|  | 

Тұлғалар

Оспан батырға жасалған қастандықтар

Ospan1

 Алланың адал құлдарына деген мүнафихтердің жаласы мен жаулығы ежелден бар.

Тірліктің қиын сынағындағы Оспан батыр да осындай от пен судың ортасында қан кешті. Және де өз ақиқатын өліммен дәлелдеп жауының алдында еңкеймеген күйі кеудесін оққа төседі. Тіпті өлер шағында басқаларға көлеңке боларлық күпір мен ғайбатқа бармастан бар кінәні өзі көтерді.

Кейінгілерге жұмбақ күйінде қалған Әлихан төренің Оспанға жазған бір хаты бар. Онда «Қорқыт өлімнен қанша қашсада құтылмаған, қайда барса да Қорқыттың көрі болған» деген екен делінеді. Біраз шіркіндер бұл хаттың мәнін: «бұл дегендік Қытаймен күресіп жеңіске жетпейсің, бәрі бір олардың тіс-тырнағынан құтыла алмай өлім құшасың. Сондықтан ертерек берілгенің жөн!» деген сөз деп тұспалдайды.

Шын мәнінде, Кеңес одағы 1944-жылы 12-сәуірде өзі құрған Шығыс түркістан республикасын құлату шешімін қабылдаған. 1945-жылғы 11-ақпандағы Ялта (Киремил түбегі) бас қосуынан кейін, Әлихан өз жетекшілігіндегі жас мемлекетті қорғап қалуға кірісті. Осы барыста кезектен тыс құрылтай шақырып, Оспан мен Қалибекті одаққа тартты. Оспан өз өкілі Ләтіп Мұстапаұлын, Қалибек өкілі Қамза Шөмшібайұлын құрылтайға жіберді. Әлихан мен Ләтіп ұзақ сөйлесті. Аталған хат осы жолы Ләтіп арқылы Оспанға жолданды. Оның шын мәнісі: «қызыл өкімет жер дүниені жалмап келеді, Кеңестік қызылдың итпегімен Қытайда сол жолға бейімделді. Оған төтеп беру өте қиын. Сол үшін берілсеңде, берілмесеңде алдыңда өлім күтіп тұр. Олай болса қара тұяқтан хал кеткенше күресіп өлгеніміз дұрыс қой!» деген емеурін еді.

Ол кезде Кеңес одағының елшілігі Үрімжі қаласында болатын. Оның Іле, Алтай, Тарбағатайда бөлімше консулдары бар еді. Құлжа қаласындағы консулдық Әлиханның қыбыр-жыбырын күнде бағып отырды.

Оның үстіне Мәскеуден Сталиндік тәлім алған Ахметжан Қасыми Үрімжідегі Гоминдаң үкіметімен келісім жасауға жіберілгеннен кейін кеңестік «сенарийді» бұза алмай, Гоминдаң өкілі Жаң Жыжұңға бүйрек бұрды. Әлихан қат-қабат қамауға қалғандай жанталасып жатқанда кеңестік қақпан оны өз уысына оңай түсірді. «1946 жылдың 17 маусым күні Құлжадағы Кеңес консулы Әлихан төреге телефон соғып: Қорғас шекарасында Өзбекстанның сол кездегі бірінші секратары Осман Юсұпов күтіп тұр. Сізбен ақылдасатын маңызды мәселелері бар көрінеді. Тез барыңыз, – дейді» («Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» 10 том, 253 бет. Әлімғазы Дәулетхан «Шығыс Түркістан жұмқұриеті және Әлихан төре» мақаласы. «Астана полиграфия» АҚ, Астана 2008). Сөйтіп, Әлихан төрені Жаркент қаласында екі күн ұстап тұрған соң, Алматы арқылы Ташкент қаласына ұшақпен әкетті.

Шығыс Түркістан Республикасы таратылғаннан кейінгі ендігі үлкен жау – Оспан батыр болды.

Әлиханның жасырын қолға алынып, Кеңес Одағына әкетілуімен бірге қалыптасқан Оспанға қарсылық идея бір мезет Ахметжан Қасыми, Әбдікерім Аббасов, Дәлелхан Сүгірбаевты өкіл еткен қызылшыл топтың күресін ықпалды орынға көтергендей көрінді.

Оспан батырдың көзін құрту мақсатында ұйымдастырылған кеңестік қастандықтар Моңғолия арқылы және де Шығыс түркістанның орынын басқан қуыршақ үкімет «Үш аймақ» арқылы іске аса бастады.

Бұл туралы Қожай Доқасұлы «Офицсердің қойын дәптерінен» деген кітабының 120-121-бетінде «1946-жылғы 4-айдың 15-күндері Дәлелхан Сүгірбаевтің бұйрығы бойынша Қобық атты полкінің бір баталион әскерінің көмегінде Оспан қолын құрту соғысын жүргізгендігін» жазды. Аталған еңбекте Қ.Доқасұлы Дәлелхан Сүгірбаевтің бұйрығы арқылы Ертістің Дөрбілжін аталатын керішті жотасының бауырындағы бейуаз халықтың да көп қырғынға ұшырағанын айтады.

Хасан Оралтай өзінің «Елім-айлап өткен өмір» кітабының 46-47-беттерінде «Оспан батырға Моңғолия арқылы Тескенбай, Сағадай, Марқаба, Тотан Хамит ұлы, Тандырбат сынды бас кесерлерді бірінен соң бірін көзін құртуға жібергенін жазған.

Осындай қастандықтар жайында жазылған тарихи деректер мен қариалардың айтуына жүгінсек, Оспан әсте Дәлелхан қолына, немесе ол арқа сүйеген бұрынғы Шығыс Түркістан Республикасы армиясына (қазіргі «Үш аймаққа) тікелей тисіп көрмеген, тек өзін құртқалы келген армияға қорғану мақсатында қарумен жауап беріп отырған. Керісінеше, Оспанды жау көрсету мақсатында қарсы жағы Оспанды «жауыз», «банды», «қауіпті адам» ретінде көрсетуге тырысты.

Осындай ұпай түгендескен тұста кеңестіктер мен Оспанға қарсы өзге де топтар жасырын түрде керейше киінген жасақтар дайындап: «Біз Оспан адамымыз» деп беюаз ауылдарды да тонап шауып, әдейі арандатушылықтар тудырған.

Бұл ғана емес Дәлелхан және оның төңірегіндегілер қазақтар арасында іріткі салып, кейбір елбасыларын Оспанға қарсы қоюға жанын салды. Нәтижесінде, оспан төңірегінде жүрген Уатхан, Қалман, Нәзір тәйжі сынды беделді кісілер Дәлелханның тіліне еріп, Оспанға қарсы іс-әрекеттерге қатысып, онысы әшкереленіп қалды. Тек қана Дәлелханнның тапсырмасымен Оспанды өлтіруге ниетттенген «Ислам» лақамды адамның болғаны да айтылады.

Оспанның қасынды Кеңес одағынан қашып келген Алаш зиялыларының ұрпақтары, қуғындау-тұтқындаудан қашқан ұлт зиялылары, тіпті моңғол, орыс ұлты өкілдеріне дейін болды. Оспан солар арқылы бүкіл халықара жағдайын барлай келіп, кеңестіктердің қылмысын толығынан танып-жетті.

Бір жағынан Моңғолияның, бір жағынан ішкі ағайынның, енді бір жағынын Кеңес Одағының қысымына ұшыраған Оспанның Гоминдаңшылармен одақтасуды талдауы осы кез. Әрі өз талдауын: «Кезінде ортақ мүдде үшін бір-біріне жау болған қара қытай мен қызыл қытай бірлесіп, жапонға қарсы тұрды. Кеңес Одағы да Америкамен бірлесті. Мен уақыт талабы бойынша Гоминдаң шылармен бірігу арқылы АҚШ сияқты сырт елдермен байланысқа шықсам не болыпты?! Бұл менің Кеңес қызылы мен Қытай қызылан сақтануымның бірден-бір жолы! Халқымның мүддесі үшін сайтанмен де дос болуға бармын», – деп түсіндірді.

Бүгінгі шындықтың Оспан жағында екенін ескерсек, Кеңес қуыршағына айналған Шығыс Түркістан үкіметіне қарсы шыққандығын да әбден түсіне аламыз. Кейіннен  Кеңестіктер Шығыс Түркістаннан бет бұрған тұста тәлкекке түскен түркілер тағдырына ашынған Оспан Әлиханның идеясын қуаттай отырып, Шығыс Түркістанды қорғауға жанын салды. Бірақ кеш болды. Досынан жауы көбейді.

1949 жылы қызы үкіметтің қуыршағына айналған бір топ адам ұщақпен бірге күлге айналды.

Оспанның ендігі жауы қызыл қытайларға айналды. Қазақты қазаққа салу сынды ойын тағы да жалғасты.

Жаңадан келген қызылдар Оспанға қарата бірі өз жағына тартуға тырысса, екінші жақтан алдамалай тұру саясатын қолданды. Оны тарпа салуға әркеттенген жоқ.

Шын мәнінде қызылдар мен Оспанның бірігіп кетуі Кеңес Одағын қуаттайтын топтар мен бұрынғы «Шығыс Түркістан республикасының» орнын иелеп отырған «үш аймақшылдарды» қатты алаңдатты. Кеңес Одағының жол-жорық көрсетуіне және оның идеясындағы саяси-әскери топтарға өлердей қарсы болған Оспан батырдың қызылдардың сеніміне бөленуі «жалған төңкерісшілдердің» бет-пердесін айпарадай ашып қана қоймай, олардың жау санаған адамын тарих сахнасына қайта көтеріп шығатын болды. Сыртта АҚШ және Кеңес Одағы өз ұпайларын түгендейтін күштерге қолдау көрсетуге жанталасса, іштегі ымыраға келмес алауыз топтар да бас пайдасын ойлап, бақай қулықпен арпалысқа түсті. Сөйтіп ендігі жерде бағынышты болған Шынжаңдағы жергілікті топтар ішінде қызылдарға кім бұрын жақсы көрініп қалар екен деген қызғаныш пен бақталастық қатарынан өмір сүрген тайталасқан жағдай қалыптасты. Олардың ішінде жақсы көріну ниетіндегі жағатсығандар мен жаулық пиғыл танытып үрке қараушылар да бар еді.

Ерлікпен басталып, өрлікпен жалғасқан ұлт-азаттық қозғалысын «бүлікке» балаған «Үш аймақ» Оспанға бұдан бұрын да шошына қарайтын еді. Бұл туралы «Шыңжаңның үш аймақ төңкерісі тарихы» («Ұлттар» баспасы, 2000 жыл.) атты кітаптың 340-бетінде: «Оспан, Қалибек, Жаужап (моңғол) бүлігі арт-артынан туылғандықтан, үш аймақтың жағдайы күннен-күнге ушығып, мүшкіл халге кіріптар болды. Ұлттық армия әскери күшінің жеткіліксіздігі тұтас үш аймақ үкіметіне ауыр қатер төндірді», – деп жазады.

1949 жылы 14 тамызда Қытай комунистік партиясы өз өкілі Дың Личұнды Мәскеудегі сапарынан Алматы арқылы Құлжаға жіберді. Ол «Үш аймақтағы» қызыл қытайшыл топпен тығыз қарым-қатынаста болып, аз ғана уақыт ішінде Шынжаң жағдайы жөнінде Қытай комунистік партиясы орталығына 85 телеграма жолдаған екен. Демек, дәл осы кезде Кеңес Одағы мен Қытай қызыл партиясының мүлде құпия, ішкі ымыраға келе отырып, «Шынжаң мәселесін» біржола шешкенін анық аңғаруға болады. Осы жылы 27 тамызда «Үш аймақ» басшыларының Кеңес Одағының ұшағына отырып, Иркутси қаласынан өтіп, Байкал көлі маңына барғанда өртеніп күлге айналуы соның бір мысалы. Әрі Оқиғадан 3-4 күн өте сала, яғни 2 қыркүйек күні Үрімжідегі Кеңес елшісінің орынбасары шұғыл түрде Құлжаға барып, Дың Личұнды Үрімжіге аттанып, Бұрхан Шаһидимен бірлікте жұмыс атқаруға шақырып, көндіреді. Демек бұл «үш аймақшылардың» Ахметжан, Ысқақбек, Аббасов, Дәлелхан секілді «көне» басшыларының көзі құртылғаннан кейінгі іш пен сырттың сәйкесе отырып, Шынжаң мәселесін дереу қолға ала бастаған алғашқы әрекеті еді. (Бұл туралы мәліметтерді «Шыңжаңның үш аймақ төңкерісі тарихы» атты кітаптың 419-420 беттерінен табасыз). Ал, ұшақтан құлағандардың өлімі Шынжаң мәселесі бір жағына шыққанша, жасырын ұсталып, қазанның ішінде ғана жұртқа жария болды. Олардың «сүйегі» аталған танығысыз мүрделер 1950 жылдың 15 наурызында ғана Құлжаға жеткізілді. Ендігі жерде  Кеңестіктердің Кеңес ін бұзбайтын, қытай билігіне басы байлаулы «қып-қызыл», жаңа «үш аймақшылар» тарих сахнасына көтерілді. Сөйтіп, қыркүйектің басында «Үш аймақ» жақ Қытай комунистік партиясы орталық комитетінің жол-жорық көрсетуіне негізделіп, Шынжаң мәселесін шешудің көп түрлі жолдарын қарастырып, ҚКП-на жауап хат жазды. Аталған хаттың 6 тармағында: «…Жәнімхан, Қадуан, Оспан, Қалибек т.б көп саяси және әскери қылмыстыларды жазалап, мал-мүлкіне дейін мүсәдралауды» сұрады. («Жұңго Шынжаңның тарихы және қазіргі жағдайы», «Шынжаң» халық баспасы, 2006 ж.Үрімжі 313-314 беттер).

1949 жылы 26 тамызда халық азаттық армиясы Ланжуды басып алды.

Ендігі жерде оларды татуластыруға талпынушылардан гөрі ажыратуға, ара жігін ашуға ұмтылғандар көп болды. «Үш аймақшылардың» бар ниеті Оспанның көзін құрту еді.

Бір қызығы оларды қызылдардан көрі «Шарқи» аталған «үш аймақшылардың» өкшелей қууы көбірек болған көрінеді. Бұл жайында Нұрғожай батыр аталған еңбегінің 165-166 беттерінде бірінші рет: «Біз Сарқамыста отырғанбыз. Үш аймақ атын жамылып, орыс армиясы келіп басты. Олармен аяусыз соғысып, көп адамын қырып тастадық. Қалған әскерлері жеңіліп, Нориға шегініп кетті» десе, енді бірде «Оспан, Жәнімхандар Тақырбастау, Сарбастауға барып орналасты. Бір жұмадан кейін орыстардың жалған Шарқи Түркістан атындағы әскерлері келіп басты», – дегенді айтады. Демек Оспандардың әлі де болса қызылдармен тіл біріктіруінің мүмкіндігінен алаңдаған Кеңес Одағы өз армиясын кіргізіп, «үш аймақшылармен» сәйкесе отырып, қызылдардан бұрын қармануды ойлаған сияқты. Тіпті ол көмекті «үш аймақшылардың» әдейі сұрап алуы да немесе қызылдырдың түртіп салып, білсе де білмеске салып тасада тұруы да әбден мүмкін еді.

Осылайша, онсыз да өрісі отқа оранған Оспанның барар жер басар тауы қалмады, тығырыққа тірелді.

Оспанның шетелге қашу, құтылып кету ойы болған жоқ.

Гансуде отырғанда шетке кететіндер Гас, Темірлік өңірінде отырған елді бетке алып, Тәйжінұр тарапқа, Оспандар Алтайға беталуды мақсат етіп Хайзыға қарай көшеді. Хайзыдан ары Құмыл, Баркөл, Бәйтік, Қаптық арқылы Алтайдың ұлы тауларының кең қойнауына ілініп кетіп, күресті жалғастыруды армандайды. Мүмкін болса коммунизимге жау болып отырған АҚШ, Жапония, Германия елдерінен көмек алсам дегенді де ойлайды.

Бұл Оспанның ешқандай әрі-сәрі болмастан, өз тағдырының шешімін шығарып, соңғы байламға келген кезі еді.

Ер айтқанында тұрды. Тек қана күресіп өлуді қалады. Жастығын ала жатты. Қолды болғаннан кейінгі көп «жарылқауды» да қаламады.

Бүгіндері көзі тірі, Оспанды тергеуга қатысқан, Алматыда тұратын Қалдыбай Қанафин атамыз Оспан туралы өткен күндерді еске алғанда осы жолдардың авторына: «ол шындығында түрікшіл ислам елін құруды армандаған нағыз батыр, ержүрек, бөлекше жаралған жан еді» деп еске алады.

Оспан батыр Сіләмұлы 1951 жылы ақпанның 19 күні қытай қызылдары жағынан қолды болып, 29 сәуірде, дәл бүгінгі күні Үрімжі қаласында пәниден бақиға аттанды. Қастандықтардың құрбандығынан құтыла алмай ерлікпен Шаһит болды.

Жатқан жерің жаннат, топырағың торқа болсын!

Untitled

Жәди Шәкенұлы, жазушы

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

1 пікір

  1. Алаш Азаматы

    Armanda ketken Alashting aristari jandaring jannatta bolsin!aspanda kun sonbeyinxe jerde biz sonbeymiz Armandaringizdi biz orindaymiz,kunderding kuni jaudan kek alip ata konistarimizdi kaytarip alatin bolamiz,bul kulli kazakting armani,jane bul orindaladi,uakit emxi.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: