|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат Суреттер сөйлейді

Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл.

Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр.

24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері мен бәсекелестері Коммунистік партия ішінде алда қандай өзгерістер болатынына мұқият қадағалап отыр.

“Қытай ондаған жыл бойы өзін ұзақ мерзімде ықпалын кеңейтуді көздейтін әрі АҚШ-пен жаһандық держава ретінде бәсекеге түсе алатын ел ретінде көрсетіп келді, – деді Берлиндегі Карнеги орталығының Ресей мен Еуразия бойынша сарапшысы Темур Умаров Азаттық радиосына. – Алайда мына жағдай Қытайда не болып жатыр, Си Цзиньпин өз маңайын шынымен мықты бақылауда ұстап отыр ма деген сұрақ пен күмәнді көбейтеді”.

ҚЫТАЙДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР ЖӘНЕ БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Қытайдың жабық саяси жүйесі Си Цзиньпинді мұндай қадамға баруға нақты не итермелегенін тап басып айтуға мүмкіндік бермейді. Чжан Юся Пекинде биыл сәуір айында өтеді деп жоспарланған АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге дейін ұсталып отыр.

Оның үстіне бұл шешім бес жыл сайын ел басшылығында болатын кадрлық ауыс-түйіс алдында қабылданды. 2027 жылы Си Цзиньпин Компартия басшысы ретінде төртінші мерзімге қалуы мүмкін деген болжам бар.

Қытайдың қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде Қытай коммунистік партиясының әскери органы – Орталық әскери комиссияның (ОӘК) төраға орынбасары Чжан Юся “тәртіп пен заңды өрескел бұзды” деген айыппен тергеуге алынғаны айтылған.

Осындай айып тағы бір генералға – ОӘК бас штабы бастығы Лю Чжэньлиге де тағылған.

Чжан Юся (оң жақта) халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінде жүр. Минск, Беларусь, 20 мамыр, 2017 жыл.

Чжан Юся (оң жақта) халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінде жүр. Минск, Беларусь, 20 мамыр, 2017 жыл.

25 қаңтарда “Liberation Army Daily” әскери газеті редакциялық мақаласында Чжан Юся мен Лю Чжэньли Қытай коммунистік партиясы мен Орталық әскери комиссиясының “сенім-үмітіне опасыздық жасады”, сондай-ақ “партияның әскерге абсолютті жетекшілігін әлсіреткен әрі партияның негізіне қатер төндірген саяси және жемқорлық мәселелердің пайда болуына жол берді” деп жазды.

Ал америкалық Wall Street Journal басылымы дереккөздеріне сүйеніп, Чжан Юся Қытайдың ядролық қару бағдарламасы жайлы ақпаратты АҚШ-қа берген және әскери адамдардың қызметін өсіру үшін пара алған деген күдікке ілінгенін жазды.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы бұл ақпаратты тәуелсіз дереккөздерден растай алмады.

Кей сарапшылар барлау мәліметтері тарап кеткен дегенге күмәнмен қарайды. Азия қоғамының саяси зерттеулер институты жанындағы Қытайды талдау орталығының ғалымы Нил Томас әлгіндей сөзге сенбейді. “Соғыс көрген, шыңдалған генерал” Чжан Юся “кейінгі ондаған жыл бойғы өмірінің мәні болған дүниенің бәрін сатып, Қытайдың басты қарсыласына құпия ақпарат берген” деуге қисын бар ма деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшесі Чжан Юся да, осы елді басқарып отырған Си Цзиньпин сияқты, революция ардагерлері мен жоғары лауазымды партия шенеуніктерінің ұрпағына жатады (оларды “ханзадалар” деп атайды). Чжан Юсяның әкесі Қытайдағы азамат соғысы кезінде Си Цзиньпиннің әкесімен тізе қоса шайқасып, 1949 жылы Мао Цзэдун бастаған коммунистердің билікке келуіне үлес қосқан. Кейін екеуі де жоғары мемлекеттік қызметтер атқарған.

Чжан Юся – Қытай армиясындағы соғыс тәжірибесі бар санаулы генералдардың бірі. Ол 1980 жылдары қытай-вьетнам қарулы қақтығысына қатысқан.

Чжан Юсяның қызметтен алынуы кейінгі жылдары Қытай әскери басшылығында жүріп жатқан ауқымды “тазалау” науқанының бір бөлігі іспетті көрінеді. 2023 жылдан 2025 жылдың күзіне дейін елде шамамен 20 генерал орнынан босатылған, соның алтауы құрлықтағы ядролық оқтұмсығы бар және кәдуілгі зымырандарды бақылайтын әскери қызмет атқарған.

Осы өзгерістерден кейін және Чжан Юся мен Лю Чжэньлиге қарсы тергеу істері басталған соң, жеті адамнан тұратын Орталық әскери комиссияда бар болғаны жалғыз әскери офицер мен екі мүшесі қалды. Ол екеудің бірі – Си Цзиньпиннің өзі.

ҚЫТАЙДЫҢ КӨРШІЛЕРІНЕ БҰЛ ҚАНДАЙ БЕЛГІ БЕРЕДІ?

Қытай компартиясы саяси бюросының мүшесі, елдегі ең ықпалды генералдардың бірі әрі Си Цзиньпиннің билік сабақтастығы жоспарларына қарсы тұра алады делінетін санаулы тұлғалардың қатарында аталып жүрген Чжан Юсяның тағдыры Қытайдың билік элитасындағы ішкі қайшылықтарға қатысты сұрақтарды үдетті.

Осының бәрі Қытайдың саяси жүйесін тұрақтылық үлгісі көретін Орталық Азиядағы серіктестерінің де назарынан тыс қалмағаны даусыз. Совет одағы ыдырағаннан кейін элитасы түрлі күйзелісті бастан өткерген аймақтағы елдер үшін Қытай ұзақ уақыт бойы орнықтылық символы болып келген.

“Мұндай тазалау мен одан туындайтын тұрақсыздық сезімі Орталық Азиядағы шешім қабылдайтындарды алаңдатпай қоймайды”, – деді Темур Умаров Азаттық радиосына.

Чжан Юся жылдар бойы әлем көшбасшыларымен үнемі кездесіп, АҚШ-қа бірнеше рет сапар шегіп, Азияда Пәкістаннан Вьетнамға дейін түрлі елдердің ресми өкілдерімен байланыс орнатқан. Ол сондай-ақ Ресей-Қытай үкіметаралық әскери-техникалық ынтымақтастық комиссиясының тең төрағасы болып, Мәскеуге бірнеше мәрте барып, жоғары лауазымды шененуніктермен кездескен. Былтыр қарашада Мәскеуге жасаған кейінгі сапарында ол Ресейдің қорғаныс министрі Андрей Белоусовпен жүздескен.

Умаровтың пікірінше, генералдың қызметтен алынуы Қытайдың көршілерімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығына айтарлықтай әсер етпейді. Оның айтуынша, Орталық Азия мен Қытай арасындағы байланыстар қазірдің өзінде “институттық деңгейге” көтерілген. Қауіпсіздік саласындағы өзара әріптестік құқық қорғау органдарынан бастап, қару-жарақ саудасына дейінгі бірнеше бағытты қамтиды.

ТАЙВАНЬМЕН АРАДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА ӘСЕРІ

Бұл тосын өзгерістер Қытайдың Тынық мұхиттағы көршілеріне, әсіресе өзін-өзі басқаратын демократия саналатын Тайваньға да әсер етуі мүмкін. Пекиндегі коммунистік билік Тайваньды өз аумағым деп есептейді.

Сарапшылар Чжан Юсяның қызметтен кетуі Қытайдың әскери дайындығына және Пекиннің Тайваньға қатысты алдағы амбицияларына ықпал етуі мүмкін дейді. Си Цзиньпин аралдың құрлықпен қайта бірігетіні “даусыз” екенін бірнеше рет мәлімдеп, қажет болса күш қолдануға дайынбыз деп сес көрсеткен.

2025 жылдың аяғында Қытай Тайвань маңында кейінгі жылдардағы ең ірі әскери жаттығулардың бірін өткізді. Пекин Тайваньның әуе кеңістігі мен теңіз айдынына ұшақтар мен кемелерді үнемі жіберіп келеді.

Тайваньға тақау Пинтань аралы маңында теңізде жүзіп жүрген Қытай әскери кемесі. 29 желтоқсан, 2025 жыл.

Тайваньға тақау Пинтань аралы маңында теңізде жүзіп жүрген Қытай әскери кемесі. 29 желтоқсан, 2025 жыл.

“Қытай партиясы, үкіметі мен армиясының жоғарғы эшелондарындағы кез келген тосын өзгерісті мұқият бақылауды жалғастырамыз, – деді Тайвань қорғаныс министрі Веллингтон Ку 26 қаңтарда журналистерге. – Кез келген кадрлық ауыс-түйіс біздің қырағылығымызды әлсіретуіне немесе соғысқа дайындық деңгейімізді төмендетуіне жол бермейміз”.

Сингапурдағы Наньян технология университеті жанындағы Раджаратнам атындағы халықаралық зерттеу мектебінде (RSIS) қызмет атқаратын, Пентагонның Азия бойынша бұрынғы стратегі Дрю Томпсон Пекиндегі тазалау науқанының Тайваньға да, аралға өмірлік маңызы бар әскери қолдау көрсетіп отырған АҚШ-қа да салдары тиеді деп есептейді.

“АҚШ-тың тежеу стратегиясы тиімді болуы үшін бізге Си Цзиньпиннің айналасында оған шынайы әрі кәсіби кеңес бере алатын білікті генералдар болғаны қажет”, – деп жазды Томпсон сараптама шолуында.

Оның пікірінше, Қытай басшысының Орталық әскери комиссияны нығайтуы “Си Цзиньпин миллиондаған әскерді бір адамнан тұратын комитет арқылы басқарудан туындайтын операциялық қатерлерге” әкелуі мүмкін.

Томпсонның пікірінше, Қытай лидерінің Орталық әскери комиссиядағы билігін нығайтуы белгілі бір қауіп-қатерге әкелуі мүмкін, өйткені “Си Цзиньпин миллион жауынгері бар армияны бір адамнан ғана тұратын комитет арқылы кеңес алып басқаруға тырысуға мәжбүр болады”.

“Чжан Юсясыз Орталық әскери комиссияда стратегиялық қателіктерге ұрыну қаупі арта түседі”, – деп түйіндеген ол.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Камилла ВАЛИЕВА Коллаж авторы — Тимур Тимаев Шілденің аяғында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді қайта қарауды тапсырды. Қолданыстағы келісімдерді Мәскеу Астанамен 2013 жылы, ал Ташкентпен 2016 жылы жасаған. Қазір бұл құжаттар қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді, әскери мақсаттағы өнімдер алмасуды және технологиялар беруді реттейді. Алайда келісімдерде нақты не өзгеруі мүмкін және Ресей оларды дәл қазір неге қайта қарап жатыр? Әзірге Кремльдің Астана және Ташкентпен жасалған әскери-техникалық келісімдердің нақты қай тұстарын қайта қарастырып жатқаны белгісіз. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Азаттық радиосының сауалына жауап бермеді. Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі құжаттар бойынша жұмыс аяқталғанға дейін олардың мазмұнына түсініктеме бермейтінін мәлімдеді. “Шектеулі түрде таратуға жатпайтын ақпарат жұртқа мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық. Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды: 12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең. Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды. Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: