|  | 

Әдеби әлем

БІР КҮНІ…

Құрметті kerey.kz  ! Сіздерге әңгіме жолдап  отырмын,талап деңгейінен шықса, жарияласаңыздар екен деген тілекпен:

Құмарбек ҚАЛИЕВ

ШығысҚазақстан облысы

Күршім ауданы

 

БІР КҮНІ…

…-Табыс қалай? …-Мәз емес, оны да ай сайын бермейді. Басқа баратын жер жоқ, сонан жүресің осылай, Доха, жарты кірпіш әперіп жіберші, болса

…-Ей, жартыны көбейтіп жібергендерің не, қазір тағы по-колхозному боп шығады анау сияқты …- Фундаменттен кетіп тұрғанын көрмейсің бе, әйтпесе мен білмей тұр деймісің? …-Бұл сендерге Алашыбайдың стайкасы емес халтурить ететін, бұл атаның мәңгілік мекені, дұрыстап істеңдер асықпай

…-Жарайды, сен айтпасаң білмейді екенбіз, қазір қалған қатарлармен түзеледі ғой. Осы темпті ұстасақ, түске дейін бітіп те қаламыз. –Құдай бұйырса де.

– А-а-а, солай екен ғой, жарты күрек сарыбалшық қосыңдаршы, раствор кіріксін.

…-Тасын қайда жасатасың? – Осында, художник Бақберді жасап жүр екен. – е-е, ол профессионал ғой, баяғыда Алматыдан бітірген дейді, ішіңкіреп кетті ғой, әйтпесе, мықты ғой ол …-Әй, солар неге ішпесе жүре алмайды екен, ә, ана жылы музейді сәндеді ғой үшеу, үшеуі де «Қастеевті» бітірген дейді, сонда бір айда бір күн сау жүрген жоқ, қайта ішпесе бастары ауырып жұмыс істемейді, сөйтіп директор апайдың қанын ішті біткенше. –Творчество адамдары солай болады дейді ғой …-И-и-и, қайдағы творчество, алкаш десеңш баяғы. –Сол Баха міне, тағы созып жүр, әйтпесе бүгін басын үйлегенде тасын да қойып жібереміз бе деп едім, оған болмады. –Е, тасы дайын болса орнату қанша дейсің, қайта сол Баханың ауылда жасап жүргеніне құдай де, әйтпесе, бұрын қаладан тасыды емесп пе кісілер. – Енді қайтеді мұқтаж болған соң.  Бәрі қойып жатса, елден қалай ғана қаласың?! Тақтаның размері бағана өзің айтқан ғой – Иә, тастың бәрі бір стандарт екен – Олай болса үш қатардан кейін көлденең белдеуді жабасыңдар, Бека, естідің бе? – Естідік, естідік. Ей, осы сенің ақылыңсыз қалай күн көреді екеміз, ә? …-Соны ұқсаңдар, алладан күндіз-түні ағаларыңның амандығын тілеңдер, мен барда ешкімнен кемдік көрмейсіңдер, Ноха, сен, анда бұрғы бар, соны ал да бір кірпішті тес ортасынан, ай орнатуға. –Осы сенікі неге ылғи да Ноха, Доха, Баха, Бека болып тұрады-ей, аттарын дұрыс айтсаң авторитетің түсе ме? – Ей, сені – Нұрмұхамбет, Доханы – Дөненбай, Баханы – Бақберді деп неше рет қасасам тілім жауыр болмай ма, бір айтқаннан тіл ала қоятын сендер ме?..

-Осы силикат мықты ма, қызыл кірпіш мықты ма? – Оны не қыласың-ей, қаладан коттедж салғалы жүрмісің?!. – Жоқ, мына зираттарды қарашы, бұрынғылары – ылғи қызыл кірпіш те кейінгілері – силикаттан, неге дегенім ғой. Әркім қолына түскенінен салады да, оған неге басыңды ауырттың, одан да растворың жететін болса, андағы жерде Яхон қалсын да, сен шүберек алып қабырғаны ысқылай бер, кепкен соң, лай алынбайды. Алла-ау, бәрін біледі-ей, осынша біліммен бізбен бірге қалай жүрсің, ә? – Он жыл мектепте бұның білгені – «Үшбұрыш – қатаң фигура» деген бір ереже еді, өмір ақылды қылады-ау, сірә… –Өй, өшіп қалдың ғой. Ә, бәсе, үндемейтін бізге ғана мықты екенсің ғой, мыналар бірі қуып, бірі атып еді қайда тығыларыңды білмедің бе, онда анау өзеннен шайынатын екі шелек таза су алып кел, сен  жеткенше бұлар да басылар…

-Мына біздің жақта ғой, марқұмының басын қарапайым ғып үйлейді, көбінде осындай төрт құлақты қоршау, қараңдаршы бәрі солай … – Бәрі солай емес, әне, ағашы да, темірі де, тіпті шымы да бар, әркімнің жағдайы біледі де. – Жоқ, жағдай ғана емес, бұл байқасаң, уақыт диктовать ететін мода деуге бола ма екен, әлде бәсеке ме, әйтеу, осы ескерткіштер қайсысы қай кездікі екені бірден көзге ұрып тқрады, осыдан отыз жылғымен қазіргіні салыстыршы, айырма жер мен көктей, бүгінгі әлдеқайда қымбат та сәнді. – Папам айтқан, развалдың кезінде осында немістер кепті, киноға түсіріп жүр дейді, солар зиратты көргенде «Сіздерде тірілерден өлілер жақсы тұрады екен» – депті. – Менің де жаңа айтпағым сол сияқты болатын, бізде көбіне қарапайым дедім ғой, басқа жақта кейбір зираттар тура мавзолей сияқты екен, соны ғой Тілештің айтып жүргені – «… Сондай күмбездің бірінде үлкен ғып “Тілеш”-деп жазған жазуды көргенде ішіне кіріп өле қалғым келді» – деп. – Мұсылманда сол қате дейді ғой. – Не қате? Тілештің өлгісі келгені ма? – Жоқ, зиратты қымбат тас, темір, бетоннан салған, адамды Алла топырақтан жаратты, топырақ боп тынуы керек екен. – Дұрыс айтасың, сол сияқты мен де естігем, осыдан жиырма жылдай бұрын осында бір үлкен молда ата тұрыпты. Сол кісі ылғи жаңағы сен айтқан сияқты уағыз айтады екен. Көпшілік «рас-ау, молдекеңнің айтқаны – құран сөзі» – деп бас шұлғиды да, артынан молданың айтқанын істемейді, елдің істегенін істейді. Сол ата өзінің басын шымнан үйлеуді тапсырыпты балаларына, олар солай істепті де, осы қорымның бір жерінде болуы керек. – Ал, одан кейінгі жас имам әкесіне күмбез орнатты әне. – Соған қарап бұл шараны да былай деп ешкім кесіп айта алмайтын шығар. Бұрын қайта әр жердің өз заңы бар сияқты еді, қазір бір жердің өзінде әркім ойына келгенін істейтін болып жүр ғой. Тіпті сүйекті күн шыққанша көміп үлгеріп, орынын тегістеп тастайтындар шығыпты. – Ыстапыралла, мынау сұмдық екен, сен осы бізге лапшу не вешаешь случаем, а? – Жоқ, ол рас айтып отыр. Мен де естігем биікте отырған бір ағамыз тура сөйтті деп. – Сонда не боп барамыз-ей, кімге сенеміз, қалай жүреміз, қайда жетеміз? – Сен қиналмай мына көкеңді тыңда: көптен бөлінбе, елдің алдына шықпа, артына қалма. Мен осы айтқанымды құлағыңа құйып ал да толпада меннен көз жазып қалмасаң, сен қиналатын мәселе шешілді де осылай. – Да-а-а, қалай десең де бізде өткен адамды аттандыру қиынның қиыны – Қазақ баяғыда айтты емес пе-«Өлім, қайда барасың? Бардың малын шашуға, жоқтың к…н ашуға» – деп. – Сендер Әлімбектің не айтқанын естіп пе едіңдер? – Е, ол не айтушы еді. – Жоқ, естігеміз жоқ. – Доханың маңдайды шығарғаны ғана қалды ғой, басқаларың болса да біттіңдер, уақыт өтсін, тыңдаңдар. – Ал, құлағымыз сізде. – Әлімбек айтыпты: «Әкем өлді, он баласы болса – он жақты, улап – шулап, тиын – тебендерін алып келгенімен, бәрі бұл жаққа бөтен болып кеткен, әшейін, қонақ сияқты, жөн айтқаннан басқа көмектері жоқ, бар ауырлық өзіме түсті. Жерледім, жетісін, қырқын, жылдығын бердім, басын үйледім, тасын қойдым, мұның моральдық жағын айтпағанда, материальный ущербтің өзі қанша. Осының бәрін есептеп келгенде әкемнің өлмей – ақ қойғаны дұрыс ед» депті. – Во, қалай айтқан!.. – Әй, анау айтады, шайқы емес пе бір жүрген. – Ой, ол шын Мюнхайзен ғой, одан басқа кімнің ойында келеді мұндай сөз, ә?!. – Ендеше, одан әрі тыңдаңдар, анау әкімдікте істейтін Баймолдаев ағайдың жанында сайлау кезінде біраз жүрдім былтыр, сонда оның Әлімбекпен кластаспын дегенін естіген соң, бір реті келгенде осы әңгімені айтып бердім, айтып бердім де өзім шыдамай күліп жәбергенім бар емес пе, қарасам, ағам қабағын түйіп қатты ойланып отыр екен, мен ыңғайсызданып күлкімді тия қоймаймын ба?!. Ана кісі әлден уақыттан барып: «В-о-о-т, дурак – деп басын шайқады да – Сонда ущерб шығады деп әкесі өлмеу керек что ли…-демесі бар ма-Қойшы-ей, осы жерді қиыстырып жоқсың ба?..-Құдайға рас, тура осылай деді – Баяғыда бір қыз жігітпен жаңа танысып отырып «Үйде апайым бар, меннен өткен сорақы»-деп мақтаныпты ғой, мынауың тура соның кері екен де – Ей, жігіттер мен болдым, қарап жіберіңдерші маңдайы қалай шыққанын. …Онда, Бека, ай осында ма, багажникте ме, алып келші, мен соңғы кірпішті қоям қазір, содан кейін айды орнатамыз, сонымен атамыздың басын үйледік дейміз, бұйырса…

- Осы айдың қалай тұрғаны дұрыс? – Қалай тұрғаны не, бет жағы құбылаға қарайды, болды емес пе? – Жоқ, оны айтып тұрғаным жоқ, әне, қарашы ана зираттарға, кейбіреуінің айы алдынан қарағанда «С» әрпі сияқты, кейбіреуі оған – керісінше, қайсысы дұрыс? – Шынында, солай екен-ау, соны бір қарамаппыз ғой. – Кеше мешітке барғанда молдадан сұрап алу керек еді, ойда болмағанын қарашы… – Сен де «Ақсақ қой түстен кейін маңырап», әбден біткенде «…біреуі С сияқты, біреуі С емес сияқты…» – деп… – Енді мен көргенімді айтып тұрмын ғой, дұрыс болсын дегенім де. – Ей, дауласпаңдаршы, әне, Байата су алып келіп қапты, соның білмейтіні жоқ, келсін, сұраймыз. – Ей, ол қашан білмеймін деуші еді, қазір тағы бір өтірікті қиыстырады.

- Түүүһ, екі қолым үзіліп кете жаздады ғой, былай жап-жақын көрінгенмен, өрге қарай таусылып бітпейді екен. Ей, Бекадан басқаларың бітіп қойып, бостан бос отырсыңдар ғой. Мені азаптамай, сол өзенге өздерің барып шайына салсаңдар, хандықтарыңнан таяр ма едіңдер. – Онда қызық болмай кетеді, Бека да бітіп қойған. Бір үлкен сұрақтың шешімін таба алмай, бір айтса осы айтар – деп, ақылгөйімізді тосып жүр бағанадан. – Е, айта бер онда, неменеге аузыңа маржан салып тұрсың? – Айды қалай қоямыз? – Қалай қойғаны несі, бағана айттым емес пе… – Жоқ, былай ма, әлде, былай ма? – Ымм, тоқта,.. ойланайық кішкене. – Әне, айттым ғой жаңа, бұл өмірі білмеймін демейді ғой. – Т-ә-ә-к, атамыз сексеннен асты, тоқсанға таяды, немере-шөберелерін көрді, арманы жоқ, ендеше, «С» ғып қой. – Неге «С»? – Ай туады, одан соң толады, одан кейін кеміп, өшеді. Адамның өмірі де солай. Кеміген ай «С» сияқты. – Мұны сен оқып білдің бе, молдадан естідің бе? – Жоқ, өзім ойладым. – Айттым ғой бәрін біліп тұрады өстіп қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін ұқтырмайды. – Жарайды, Бека, Байекеңнің айтқанымен қой, қате болса, өзі келіп түзетсін. Ал, улап-шулап жүріп ағамыздың мәңгілік тұрағын да үйледік. Құрал-саймандарды мәшінге салдыңдар ғой, қалған материалдарды бір жерге жинаңдар, жетпеген кісілер пайдаланар. Енді шайынып алыңдар, содан кейін атамызға бір дұға бағыштаймыз да қайтамыз, бұйырса… – Байатаң осы, қар жерде власты бірден қолына алады, қалай бағынғаныңды білмей қаласың. – Оған да қабілет керек қой – Мастерство и интеллект не пропьешь дейді ғой, бұл мектептен осылай емес пе…

- Ал, ағамыздың жатқан жері жайлы болсын. Қозғалайық енді…

kerey.kz

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Адамзат кітапқа ғұмыр бойы қарыздар. Кітапсыз келешектің алтын кілтін ешкім қолына мықтап ұстай алмаған. Мардан Рахматулла – кітапқұмар он жеті жасар жігіттің бойында өз қатарластарының бойынан табыла бермейтін ұлы қасиет бар. Ол – кітапқа деген махаббат. Бұл махаббаттың сәт санап артуының да сыры бар. Мардан – Асылы Осман, Дархан Қыдырәлі сынды бүгінгі қазақ руханиятының тірегі саналатын азаматтар туған топырақт туып-өскен. Топырақтың киесін дәл осы кезде еріксіз мойындай түсесің. Қоғамдағы «жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді жоққа шығаруға тырысқан жастардың да саны басым. Күн санап олардың саны артып, кітаптың құдіретін жер-жерде дәлелдеп бағуда. Кітапқа жаны құмар жан бір күнін кітапсыз елестете алмайды. Ғұмыры кітаппен етене байланған, оқу ғұмырының мәніне айналған жастарды

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: