрініс табуы мүмкін. Бұдан бөлек алдағы 5-10 жылда тілдік демографиялық ахуал да параллель өзгеріп отырады. Яғни орыс тіліне байланысты сұраныстың Орталық Азия аумағындағы қажеттілігі біртіндеп әлсіреп, есесіне ағылшын, қытай, француз, түрік тілдеріне сұраныс артуы ықтимал. Сол себепті конституцияда екінші бір тілге мәртебе беріп керек емес.
Ең қызығы соңғы технологиялық жаңалықтар бойынша көптіл білумен мақтанатын заман келмеске кетіп барады. Алда адамзат тілдік интеграцияның жаңа дәуіріне кіріп жатыр. Яғни кез-келген адам өз тілінде сөйлеп технологиялық тетіктер арқылы келесі адамға соның тілімен ақпарат алмаса береді. Сіз қазақша айтыңыз, ол французша автоматты түсіне береді. Заман соған келе жатыр. Соңғы технологиялық жаңалық осылай.
Егер конституцияда қалайда екінші бір тілді көрсету керек болса онда қазақ тілімен бірге жойылуға беталған байырғы тілдерге құқықтық мәртебе берейік, яғни Дешті-Қыпшақ даласындағы тұрғылықты тарихи тілдерге атап айтқанда ноғай, башқұрт, құмық, қарашай-балқар, алтай, жақыт (якут), хакас тілдерін дамытуға арналған ОРДА ТІЛІ дейтін тармақ қабылдауы керек. Қазақ Республикасында мемлекеттік ресми тіл – қазақ тілімен бірге Дешті-Қыпшақ даласындағы байырғы тілдерге де айрықша нормативтік құқық беріледі деген тармақ қабылдануы тиіс. ОРЛА ТІЛІ тармағы аясында аталған тілдерді біріктіретін жаңа концепция жасалады да Ғылым Академиясы мен ЖОО-дарында іргелі зерттеу институттары ашылады, сонымен бірге Дешті-Қыпшақ түркілерін Қазақстанда интеграциялауды бастайтын мем-жобалар мен бағдарламалар, стипендиялар қабылданады. Басқаша айтқанда Қазақ Республикасы Дешті-Қыпшақтың байырғы тұрғындарының тілі мен мәдениетінің заңды қара шаңырағына айналады.
21- ғасыр осындай қызық та жаңаша ойдың ғасырына айналып барады. АҚШ немесе Қытай, Ресей мен Еуропаны қараңыз, әлем жаңаша күрделі қадамға бетбұрыс жасап жатыр. Біз геосаясатта “белсебет” ойлап таппаймыз, біз бар болғаны Дешті-Қыпшақ кезеңінен бері тарихи жадымызда сақталған төл құндылықтарымызды 21- ғасырдың өркениет талаптарына сай трансформациядан өткізіп бейімдеп кейінгі жас буын ұрпаққа (поколенияға) жаңа өркениет құндылықтары ретінде тұжырымдама ұсынамыз.
“Бектер кетіп ел қалар, бетеге кетіп бел қалар” дегендей біз Дешті-Қыпшақ кезеңінен бері талай ресейді, талай қытай мен АҚШ-ты көрген байырғы тұрғынбыз. Қазақ тілі үшін жүз жылдан бері тұрақты күресіп келеміз. Әлі де күресе береміз.
Елдес ОРДА
04.02.2026
Ескерту: сурет ресми ашық ақпараттан алынды.

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: